Об утверждении Правил общего водопользования на водных объектах Актюбинской области

Решение Актюбинского областного маслихата от 27 августа 2025 года № 247

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 26 Водного Кодекса Республики Казахстан Актюбинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила общего водопользования на водных объектах Актюбинской области.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель областного маслихата Г. Суентаева

  Приложение к решению
Актюбинского областного
маслихата от 27 августа 2025
года № 247

Правила общего водопользования на водных объектах Актюбинской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила общего водопользования на водных объектах Актюбинской области (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 26 Водного кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и приказом исполняющего обязанности Министра водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан от 11 июля 2025 года № 171-НҚ "Об утверждении Типовых правил общего водопользования" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 36443) и определяют порядок осуществления физическими лицами общего водопользования на территории Актюбинской области на водных объектах общего пользования.

      2. Общее водопользование осуществляется физическими лицами для удовлетворения личных потребностей в рекреации, туризме, любительском (спортивном) рыболовстве и иных формах досуга, не связанных с осуществлением хозяйственной или предпринимательской деятельности, а также водопоя сельскохозяйственных животных на пастбищах.

      3. Специального разрешения для осуществления общего водопользования не требуется.

      4. Пользование водными объектами при общем водопользовании осуществляется в рамках публичного водного сервитута, являющегося неотъемлемой частью водного объекта.

Глава 2. Порядок общего водопользования

      5. Местные исполнительные органы для реализации физическими лицами права общего водопользования:

      1) обеспечивают беспрепятственный доступ к водным объектам;

      2) определяют места для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах общего водопользования;

      3 )определяют участки рыбохозяйственных водных объектов и (или) участков и прилегающей береговой полосы для осуществления любительского (спортивного) рыболовства;

      4) обеспечивают информирование населения об установленных ограничениях и запретах общего водопользования.

      6. При отсутствии прямого доступа к водному объекту, местными исполнительными органами устанавливается публичный сервитут в соответствии со статьей 69 Земельного кодекса Республики Казахстан.

      7. Информация об ограничениях или запретах подлежит опубликованию в средствах массовой информации, на интернет-ресурсе государственных органов и должна быть доступной к ознакомлению путем установления специальных информационных знаков вдоль берегов водных объектов.

      8. Использование водных объектов для водопоя сельскохозяйственных животных допускается вне зоны санитарной охраны и при наличии водопойных площадок и других устройств, предотвращающих загрязнение и засорение водных объектов.

      9. На рыбохозяйственных водных объектах любительское (спортивное) рыболовство организовывается физическими и (или) юридическими лицами, которым предоставлено право ведения озерно-товарной хозяйственной деятельности на данном водном объекте.

      10. При использовании водных объектов общего водопользования не допускаются:

      1) самовольная установка ограждений, шлагбаумов, запретительных знаков, иных средств ограничения доступа физических лиц к водным объектам;

      2) загрязнение и засорение водного объекта;

      3) мытье транспорта, стирка белья и купание животных в местах, предназначенных для купания;

      4) купание в местах, где выставлены специальные информационные знаки с предупреждающими или запрещающими надписями;

      5) самовольное снятие, повреждение или уничтожение специальных информационных знаков;

      6) хранение на территории горюче-смазочных материалов;

      7) осуществление заправки топливом, мойки и ремонта транспорта;

      8) оставлять на водных объектах и в непосредственной близости от них несовершеннолетних детей без присмотра взрослых.

Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылғы 27 тамыздағы № 247 шешімі

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың төрағасы Г. Сүйінтаева

  Ақтөбе облыстық мәслихатының
2025 жылғы 27 тамыздағы
№ 247 шешіміне қосымша

Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың Қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақтөбе облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және "Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 36443 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Ақтөбе облысының аумағында ортақ пайдаланылатын су объектілерінде жеке тұлғалардың ортақ су пайдалануды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Ортақ су пайдалануды жеке тұлғалар рекреацияға, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес бос уақыттың өзге де нысандарына, сондай-ақ жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға деген жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырады.

      3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

      4. Ортақ су пайдалану кезінде су объектілерін пайдалану су объектісінің ажырамас бөлігі болып табылатын жария су сервитуты шеңберінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Ортақ су пайдалану тәртібі

      5. Жергілікті атқарушы органдар жеке тұлғалардың ортақ су пайдалану құқығын жүзеге асыру мақсатында:

      1) су обьектілеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етеді;

      2) ортақ су пайдалану су объектілерінде жаппай демалуға, туризмге және спортқа арналған орындарды айқындайды;

      3) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су объектілерінің және (немесе) учаскелерінің және іргелес жағалау белдеуінің учаскелерін айқындайды;

      4) халыққа ортақ су пайдалану бойынша орнатылған шектеулер мен тыйымдар туралы хабарлауды қамтамасыз етеді.

      6. Су объектісіне тікелей қолжетімділік болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қоғамдық сервитут орнатады.

      7. Шектеулер немесе тыйымдар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялануға жатады және су объектілерінің жағалауында арнайы ақпараттық белгілер орнату арқылы танысуға қолжетімді болуға тиіс.

      8. Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін су объектілерін пайдалану санитарлық қорғау аймағынан тыс жерде және суару алаңдары мен су объектілерін ластау мен кірлетудің алдын алатын басқа да құралдар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

      9. Балық шаруашылығы су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, аталмыш су объектісінде көл-тауар шаруашылығын жүргізу құқығы берілген тұлғаларға ұйымдастырылады.

      10. Ортақ су пайдалану объектілерін пайдалану кезінде мыналарға жол берілмейді:

      1) су объектілеріне жеке тұлғалардың қолжетімділігін шектейтін қоршауларды, шлагбаумдарды, тыйым салатын белгілерді және басқа да құралдарды өздігінен орнату;

      2) су объектілерін ластау және қоқыстану;

      3) шомылуға арналған жерлерде көлікті жуу, киім жуу және жануарларды шомылдыру;

      4) арнайы ақпараттық белгілер орнатылған, ескерту немесе тыйым салу жазулары бар жерлерде шомылу;

      5) арнайы ақпараттық белгілерді өздігінен алып тастау, зақымдау немесе жою;

      6) жанармай және майлау материалдарын сақтау;

      7) көлікті жанармаймен қамтамасыз ету, жуу және жөндеу жұмыстарын жүргізу;

      8) су объектілерінде және олардың жанында кәмелетке толмаған балаларды ересектерсіз қалдыру.