О внесении дополнений в постановление акимата Карасуского района от 15 июня 2023 года № 144 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта акимата Карасуского района"

Постановление акимата Карасуского района Костанайской области от 15 декабря 2025 года № 213

      Акимат Карасуского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Карасуского района "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта акимата Карасуского района" от 15 июня 2023 года № 144 следующие дополнения:

      в Положении о государственном учреждении "Отдел физической культуры и спорта акимата Карасуского района", утвержденном указанным постановлением:

      пункт 16 дополнить подпунктами 9), 10), 11), 12) следующего содержания:

      "9) принимает меры по использованию во внеурочное и вечернее время спортивных сооружений организаций образования в целях обеспечения работы спортивных секций для населения и проведения спортивных мероприятий;

      10) утверждает государственный спортивный заказ на финансирование спортивных секций для детей и юношества в пределах объемов бюджетных средств;

      11) обеспечивает размещение государственного спортивного заказа в спортивных секциях для детей и юношества независимо от форм собственности поставщиков услуг государственного спортивного заказа, их ведомственной подчиненности, типов и видов

      12) обеспечивает исполнение всех этапов и процедур размещения, контроля качества и целевого освоения государственного спортивного заказа в электронном и общедоступном форматах.".

      2. Государственному учреждению "Отдел физической культуры и спорта акимата Карасуского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) извещение органов юстиции о внесенных изменениях в вышеуказанное Положение;

      2) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Костанайской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Карасуского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Карасуского района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Карасуского района К. Оспанов

Қарасу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 144 "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 213 қаулысы

      Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарасу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 144 "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      16 тармақ келесі мазмұндағы 9), 10), 11), 12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9) тұрғындар үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шараларды өткізу мақсатында сабақтан тыс және кешкі уақытта білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын пайдалану жөнінде шаралар қабылдайды;

      10) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын қаржыландыруға арналған мемлекеттік спорттық тапсырысты бекітеді;

      11) мемлекеттік спорттық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

      12) мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастырудың, сапаны бақылаудың және нысаналы игерудің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді.".

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер туралы әділет органдарын хабардар етуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі К. Оспанов