О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 16 мая 2017 года № 106 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Атырауской области"

Постановление акимата Атырауской области от 14 июля 2025 года № 146

      Акимат Атырауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Атырауской области от 16 мая 2017 года № 106 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Атырауской области" следующие изменения:

      в приложении:

      в Положении о государственном учреждении "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Атырауской области", утвержденное указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Атырауской области (далее - Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере охраны окружающей среды и природопользования.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Задачи:

      реализация государственной экологической политики в области охраны окружающей среды;

      проведение государственной политики в области недропользования и регулирования природопользования;

      организация и обеспечение охраны, защиты, воспроизводства лесов и лесоразведения, регулирование лесопользования на территории государственного лесного фонда, находящегося в их функциональном ведении;

      реализуют государственную политику в области использования и охраны водного фонда;

      осуществление реализации государственной политики в области охраны, воспроизводства и использования животного мира.";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Функции:

      1) участвует в проведении общественных слушаний в рамках государственной экологической экспертизы;

      2) разработка в пределах своей компетенции целевых показателей качества окружающей среды;

      3) выдача экологического разрешения на воздействие для объектов II категории;

      4) организация и проведение государственной экологической экспертизы, осуществляемой местными исполнительными органами областей;

      5) проведение мероприятий по охране окружающей среды на основании и в соответствии с планами мероприятий по охране окружающей среды;

      6) разработка, утверждение и реализация выполнения ежегодных планов мероприятий по профилактике лесных пожаров и борьбе с ними на территории государственного лесного фонда;

      7) организация противопожарной пропаганды, регулярное освещение в средствах массовой информации вопросов о сбережении лесов, выполнении правил пожарной безопасности в лесах;

      8) организация на территории лесного фонда работы по борьбе с вредителями и болезнями леса и улучшения его санитарного состояния;

      9) организация и проведение тендеров по предоставлению лесных ресурсов в долгосрочное лесопользование на участках государственного лесного фонда, находящихся в ведении местного исполнительного органа области, с участием уполномоченного органа и местного представительного органа области;

      10) предоставление лесопользователям участков под объекты строительства на землях государственного лесного фонда, находящихся в их ведении, где лесные ресурсы предоставлены в долгосрочное лесопользование для оздоровительных, рекреационных, историко-культурных, туристских и спортивных целей; нужд охотничьего хозяйства; побочного лесного пользования;

      11) осуществление обязанностей в области охраны и защиты особо охраняемых территорий и растительного мира местного значения;

      12) установление водоохранных зон, полос и режим их хозяйственного использования по согласованию с бассейновыми водными инспекциями;

      13) участие в работе бассейновых советов и в бассейновом соглашении;

      14) организация управления водохозяйственными и гидротехническими сооружениями, находящимися в коммунальной собственности, осуществление мер по поддержанию их в технически исправном состоянии;

      15) организация мероприятий по ликвидации последствий аварий водохозяйственных сооружений;

      16) ведение учета водохозяйственных и гидротехнических сооружений, находящихся в коммунальной собственности, а также бесхозяйных водохозяйственных сооружений, находящихся на территории Атырауской области;

      17) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.".

      2. Государственному учреждению "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Атырауской области" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Атырауской области

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким области С. Шапкенов

Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 мамырдағы № 106 "Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 14 шілдедегі № 146 қаулысы

      Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 мамырдағы № 106 "Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      12-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "12. Міндеттері:

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік экологиялық саясатты іске асырады;

      табиғат пайдалануды реттеу және жер қойнауын пайдалану салаларында мемлекеттiк саясатты жүргізу;

      ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттеу;

      су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.";

      14-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "14. Функциялары:

      1) мемлекеттік экологиялық сараптама шеңберінде қоғамдық тыңдаулар өткізуге қатысады;

      2) өз құзыреті шегінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу;

      3) II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру;

      4) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру;

      5) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының негізінде және соған сәйкес жүргізу;

      6) мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес жөнінде жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту және іске асыру;

      7) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастыру;

      8) орман қоры аумағында орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес және оның санитарлық жай-күйін жақсарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      9) уәкілетті органның және облыстың жергілікті өкілді органының қатысуымен облыстың жергілікті атқарушы органының функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендерлерді ұйымдастыру және өткізу;

      10) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру;

      11) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын аумақтар мен өсімдіктер дүниесін күзету және қорғау саласындағы міндеттерді жүзеге асыру;

      12) бассейндік су инспекцияларымен келісу бойынша су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу;

      13) бассейндік кеңестер жұмысы мен бассейндік келісімге қатысу;

      14) коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды басқаруды ұйымдастырады, оларды техникалық жарамды күйде ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      15) су шаруашылығы құрылыстарындағы авариялардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

      16) коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, сондай-ақ Атырау облысы аумағында иесіз қалған су шаруашылығы құрылысжайларын есепке алуды жүргізу;

      17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.".

      2. "Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов