Об утверждении Правил установления стоимости государственного задания

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 27 июня 2025 года № 744

      В соответствии с пунктом 4 статьи 16 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила установления стоимости государственного задания.

      2. Департаменту военного образования и науки Министерства обороны Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) направление настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан в электронном виде в течение пяти рабочих дней со дня его подписания на казахском и русском языках в соответствии с требованиями пункта 10 Правил ведения Государственного реестра нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан, утвержденных приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 11 июля 2023 года № 472 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33059);

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении подпунктов 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра обороны Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до заинтересованных должностных лиц и структурных подразделений.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
генерал-лейтенант авиации
Д. Косанов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министра обороны
Республики Казахстан
от 27 июня 2025 года № 744

Правила установления стоимости государственного задания

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установления стоимости государственного задания разработаны в соответствии с пунктом 4 статьи 16 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и устанавливают порядок определения стоимости государственного задания Министерства обороны Республики Казахстан (далее – МО РК) и его подведомственных организаций.

      2. В настоящих Правилах используется следующее основное понятие:

      1) государственное задание – заказ субъектам квазигосударственного сектора с участием государства в уставном капитале и иным юридическим лицам (далее - исполнитель), определяемым Правительством Республики Казахстан, на оказание отдельных государственных услуг и выполнение других задач.

Глава 2. Порядок определения стоимости государственного задания

      3. При определении стоимости государственного задания учитываются прямые и косвенные расходы исполнителя, подтвержденные обосновывающими документами, которые указаны в расчете стоимости услуг в пункте 5 настоящих Правил.

      4. К прямым расходам относятся расходы исполнителя, непосредственно связанные с проведением государственного задания.

      К косвенным расходам относятся расходы, необходимые для обеспечения деятельности исполнителя в целом, но не используемые непосредственно в процессе проведения выполнения государственного задания.

      5. Стоимость работ и услуг определяется по следующей формуле:

      Р всего = Рп + Рк

      где,

      Р всего – расходы на проведение выполнения государственного задания;

      Рп – прямые расходы;

      Рк – косвенные расходы.

      6. При формировании бюджетной заявки для выполнения государственного задания каждая статья расходов подтверждается обосновывающими документами (штатное расписание исполнителя, расчеты, копии договоров, ценовые предложения не менее трех).

      7. При определении стоимости товаров необходимых для выполнения государственного задания используется средняя цена с веб-портала государственных закупок Республики Казахстан.

      8. Стоимость государственного задания МО РК и его подведомственных организаций определяется следующими расходами:

      1) оплата труда работникам (должностной оклад, доплаты, надбавки, выплаты, компенсации), непосредственно осуществляющим государственное задание, в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", утвержденным штатным расписанием исполнителя государственного задания;

      2) командировочные расходы внутри и за пределы страны;

      3) расходы на приобретение товаров и материалов (расходные материалы, запасные инструменты и принадлежности, специальная одежда, специальная обувь, средства индивидуальной и коллективной защиты, санитарно-бытовые устройства, вспомогательные материалы и товарно-материальные запасы, комплектующие, канцелярские товары);

      4) расходы на приобретение основных средств;

      5) коммунальные услуги (холодная вода, горячая вода, питьевая вода, техническая вода, морская вода, дистиллят глубокой очистки, невозврат конденсата, газ, электрическая энергия, отопление, канализация, вентиляция и тепловая энергия с паром);

      6) услуги связи (городские телефонные номера, междугородние переговоры, услуги доступа к сети интернет, услуги спутниковой связи, прочие виды связи);

      7) горюче-смазочные материалы;

      8) текущий ремонт зданий, сооружений и оборудования;

      9) расходы на проведение обязательных медицинских осмотров персонала, работающего с вредными и (или) опасными веществами и производственными факторами;

      10) расходы на медицинское обслуживание работников на удаленных объектах;

      11) прочие расходы (расходы на обязательное страхование работника от несчастных случаев при исполнении им трудовых (служебных) обязанностей, обязательное страхование гражданско-правовой ответственности владельцев объектов, деятельность которых связана с опасностью причинения вреда третьим лицам, аренда помещений для сейсмооборудования и др. расходы);

      12) налоги и другие обязательные платежи в бюджет;

      13) налог на добавленную стоимость на общую стоимость расходов.

      9. Расходы обосновываются и подтверждаются документами (расчетами, ценовыми (коммерческими) предложениями не менее трех либо договорами, информацией о фактическом наличии основных средств, годах выпуска и износа, дефектным актом и сметной документацией по текущему ремонту за текущий финансовый год).

Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 744 бұйрығы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 16-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты
Д. Қосанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы 27 маусымдағы
№ 744 бұйрықпен
бекітілген

Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидалары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 16-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҚМ) және оған ведомстволық бағынысты ұйымдар мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:

      1) мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де заңды тұлғаларға (бұдан әрі – орындаушы) жеке мемлекеттік қызметтер көрсетуге және басқа да міндеттерді орындауға берілетін тапсырыс.

2-тарау. Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі

      3. Мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау кезінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілетін қызмет құнының есебінде көрсетілген негіздеуші құжаттармен расталған орындаушының тікелей және жанама шығысы ескеріледі.

      4. Тікелей шығысқа мемлекеттік тапсырманы орындауға тікелей байланысты орындаушының шығысы жатады.

      Жанама шығысқа жалпы орындаушының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, бірақ мемлекеттік тапсырманы орындау процесінде тікелей пайдаланылмайтын шығыс жатады.

      5. Жұмыс пен көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      Ш барлығы = Тш + Жш

      мұнда

      Ш барлығы – мемлекеттік тапсырманы орындауға шығыс;

      Тш– тікелей шығыс;

      Жш– жанама шығыс.

      6. Мемлекеттік тапсырманы орындау үшін бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде шығыстың әрбір құжаты негіздеуші құжаттармен (орындаушының штат кестесі, есеп айырысу, шарттардың көшірмесі, кемінде үш баға ұсынысы) расталады.

      7. Мемлекеттік тапсырманы орындау үшін қажетті тауарлардың құнын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алуы веб-порталындағы орташа баға пайдаланылады.

      8. ҚР ҚМ және оған ведомстволық бағынысты ұйымдар мемлекеттік тапсырмасының құны мынадай шығыспен айқындалады:

      1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, мемлекеттік тапсырманы орындаушының бекітілген штат кестесіне сәйкес мемлекеттік тапсырманы тікелей жүзеге асыратын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу (лауазымдық айлықақы, қосымша ақы, үстемеақы, төлем, өтемақы);

      2) ел ішіндегі және одан тысқары жердегі іссапар шығысы;

      3) тауарлар мен материалды (шығыс материалы, қосалқы құрал мен керек-жарақ, арнайы киім, арнайы аяқ киім, жеке және ұжымдық қорғану құралдары, санитариялық-тұрмыстық құрылғы, қосалқы материал мен тауар-материалдық қор, жиынтықтаушы, кеңсе тауарлары) сатып алуға шығыс;

      4) негізгі құралдарды сатып алуға шығыс;

      5) коммуналдық көрсетілетін қызметтер (суық су, ыстық су, ауызсу, техникалық су, теңіз суы, толық тазартылған дистиллят, қайтарылмайтын конденсат, газ, электр энергиясы, жылу, кәріз, желдету және буы бар жылу энергиясы);

      6) байланыс бойынша көрсетілетін қызмет (қалалық телефон нөмірі, қалааралық сөйлесу, интернет желісіне қолжетімділік бойынша көрсетілетін қызмет, спутниктік байланыс бойынша көрсетілетін қызмет, байланыстың басқа да түрлері);

      7) жанар-жағармай материалы;

      8) ғимараттарды, құрылысжай мен жабдықты ағымдағы жөндеу;

      9) зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмыс істейтін персоналды міндетті медициналық тексеруден өткізуге шығыс;

      10) шалғайдағы объектілерде қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуге шығыс;

      11) басқа да шығыс (қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде оны жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруға, қызметі үшінші тұлғаларға залал келтіру қатеріне байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға шығыс, сейсмикалық жабдық үшін үй-жайларды жалға алу және басқа да шығыс);

      12) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем;

      13) жалпы шығыс құнына қосылған құн салығы.

      9. Шығыс құжаттармен (есеппен, кемінде үш баға (коммерциялық) ұсынысымен не шартпен, негізгі қаражаттың нақты бар болуы, шығарылған және тозған жылдары туралы ақпаратпен, ақау туралы актімен және ағымдағы қаржы жылындағы ағымдағы жөндеу бойынша сметалық құжаттамамен) негізделеді және расталады.