О внесении изменений и дополнений в решение Шахтинского городского маслихата Карагандинской области от 26 декабря 2024 года № 385/16 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Шахтинского городского маслихата Карагандинской области от 14 июля 2025 года № 434/21

      Шахтинский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Шахтинского городского маслихата от 26 декабря 2024 года № 385/16 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6697-09) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      подпункт 2) пункта 2 изложить в новой редакции:

      "2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима города Шахтинска, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан;";

      пункт 5 дополнить подпунктом 9) следующего содержания:

      "9) 16 декабря –День независимости Республики Казахстан.";

      пункт 7 подпункт 2) дополнить абзацем следующего содержания:

      "многодетным матерям награжденным подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа", или получившим ранее звание "Мать – героиня", награжденным орденами "Материнская слава" I и II степени, а также многодетным семьям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего и (или) послевузовского образования, после достижения ими совершеннолетия до времени окончания организаций образования (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста.";

      подпункт 8) пункта 7 изложить в новой редакции:

      "8) второе воскресенье октября – День защиты прав лиц с инвалидностью:

      лицам с инвалидностью первой, второй, третьей групп;

      детям с инвалидностью до восемнадцати лет.

      Сроки обращения за социальной помощью:

      при наступлении стихийного бедствия или пожара -не позднее шести месяцев с момента наступления стихийного бедствия или пожара;

      освобождение из мест лишения свободы, нахождение на учете службы пробации – не позднее шести месяцев со дня наступления трудной жизненной ситуации.

      Предельный размер социальной помощи составляет 400 000 (четыреста тысяч) тенге.";

      подпункт 4) пункта 9 изложить в новой редакции:

      "4) социальная помощь без учета доходов 1 (один) раз в год предоставляется ветеранам в соответствии с пунктом 1 статьи 3 Закона Республики Казахстан "О ветеранах" на возмещение затрат на санаторно-курортное лечение не более 14 дней один раз в год, но не более гарантированной суммы санаторно-курортного лечения, установленной для лиц с инвалидностью. Социальная помощь на санаторно-курортное лечение ветеранам с инвалидностью, которым разработана индивидуальная программа абилитации и реабилитации (ИПАР) на санаторно-курортное лечение, не выплачивается.";

      пункт 7 дополнить подпунктом 9) следующего содержания:

      "9) 16 декабря –День независимости Республики Казахстан:

      многодетным матерям награжденным подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа", или получившим ранее звание "Мать – героиня", награжденным орденами "Материнская слава" I и II степени, а также многодетным семьям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях среднего, технического и профессионального, послесреднего, высшего и (или) послевузовского образования, после достижения ими совершеннолетия до времени окончания организаций образования (но не более чем до достижения двадцатитрехлетнего возраста);

      детям с инвалидностью до восемнадцати лет;

      жертвам политических репрессий из числа участников событий 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, реабилитированным в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О реабилитации жертв массовых политических репрессий.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Шахтинского городского маслихата Ж. Мамерханова

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 385/16 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 14 шілдедегі № 434/21 шешімі

      Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 385/16 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697-09 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Шахтинск қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) 16 желтоқсан -Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.";

      7-тармақ 2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, сондай-ақ көп балалы отбасылар – төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасыларға;";

      7-тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "8) қазан айының екінші жексенбісі - Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні:

      бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға.

      Әлеуметтiк көмекке өтiнiш бiлдiру мерзiмдерi:

      дүлей апаттың немесе өрттің басталған кезде - дүлей апаттың немесе өрттің басталған кезден алты айдан кешіктірмей;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінің есебінде болу-өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірмей.

      Азаматтарға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 400 000 (төрт жүз мың) теңгені құрайды.";

      9-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 1-тармағына сәйкес ардагерлерге жылына бір рет 14 күннен аспайтын, бірақ мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген санаторийлік-курорттық емдеудің кепілдік берілген сомасынан аспайтын санаторийлік-курорттық емдеуге арналған шығындарды өтеуге ардагерлерге табыстарын есепке алмай жылына 1 (бір) рет әлеуметтік көмек көрсетіледі. Санаторийлік-курорттық емделуге жеке абилитация және оңалту бағдарламасы (АОБ) әзірленген мүгедектігі бар ардагерлерге санаторийлік-курорттық емделуге әлеуметтік көмек төленбейді.";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) 16 желтоқсан -Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға, сондай-ақ көп балалы отбасылар – төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасыларға;

      он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғалар ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы Ж. Мамерханова