О внесении изменения и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 января 2016 года № 22 "Об утверждении Правил организации работ по подготовке, экспертизе, апробации, изданию и проведению мониторинга учебных изданий и учебно-методических комплексов в военных, специальных учебных заведениях Министерства внутренних дел Республики Казахстан"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 14 августа 2026 года № 574

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 января 2016 года № 22 "Об утверждении Правил организации работ по подготовке, экспертизе, апробации, изданию и проведению мониторинга учебных изданий и учебно-методических комплексов в военных, специальных учебных заведениях Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13135) следующие изменение и дополнения:

      в Правилах организации работ по подготовке, экспертизе, апробации, изданию и проведению мониторинга учебных изданий и учебно-методических комплексов в военных, специальных учебных заведениях, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 дополнить подпунктом 7) следующего содержания:

      "7) материалы тестирования - совокупность стандартизированных тестовых заданий (вопросов, ситуационных задач, кейсов), предназначенных для проведения текущего контроля успеваемости, промежуточной и итоговой аттестации знаний, умений и компетенций обучающихся.";

      пункт 5 дополнить подпунктами 5) и 6) следующего содержания:

      "5) регулярная актуализация содержания с учетом изменений нормативно правовых актов и внедрения деятельности органов внутренних дел;

      6) обеспечение защиты информации, в том числе соблюдение требований информационной безопасности и конфиденциальности при использовании данных с пометкой "Для служебного пользования.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. При принятии кафедрой (циклом) решения о рекомендации учебного издания автор(ы) направляют его в учебно-методический совет (научно-методический и редакционно-издательский) для рассмотрения. Далее для рассмотрения направляется на ученый совет. По результатам ученый совет рекомендует или отказывает в издании и использовании в учебном процессе учебное издание. В процессе рассмотрения учебные издания проверяются на предмет наличия в них заимствований в порядке, установленном приказом начальника учебного заведения.";

      дополнить пунктом 23-1 следующего содержания:

      "23-1. Экспертиза материалов тестирования осуществляет обеспечение соответствия тестовых заданий ГОСО, учебным планам и программам; оценка валидности, надежности и объективности тестов; проверка соответствия заданий заявленным результатам обучения и формируемым компетенциям; исключение методических, логических и содержательных ошибок.

      Экспертизе подлежат:

      1) экзаменационные тесты;

      2) электронные банки тестовых заданий.

      Экспертиза материалов тестирования осуществляется по следующим критериям:

      1) соответствие содержанию дисциплины и учебной программе;

      2) корректность формулировок вопросов и вариантов ответов;

      3) однозначность правильного ответа;

      4) отсутствие устаревших или некорректных норм;

      5) соразмерность уровня сложности;

      6) соответствие тестовых заданий проверяемым компетенциям.";

      2. Департаменту по работе с личным составом Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
генерал-лейтенант полиции
Е. Саденов

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқу басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 22 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 14 тамыздағы № 574 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында оқу басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 22 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13135 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери, арнаулы оқу орындарында оқу басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) тестілеу материалдары - білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, білімдерін, іскерліктері мен құзыреттерін аралық және қорытынды аттестаттауды өткізуге арналған стандартталған тест тапсырмаларының (сұрақтар, ахуалдық міндеттер, кейстер) жиынтығы.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістерді және ішкі істер органдарының қызметін енгізуді ескере отырып, мазмұнды тұрақты өзектендіру;

      6) ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету, оның ішінде "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар деректерді пайдалану кезінде ақпараттық қауіпсіздік және құпиялылық талаптарын сақтау.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Кафедра (цикл) оқу басылымын ұсыну туралы шешім қабылдаған кезде автор (лар) оны қарау үшін оқу-әдістемелік кеңеске (ғылыми-әдістемелік және редакциялық-баспа) жолдайды. Әрі қарай қарау үшін ғылыми кеңеске жолдайды. Ғылыми кеңес нәтижелері бойынша оқу басылымын басып шығаруға және оқу процесінде пайдалануға ұсынады немесе бас тартады. Қарау процесінде оқу басылымдары оқу орны бастығының бұйрығымен белгіленген тәртіпте оларда өзге дереккөздерден алынған материалдардың бар-жоғына тексеріледі.".

      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:

      "23-1. Тестілеу материалдарына сараптама жүргізу тест тапсырмаларының МЖМБС-қа, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкестігін қамтамасыз етуді; тесттердің дұрыстығын, сенімділігі мен объективтілігін бағалауды; тапсырмалардың күтілетін оқу нәтижелеріне және қалыптастырылатын құзыреттерге сәйкестігін тексеруді; әдістемелік, логикалық және мазмұндық қателерді болдырмауды қамтиды.

      Сараптамаға мыналар:

      1) емтихан тесттері;

      2) тест тапсырмаларының электрондық банктері жатады.

      Тестілеу материалдарына сараптама жүргізу мынадай критерийлер:

      1) пән мазмұны мен оқу бағдарламасына сәйкестігі;

      2) сұрақтар мен жауаптар нұсқаларының дұрыс тұжырымдалуы;

      3) дұрыс жауаптың бірегейлігі;

      4) ескірген немесе дұрыс емес нормалардың болмауы;

      5) күрделілік деңгейінің пропорционалдығы;

      6) тест тапсырмаларының тексерілетін құзыреттерге сәйкестігі бойынша жүзеге асырылады.";

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты
Е. Саденов