1-бап. "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 3-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2), 64) және 65) тармақшалармен толықтырылсын:
"14-1) жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, тараптарының бірі жеке тұлға болатын мәміле шеңберінде Интернет желісінің ресурстары пайдаланылып, электрондық сауда алаңдарында жеке тұлғаларға өткізуге арналған тауарлар. Жеке тұлғалар арасындағы мәміле көрсетілген мәмілеге жатпайды;
14-2) жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары – Интернет желісі ресурстары пайдаланыла отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын (уақытша болатын) жеке тұлға мен шетелдік тұлға арасындағы мәміле не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын (уақытша болатын) жеке тұлға мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы арасындағы мәміле шеңберінде электрондық сауда алаңдарында жеке тұлғалар сатып алған, осындай тауарларды алушылар болып табылатын жеке тұлғалардың атына Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізілетін немесе тасымалдаушы өткізетін тауарлар. Жеке тұлғалар арасындағы мәміле көрсетілген мәмілеге жатпайды;";
"64) электрондық сауда тауарлары – жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары және жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары;
65) электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж – жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге байланысты Қазақстан Республикасының кеден органдары алатын міндетті төлем.";
2) 8-баптың 4-тармағы "тауарлар" деген сөзден кейін ", жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 24-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы "сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне" деген сөздер "уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне, сондай-ақ электрондық сауда операторларының тізіліміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 33-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "және 45-тарауларына" деген сөздер ", 45 және 45-1-тарауларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "және 45-тарауларына" деген сөздер ", 45 және 45-1-тарауларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 56-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "39-тарауына" деген сөздер "39 және 45-1-тарауларына (жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты)" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 65-бапта:
6-тармақтың екінші бөлігіндегі "және 392-бабының 3-тармағында" деген сөздер ", 392-бабының 3-тармағында және 392-6-бабының 17-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақ "тауарларға" деген сөзден кейін ", жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына" деген сөздермен толықтырылсын;
7) 74-бапта:
1-тармақ 5) тармақшасындағы "алымдар жатады." деген сөздер "алымдар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж жатады.";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты электрондық сауда тауарларына қатысты – кедендік баж және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар төленуге тиіс.
Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж осы Кодекстің 45-1-тарауына сәйкес төленуге тиіс.
Осы тараудың және осы Кодекстің 8, 9, 10, 11 және 12-тарауларының ережелері осы Кодекстің 45-1-тарауында көзделген жағдайларда қолданылады.";
8) 83-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы "және 392-бабының 3-тармағында" деген сөздер ", 392-бабының 3-тармағында және 392-6-бабының 17-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ "декларацияда," деген сөзден кейін "электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда," деген сөздермен толықтырылсын;
9) 84-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі "қоспағанда," деген сөзден кейін "осы Кодекстің 392-7-бабының 4-тармағы ескеріле отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
10) 85-бапта:
1-тармақтағы "және 392-баптарына" деген сөздер ", 392-баптарына, 392-6-бабының 14-тармағына және 392-7-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "және 392-баптарына" деген сөздер ", 392-баптарына, 392-6-бабының 15-тармағына және 392-7-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 86-баптың 9-тармағының 1) тармақшасы "декларацияда" деген сөзден кейін ", осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кедендік рәсіммен орналастырылатын, бір жеке тұлға алушысы болып табылатын, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты электрондық сауда тауарларына арналған бір декларацияда" деген сөздермен толықтырылсын;
12) 90-баптың 1-тармағындағы "және 392-баптарына" деген сөздер ", 392-баптарына, 392-6-бабының 17-тармағына және 392-7-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 91-баптың 3-тармағындағы "Кедендік" деген сөз "Осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған кезде осындай кедендік рәсіммен орналастырылатын, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын қоспағанда, кедендік" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 109-баптың 2-тармағы "декларацияда" деген сөзден кейін "немесе электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда" деген сөздермен толықтырылсын;
15) 135-баптың 4-тармағы "қатысты" деген сөзден кейін ", сондай-ақ жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты" деген сөздермен толықтырылсын;
16) 136-бапта:
1-тармақтағы "және 378-баптарына" деген сөздер ", 378-баптарына, 392-6-бабының 14-тармағына және 392-7-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы "және 378-баптарында" деген сөздер ", 378-баптарында, 392-6-бабының 15-тармағында және 392-7-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 137-баптың 9-тармағының 1) тармақшасы "бір декларацияда" деген сөздерден кейін ", осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кедендік рәсіммен орналастырылатын, бір жеке тұлға алушысы болып табылатын, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты электрондық сауда тауарларына арналған бір декларацияда" деген сөздермен толықтырылсын;
18) 138-баптың 1-тармағындағы "және 378-баптарына" деген сөздер ", 378-баптарына, 392-6-бабының 17-тармағына және 392-7-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 141-баптың 14-тармағы "декларацияда" деген сөзден кейін "немесе электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда" деген сөздермен толықтырылсын;
20) 148-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың екінші бөлігінің ережелері жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операцияларды осындай тауарлардың декларанты жасаған жағдайда қолданылмайды.";
21) 149-баптың 4-тармағындағы "және 364-бабының 8-тармағында" деген сөздер ", 364-бабының 8-тармағында және 392-4-бабының 1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 150-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Осы баптың 2-тармағының ережелері осы Кодекстің 528-7-бабының 3 және 4-тармақтарының ережелері ескеріле отырып қолданылады.";
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Декларант осы баптың 2-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, кедендік декларацияда анық емес мәліметтерді мәлімдегені үшін, сондай-ақ кеден өкіліне жарамсыз, оның ішінде қолдан жасалған және (немесе) көрінеу анық емес (жалған) мәліметтер қамтылған құжаттарды ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады, бұған:
1) осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген;
2) осы Кодекстің 528-7-бабының 5-тармағына сәйкес электрондық сауда операторы осындай жауапты болатын жағдайлар жатпайды.";
23) 158-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында:
"көшірмесін," деген сөзден кейін "электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны немесе оның көшірмесін," деген сөздермен толықтырылсын;
"осындай декларация немесе транзиттік декларация" деген сөздер "осындай декларация, электрондық сауда тауарларына арналған декларация немесе транзиттік декларация," деген сөздермен ауыстырылсын;
"тауарларға арналған декларация" деген сөздерден кейін ", электрондық сауда тауарларына арналған декларация" деген сөздермен толықтырылсын;
24) 175-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "және 364-бабының 2-тармағында" деген сөздер ", 364-бабының 2-тармағында және 392-2-бабының 2-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 3) тармақшасындағы "халықаралық" деген сөз "жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын қоспағанда, халықаралық" деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 176-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) электрондық сауда тауарларына арналған декларация.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Электрондық сауда тауарларына арналған декларация осы Кодекстің 392-4-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау кезінде пайдаланылады.";
26) 179-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
"15) осы Кодекстің 392-10-бабында көрсетілген, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының мәлімделген құнын растайтын құжаттар.";
27) 180-бапта:
10-тармақ "декларацияда" деген сөзден кейін "не электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Осы Кодекстің 175-бабының 5-тармағына сәйкес электрондық сауда тауарларына арналған декларация қағаз жеткізгіште берілетін (кеден органына электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны беретін тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттарды ұсынумен бірге жүретін) жағдайды қоспағанда, электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны беру кеден органына онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынумен бірге жүрмейді.";
28) 182-баптың 3-тармағы "Тауарларға арналған декларацияны," деген сөздерден кейін "электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны," деген сөздермен толықтырылсын;
29) 183-баптың 6-тармағының бірінші және үшінші бөліктеріндегі "және көлік құралына арналған декларацияда" деген сөздер ", көлік құралына арналған декларацияда және электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда" деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 185-баптың 9-тармағы "тауарларды," деген сөзден кейін "электрондық сауда тауарларын," деген сөздермен толықтырылсын;
31) 192-бапта:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда жеке тұлғалар сатып алған екі және одан көп электрондық сауда тауарлары туралы мәліметтер мәлімделген жағдайда, кеден органы осы Кодекстің 392-5-бабының 1-тармағында көзделген шығару шарттары сақталған электрондық сауда тауарларын шығаруды жүргізеді.
Тасымалдаушы жеткізетін бір жөнелтілімде (бір жеке жүкқұжат бойынша) немесе бір халықаралық пошта жөнелтілімінде бірнеше электрондық сауда тауарлары өткізілген жағдайда, егер осы Кодекстің 392-5-бабының 1-тармағында көзделген шығару шарттары тиісті жөнелтілімдегі барлық тауарға қатысты сақталса, осы тармақтың ережелері қолданылады.";
"құралдары мен керек-жарақтарға" деген сөздер "құралдарына, керек-жарақтарға және жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және 41-тарауларында" деген сөздер ", 41-тарауларында және 392-5-бабында" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 193-бабының 9-тармағындағы "немесе кеден өкіліне" деген сөздер ", кеден өкіліне немесе электрондық сауда операторына" деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 216-бап мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:
"18. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мақсатында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты қолданылмайды.
Осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мақсатында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 392-7-бабына сәйкес туындайды, тоқтатылады және орындалуға тиіс.";
34) 235-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кеден қоймасы кедендік рәсімі осы Кодекстің 392-6-бабында айқындалған ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.";
35) 236-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында:
"ал осы Кодекстің" деген сөздер "осы Кодекстің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"орындарға" деген сөзден кейін ", жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларының – осы Кодекстің 528-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, осындай тауарлардың декларанты болып табылатын электрондық сауда операторының құрылысжайларында, үй-жайларында (үй-жайларының бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарында (ашық алаңдарының бөліктерінде)" деген сөздермен толықтырылсын;
36) 237-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі ", ал кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары осы Кодекстің 392-6-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес осындай кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау үшін қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастырылуға тиіс" деген сөздермен толықтырылсын;
37) 241-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Электрондық сауда тауарларына қатысты кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысы осы Кодекстің 392-6-бабына сәйкес аяқталады және тоқтатылады.";
38) 242-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. Осы баптың ережелері кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты қолданылмайды.
Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 392-6-бабының 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес туындайды, тоқтатылады және орындалуға тиіс.";
39) 339-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
"10. Осы тараудың ережелері электрондық сауда тауарларына қатысты қолданылмайды.
Электрондық сауда тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері осы Кодекстің 45-1-тарауында айқындалған.";
40) 45-1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"45-1-тарау. Электрондық сауда тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері
392-1-бап. Электрондық сауда тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі мен шарттары туралы жалпы ережелер
1. Осы тарауда электрондық сауда тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу, олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болуы және пайдаланылуы, электрондық сауда тауарларын уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен және шығарумен байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері, электрондық сауда тауарларына қатысты кеден қоймасы кедендік рәсімін қолдану, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін осындай тауарлар мен электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік төлемдерді қолдану ерекшеліктері айқындалады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан электрондық сауда тауарларын әкетуге жол беретін кедендік рәсімдермен орналастыру шарттарын қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан электрондық сауда тауарларын әкету тәртібі мен шарттарының ерекшеліктерін және осындай кедендік рәсімдерді қолдану ерекшеліктерін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операцияларды жасау тәртібінің ерекшеліктерін және осындай тауарларға қатысты кедендік төлемдерді қолдану ерекшеліктерін осы Кодекстің 392-8-бабының 5-тармағын ескере отырып, Комиссия айқындауы мүмкін.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген, кедендік операциялар электрондық сауда тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің осы тарауда белгіленген тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері қолданыла отырып жасалған электрондық сауда тауарлары шығарылғаннан кейін кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмауға тиіс.
Көрсетілген электрондық сауда тауарларын кәсіпкерлік қызметте пайдалану фактілері анықталған кезде Интернет желісі ресурстарын пайдалана отырып, электрондық сауда алаңдарында мәміле тарапы болып табылатын және осындай тауарларды кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
3. Комиссия осы тараудың ережелері қолданылмайтын электрондық сауда тауарларының және (немесе) электрондық сауда тауарлары санаттарының тізбесін айқындауға құқылы. Мұндай тауарлар осы Кодекстің өзге де тарауларында белгіленген тәртіппен және шарттарда кедендік рәсімдермен орналастырылуға тиіс.
4. Осы тараудың ережелері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы меншік иесі болып табылатын, жеке тұлғаларға өткізуге арналған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін электрондық сауда тауарларына қатысты қолданылмайды. Мұндай тауарлар осы Кодекстің өзге де тарауларында белгіленген тәртіппен және шарттарда кедендік рәсімдермен орналастырылуға тиіс.
392-2-бап. Электрондық сауда тауарларына қатысты жасалатын кедендік операциялар
1. Кедендік декларацияны берумен байланысты кедендік операцияларды, декларант жасайтын, оның ішінде кеден органдары кедендік бақылау жүргізген кезде жасалатын, осы Кодексте көзделген өзге де кедендік операцияларды:
1) жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты – осы Кодекстің 392-4-бабының 4-тармағына сәйкес осындай тауарларды кедендік декларациялауды жүзеге асыратын тұлға;
2) кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), сондай-ақ осы Кодекстің 392-6-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес осы кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау үшін кедендік рәсімдермен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты осындай тауарлардың декларанты болып әрекет ететін электрондық сауда операторы жасайды.
2. Осы Кодекстің 392-3-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу және пайдалану үшін кедендік рәсімдермен орналастырмай, осы тарауда көзделген тәртіппен және шарттарда кедендік декларациялануға және оларды кеден органдары шығаруға тиіс.
3. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу және пайдалану үшін осы Кодекстің 392-6-бабында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, ішкі тұтыну үшін – шығару кедендік рәсімімен, ал Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету үшін кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырылады.
392-3-бап. Электрондық сауда тауарларын уақытша сақтау ерекшеліктері
1. Электрондық сауда тауарларын уақытша сақтау осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес және осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2. Электрондық сауда тауарларын уақытша сақтау меншігіндегі, шаруашылық жүргізуіндегі, жедел басқаруындағы немесе электрондық сауда операторларынан жалға алынған құрылысжайларда, үй-жайларда (үй-жайлардың бөліктерінде) және (немесе) ашық алаңдарда (ашық алаңдардың бөліктерінде) (бұдан әрі осы тарауда – құрылысжайлар (үй-жайлар, алаңдар) жүзеге асырылады.
Кедендік операцияларды бір электрондық сауда операторы жасайтын электрондық сауда тауарларын меншігіндегі, шаруашылық жүргізуіндегі, жедел басқаруындағы немесе басқа электрондық сауда операторынан жалға алынған құрылысжайларда (үй-жайларда, алаңдарда) уақытша сақтауға жол беріледі.
Тауарларға осы Кодекстің 507-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының ережелері қолданылған жағдайда, электрондық сауда операторларының құрылысжайларында (үй-жайларында, алаңдарында) электрондық сауда тауарларымен бірге басқа электрондық сауда операторларының атына жалпы жүкқұжат немесе Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттар бойынша келіп түсетін басқа да тауарлар сақталуы мүмкін.
3. Уақытша сақтауға орналастырылған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет – осы Кодекстің 174-бабына сәйкес, ал Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына халықаралық пошта жөнелтілімдерімен әкелінетін электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 371-бабына сәйкес туындайды, тоқтатылады және орындалуға тиіс.
4. Электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған жағдайда, заңды тұлға уақытша сақтауға орналастырылған электрондық сауда тауарларына қатысты оларды шығару үшін қажетті кедендік операцияларды жасауды осындай заңды тұлға электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қамтамасыз етуге міндетті.
5. Электрондық сауда тауарларын уақытша сақтаудың осы Кодекстің 172-бабында көзделген мерзімі өткенге дейін жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік декларациялауды және өзге де кедендік операцияларды осы Кодекстің 392-4-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға жасамаған жағдайда, электрондық сауда операторы мұндай электрондық сауда тауарларын кеден органының рұқсатымен кедендік декларацияламай және кедендік рәсімдермен орналастырмай, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуі не мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен немесе жою кедендік рәсімімен орналастыруы мүмкін.
Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге кеден органының рұқсатын алуға және ресімдеуге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін Комиссия айқындайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін электрондық сауда тауарларын тасымалдау (тасу) кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес не бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында көзделген жағдайда, осындай заңнамада белгіленетін жағдайларда және тәртіппен кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылмай жүзеге асырылады.
Комиссия осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктерін айқындауы мүмкін.
392-4-бап. Электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын алушылар болып табылатын он алты жасқа толған жеке тұлғалар осындай тауарлардың декларанттары болып әрекет ете алады.
Осы Кодекстің 392-3-бабының 5-тармағында көрсетілген жағдайларда электрондық сауда операторы жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының декларанты болып әрекет етеді.
2. Электрондық сауда операторы осы Кодекстің 392-6-бабының 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына және 5-тармағына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін кеден қоймасы кедендік рәсімімен және өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылатын, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларының декларанты болып әрекет етеді.
3. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын, сондай-ақ жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын, оның ішінде осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) және 3) тармақшаларында және 5-тармағында көрсетілген кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін кедендік рәсімдермен орналастырылатын осындай тауарларды кедендік декларациялау электрондық сауда тауарларына арналған декларация пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
Осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау үшін кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау транзиттік декларация пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
Электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметтерді Комиссия осындай кедендік декларацияны толтыру тәртібін белгілеу кезінде айқындайды.
4. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялауды электрондық сауда операторы не осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес осындай тауарлардың декларанты болып әрекет ететін тұлға жүзеге асырады.
5. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен, сондай-ақ осы Кодекстің 392-6-бабының 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына және 5-тармағына сәйкес осындай кедендік рәсімнің қолданысын аяқтау үшін кедендік рәсімдермен орналастырылатын, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялауды электрондық сауда операторы жүзеге асырады.
392-5-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын шығару
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын шығаруды кеден органы:
1) осы тарауға сәйкес электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж төленген;
2) осы Кодекстің 8-бабына сәйкес тыйым салулар мен шектеулер сақталған;
3) егер кеден органдарының электрондық сауда тауарларын шығарумен байланысты іс-қимылдар жасағаны үшін кедендік алымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген болса және оларды төлеу мерзімі электрондық сауда тауарлары шығарылғанға дейін, оның ішінде электрондық сауда тауарларына арналған декларация тіркелгенге дейін белгіленген болса, осындай алымдар төленген жағдайда жүргізеді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларын шығару осы Кодекстің 193-бабында белгіленген мерзімдерде аяқталуға тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарлары шығарылған кезден бастап Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мәртебесіне ие болады.
392-6-бап. Жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кеден қоймасы кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері
1. Кеден қоймасы кедендік рәсімі осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 25-тарауында белгіленген тәртіппен және шарттарда жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты қолданылады.
2. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын сақтау осындай тауарлардың декларанты болып табылатын электрондық сауда операторының құрылысжайларында (үй-жайларында, алаңдарында) жүзеге асырылады.
3. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларымен осы Кодекстің 238-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген операцияларды электрондық сауда операторы жасауға құқылы.
Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты тағайындалған пошта байланысы операторы болып табылатын электрондық сауда операторының халықаралық пошта жөнелтілімдерін қалыптастыру бойынша операциялар жасауына жол беріледі.
4. Осы Кодекстің 237-бабында көзделген кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданысы:
1) жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын Интернет желісі ресурстарын пайдалана отырып, электрондық сауда алаңдарында жеке тұлғалар сатып алғаннан кейін ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру арқылы;
2) егер жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кеден органы электрондық сауда тауарларын шығаруды жүргізген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан электрондық сауда операторы кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тасымалдау үшін осы кедендік рәсіммен орналастырылған болса, осындай тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру арқылы;
3) кеден қоймасы кедендік рәсіміне сәйкес, кеден органы жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын шығаруды жүргізген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізілген электрондық сауда операторының жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру арқылы;
4) жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларының аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарларды тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органының уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тану арқылы;
5) Комиссия және (немесе) уәкілетті орган айқындайтын мән-жайлар басталғанға дейін жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары кедендік бақылауда болатын осындай мән-жайлардың басталуымен аяқталады.
5. Осы Кодекстің 237-бабында көзделген кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін осы кедендік рәсімнің қолданысы жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын, оның ішінде осы баптың 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қалыптастырылған халықаралық пошта жөнелтілімдеріндегі электрондық сауда тауарларын кері экспорт кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталуы мүмкін.
6. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары бір немесе бірнеше партиямен ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен немесе осы баптың 4 және 5-тармақтарында белгіленген өзге де кедендік рәсімдермен орналастырылуы мүмкін.
7. Заңды тұлға электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған жағдайда, мұндай заңды тұлға:
1) заңды тұлға электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған күнге дейін Интернет желісі ресурстарын пайдалана отырып, электрондық сауда алаңдарында жеке тұлғалар сатып алған және құрылысжайларда (үй-жайларда, алаңдарда) тұрған немесе осы баптың 10-тармағына сәйкес осындай құрылысжайлардан (үй-жайлардан, алаңдардан) әкетілген, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысын жеке тұлға осындай тауарларды сатып алған айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырумен аяқтауға;
2) заңды тұлға электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған күнге дейін Интернет желісі ресурстарын пайдалана отырып, электрондық сауда алаңдарында жеке тұлғалар сатып алмаған, құрылысжайларда (үй-жайларда, алаңдарда) тұрған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты заңды тұлға электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей, осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында және 5-тармағында көрсетілген кедендік рәсімдермен орналастырумен кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтауға немесе осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтауды қамтамасыз етуге міндетті.
8. Осы баптың 4 және 5-тармақтарына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі аяқталмаған кезде кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысы осы Кодекстің 237-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мерзімдер өткен соң тоқтатылады, ал осы баптың 10-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларын қоспағанда, кеден органдары жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
9. Осы Кодекстің 237-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген әрекеттер онда көрсетілген мерзімдерде жасалмаған жағдайда, кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысы осы мерзімдер өткен соң тоқтатылады, ал осы баптың 10-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларын қоспағанда, кеден органдары тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
10. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын алушы болып табылатын жеке тұлғаға осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін жеткізу үшін осындай тауарларды құрылысжайлардан (үй-жайлардан, алаңдардан) әкетуге уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органы хабардар етілгеннен кейін жол беріледі.
11. Электрондық сауда тауарларын электрондық сауда алаңдарында сату кезінде оларды сатып алғаннан кейін қайтару мүмкіндігі көзделген жағдайда, электрондық сауда операторы Комиссия көздеген жағдайларда немесе Комиссия реттемеген бөлікте осындай тауарларды Комиссия айқындайтын және Қазақстан Республикасы заңнамасында айқындалатын тәртіппен оларды сәйкестендіру шартымен осы баптың 13-тармағында белгіленген электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны беру мерзімі өткен күнге дейін қайтару мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Қайтарылған электрондық сауда тауарлары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен электрондық сауда тауарларының қайтарылғанын растайтын құжаттар ресімделген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылысжайларда (үй-жайларда, алаңдарда) орналастырылуға тиіс.
Электрондық сауда операторы кеден органын электрондық сауда тауарларының қайтарылғанын растайтын құжаттар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ресімделген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, бірақ электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны берудің осы баптың 13-тармағында белгіленген мерзімі өтетін күннен кешіктірмей, электрондық сауда тауарларының қайтарылғаны туралы хабардар етуге міндетті.
12. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары осы баптың 10-тармағына сәйкес кеден органы хабардар етілгеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесіне ие болады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген электрондық сауда тауарлары осы баптың 11-тармағына сәйкес құрылысжайларда (үй-жайларда, алаңдарда) орналастырылған кезден бастап Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесінен айырылады.
13. Осы баптың 10-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларына қатысты электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны осы баптың 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес оларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыру үшін электрондық сауда операторы кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі ішінде, бірақ электрондық сауда тауарларына арналған көрсетілген декларацияны беру мерзімі өткенге дейін осы баптың 11-тармағына сәйкес электрондық сауда тауарларын қайтару жүргізілген жағдайды қоспағанда, жеке тұлға осындай тауарларды сатып алған айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей беруге тиіс.
Электрондық сауда тауарларын шығарудан бас тартылған кезде электрондық сауда операторы көрсетілген тауарларға қатысты электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны электрондық сауда тауарларын шығарудан бас тартылған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.
14. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органы электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.
15. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына және 5-тармағына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанда, оның ішінде осы баптың 17-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін осындай кедендік рәсімнің қолданысы аяқталғанда;
2) кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысы тоқтатылған электрондық сауда тауарлары осы Кодекстің 209-бабының 7-тармағына сәйкес кедендік рәсімдермен орналастырылғанда;
3) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғанда және (немесе) олар осы баптың 18-тармағына сәйкес есептелген және төленуге тиіс мөлшерде өндіріп алынғанда;
4) электрондық сауда тауарларының аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осындай тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен танығанда тоқтатылады, бұған осы Кодекске сәйкес мұндай жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісіне дейін осындай электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайлар жатпайды;
5) электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты кеден қоймасы кедендік рәсіміне сәйкес электрондық сауда тауарларын шығарудан бас тартылғанда;
6) электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты осы Кодекстің 184-бабына сәйкес электрондық сауда тауарларына арналған декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес электрондық сауда тауарларын шығарудың күші жойылғанда;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес электрондық сауда тауарлары тәркіленгенде немесе мемлекеттің меншігіне айналдырылғанда;
8) осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кеден органы электрондық сауда тауарларын кідірткенде;
9) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған болса және егер бұрын электрондық сауда тауарларын шығару жүргізілмеген болса, оларды қайтару туралы шешім қабылданған осындай тауарлар уақытша сақтауға қойылғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырылғанда тоқтатылады.
16. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет осы баптың 17-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде орындалуға тиіс.
17. Мынадай мән-жайлар басталған кезде жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып:
1) аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, осындай тауарлар кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін жоғалған жағдайда – осындай жоғалу күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – электрондық сауда тауарлары кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған күн;
2) осы баптың 13-тармағында көрсетілген мерзімдер ішінде осындай тауарларға қатысты электрондық сауда тауарларына арналған декларация берілмеген жағдайда – осындай мерзімдердің соңғы күні;
3) осындай тауарлар құрылысжайлардан (үй-жайлардан, алаңдардан) осы баптың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларына және 5-тармағына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін не осы баптың 10-тармағында көзделген кеден органына хабарламай әкетілген жағдайда – осындай тауарлар әкетілген күн, ал егер мұндай күн белгіленбесе, тауарлар кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған күн есептеледі.
18. Осы баптың 17-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарлары тарифтік преференциялар және кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер қолданылмай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай төленуге тиіс.
Кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын есептеу үшін кеден органы жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеген күні қолданыста болатын кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мөлшерлемелері қолданылады.
Кеден органында жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларының кедендік құнын айқындау үшін қажетті нақты мәліметтер болмаған жағдайда, мұндай тауарлардың кедендік құны кеден органында бар мәліметтер негізінде айқындалады.
Жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларының кедендік құнын айқындау үшін қажетті нақты мәліметтер кейіннен анықталған кезде мұндай тауарлардың кедендік құны осындай нақты мәліметтер негізге алына отырып айқындалады және кедендік әкелу баждарының, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларын есепке жатқызу (қайтару) не төленбеген сомаларды өндіріп алу осы Кодекстің 11 және 12-тарауларына, 141 және 142-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына және 5-тармағына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған не осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кеден органдары кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларын кідірткен жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалғаннан кейін және (немесе) олар өндіріп алынғаннан (толық немесе ішінара) кейін осы бапқа сәйкес төленген және (немесе) өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары осы Кодекстің 11-тарауына және 141-бабына сәйкес есепке жатқызылуға (қайтарылуға) тиіс.
392-7-бап. Осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мақсатында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу
1. Осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мақсатында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта кеден органы электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мақсатында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған), жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет декларантта мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеті орындалғанда және (немесе) олар осы баптың 4 және 5-тармақтарына сәйкес есептелген және төленуге тиіс мөлшерлерде өндіріп алынғанда;
2) электрондық сауда тауарларының аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осындай тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен танығанда тоқтатылады, бұған осы Кодекске сәйкес мұндай жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісіне дейін осындай электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі басталған жағдайлар жатпайды;
3) электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – кеден органы ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес электрондық сауда тауарларын шығарудан бас тартқанда;
4) электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес электрондық сауда тауарларына арналған декларация кері қайтарып алынғанда және (немесе) осы Кодекстің 192-бабының 5-тармағына сәйкес электрондық сауда тауарларын шығарудың күші жойылғанда;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес электрондық сауда тауарлары тәркіленгенде немесе мемлекеттің меншігіне айналдырылғанда;
6) осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кеден органы электрондық сауда тауарларын кідірткенде;
7) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған болса және егер бұрын электрондық сауда тауарларын шығару жүргізілмеген болса, оларды қайтару туралы шешім қабылданған осындай тауарлар уақытша сақтауға қойылғанда немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастырылғанда тоқтатылады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне сәйкес электрондық сауда тауарлары шығарылғанға дейін орындалуға тиіс.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждары, салықтар электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда осы Кодекске сәйкес есептелген кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы мөлшерінде төленуге тиіс.
Жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік әкелу баждарын есептеу үшін Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелері қолданылады.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген электрондық сауда тауарларына қатысты арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары осы Кодекстің 13-тарауының ережелері ескеріле отырып, электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда есептелген мөлшерде төленуге тиіс.
392-8-бап. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік төлемдерді қолдану және кедендік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындау
1. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж салу объектісі болып табылады.
2. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды есептеу мақсаттары үшін осындай тауарлардың құны және (немесе) олардың заттай мәндегі физикалық сипаттамасы (саны, массасы, оның ішінде электрондық сауда тауары тұтынылғанға дейін одан ажырамайтын және (немесе) бөлшектеп сату үшін тауар салынып ұсынылатын тауардың бастапқы қаптамасы ескерілгендегі массасы, электрондық сауда тауарының көлемі немесе өзге де сипаттамалары) жеке тұлғалар сатып алған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін электрондық сауда тауарларының санатына және қолданылатын мөлшерлеме түрлеріне қарай оны есептеуге арналған база болады.
Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының құны осы Кодекстің 392-10-бабына сәйкес айқындалады.
3. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баждың бірыңғай мөлшерлемесін Комиссия айқындайды. Кедендік баждың бірыңғай мөлшерлемесі жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының санаттарына, құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормаларға байланысты айқындалуы мүмкін.
4. Комиссия құндық, салмақтық және (немесе) сандық нормаларды айқындауы мүмкін, осы нормалардың шегінде жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж төленбей, ал Комиссия айқындайтын жағдайларда уәкілетті орган белгілейтін, Комиссия айқындағаннан анағұрлым қатаңдау нормалар шегінде әкелінеді.
5. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан электрондық сауда тауарларын алушылар болып табылатын шетелдік жеке тұлғалардың атына әкетілетін электрондық сауда тауарлары Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баждар төлене отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетіледі.
6. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік алымдар осы Кодекстің 76-бабына сәйкес қолданылады.
7. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды есептеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.
8. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды есептеу мақсаттары үшін кеден органы электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеген күні қолданыста болатын мөлшерлемелер қолданылады.
Егер электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды есептеу мақсаттары үшін шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеуді жүргізу талап етілсе, мұндай қайта есептеу кеден органы электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеген күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жүргізіледі.
9. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баждың бірыңғай мөлшерлемесі қолданыла отырып төленуге және (немесе) өндіріп алынуға тиіс электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж сомасы электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды есептеуге арналған базаны және электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баждың тиісті бірыңғай мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалады.
10. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндетті орындау кезі (төлеу күні), электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж сомасын және өзге де ақшаны есепке жатқызу (қайтару) тәртібі осы Кодекстің 7, 8, 9, 10 және 11-тарауларына сәйкес айқындалады.
11. Осы Кодекстің 392-9-бабына сәйкес электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет туындаған тұлғалар электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеушілер болып табылады.
12. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағына сәйкес төленуге тиіс.
13. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж осы Кодекстің 94-бабының 1-тармағына сәйкес осындай кедендік баж төленуге тиіс, уәкілетті орган айқындайтын шоттарға төленеді.
14. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.
15. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу нысандары мен тәсілдері осы Кодексте белгіленеді.
Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж қолма-қол ақшасыз тәртіппен төленген кезде және төлеушінің шотында тапсырманы орындау үшін жеткілікті ақша болғанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж сомаларын аударуға арналған төлеуші тапсырмасының орындалуын кідіртуге құқылы емес және егер Қазақстан Республикасының заңнамасында оны орындаудың өзге мерзімі белгіленбесе, оны бір операциялық күн ішінде орындауға міндетті.
16. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу кезінде осы Кодекстің 74-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген кедендік төлемдер төленбейді.
17. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды есептеу туралы мәліметтер электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда көрсетіледі.
18. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндетті төлеуші орындайды.
Қазақстан Республикасының заңдарында электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндетті өзге тұлғалардың да орындау мүмкіндігі белгіленуі мүмкін.
19. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет осы бапқа сәйкес есептелген және төленуге тиіс сомалар мөлшерінде осы Кодекстің 392-9-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімде оны төлеу арқылы орындалады.
Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет осы Кодексте белгіленген мерзімде орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде осы Кодекстің 90-бабының 4-тармағына сәйкес өсімпұл төленеді.
Электрондық сауда тауарларына қатысты өсімпұлдарды есептеу – осы Кодекстің 124-бабына сәйкес, осындай тауарларға қатысты өсімпұлдарды төлеу, есепке жатқызу (қайтару) және өндіріп алу осы Кодекстің 11 және 12-тарауларына сәйкес жүргізіледі.
Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден органы электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын мән-жайлардың басталғаны туралы растауды осы Кодекстің 392-9-бабының 3-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған тәртіппен алған жағдайда өсімпұлдар төленбейді.
20. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, кеден органы осы баптың 21-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеушіге белгіленген мерзімде төленбеген осындай кедендік баж сомалары туралы хабарламаны төлеу мерзімі басталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жібереді.
Көрсетілген хабарламаның нысанын, осындай хабарламада көзделген талаптарды орындау тәртібі мен мерзімін уәкілетті орган белгілейді.
21. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары шығарылғаннан кейін осы бапқа сәйкес электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды есептеу үшін валюта бағамын қолдану күні қолданыста болатын валюта бағамы бойынша жиынтығында бес еуроға баламалы сомадан аспайтын мөлшерде бір жеке тұлға алушысы болып табылатын тауарларға қатысты электрондық сауда тауарларына арналған бір декларацияда есептелген электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баждың төленбеу фактісі анықталған жағдайда, кеден органы осы баптың 20-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны жібермейді. Көрсетілген жағдайда электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылады.
22. Осы баптың 20-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес жіберілген хабарламада көрсетілген мерзімде электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда кеден органы осы баптың 23, 24, 25, 26 және 27-тармақтарында көрсетілген ерекшеліктерді ескере отырып, осы Кодекстің 12-тарауына сәйкес осындай кедендік бажды өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдайды.
23. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды өндіріп алу жөніндегі шараларға осы Кодекстің 116-бабының 3-тармағында көрсетілген шаралар жатады.
24. Осы Кодекстің 116-бабының 3-тармағында көрсетілген шараларға қосымша ретінде кедендік баждар, салықтар төленбеген электрондық сауда тауарларына өндіріп алуды қолдану сияқты электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды өндіріп алу шарасы белгіленеді.
Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж төленбеген, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына өндіріп алуды қолдану осындай тауарларға қатысты мұндай кедендік бажды төлеу жөніндегі міндетті тоқтады.
25. Осы баптың 23 және 24-тармақтарында көрсетілген электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды өндіріп алу жөніндегі шаралар осы Кодекске сәйкес қабылданады.
26. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды өндіріп алу жөніндегі шаралар:
1) осы Кодексте белгіленген электрондық сауда тауарларына қатысты төленбеген кедендік бажды өндіріп алу мерзімі өтіп кеткен;
2) электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баждардың өндіріп алу мүмкін болмаған сомалары осы Кодекске сәйкес өндіріп алуға үмітсіз деп танылған;
3) электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет осындай кедендік бажды төлеуге байланысты не осы Кодекстің 392-9-бабының 2-тармағында көзделген өзге де мән-жайларға байланысты тоқтатылған;
4) электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет осы баптың 24-тармағының екінші бөлігіне сәйкес тоқтатылған;
5) осы Кодекске сәйкес, электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу міндеті туындаған жеке тұлға қайтыс болған немесе соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайларда (осы Кодекстің 392-4-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлға жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялаған жағдайда) қабылданбайды.
27. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды осы Кодекстің 199-бабында көрсетілген кеден органдары өндіріп алады.
392-9-бап. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оны төлеу мерзімі
1. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет электрондық сауда операторында, ал декларант электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялаған жағдайда – осындай тауарлардың декларантында кеден органы электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет электрондық сауда операторында, ал декларант электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялаған жағдайда – осындай тауарлардың декларантында мынадай мән-жайлар басталған кезде:
1) электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет орындалғанда және (немесе) ол электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда есептелген және осы Кодекске сәйкес төленуге тиіс мөлшерлерде өндіріп алынғанда;
2) осы Кодекстің 392-8-бабының 4-тармағына сәйкес электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж төленбей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары шығарылғанда;
3) жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты жағдайларда тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау кезінде табиғи кему салдарынан осындай тауарлардың қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен танығанда тоқтатылады, бұған осы бапқа сәйкес мұндай жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісіне дейін осындай тауарларға қатысты кедендік баж төлеу мерзімі басталған жағдайлар жатпайды;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары тәркіленгенде немесе мемлекеттің меншігіне айналдырылғанда;
5) электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеген кезде туындаған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндетке қатысты – кеден органы жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын шығарудан бас тартқанда;
6) электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны тіркеу кезінде туындаған осындай тауарларға қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндетке қатысты – осы Кодекстің 184-бабына сәйкес электрондық сауда тауарларына арналған декларация кері қайтарып алынғанда;
7) жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары кідіртілгенге дейін туындаған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндетке қатысты – кеден органы осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес осындай кідірткенде;
8) қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын, егер бұрын осы Кодекстің 392-5-бабына сәйкес мұндай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, осындай тауарларды қайтару туралы шешім қабылданғанға дейін туындаған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет бойынша мұндай шешім қабылданған осындай тауарлар осы Кодекске сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілгенде, уақытша сақтауға орналастырылғанда не шығарылғанда;
9) жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары шығарылғаннан кейін осы Кодекстің 392-8-бабына сәйкес электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды есептеу үшін валюта бағамын қолдану күніне қолданыста болатын валюталар бағамы бойынша жиынтығында бес еуроға баламалы сомадан аспайтын мөлшерде бір жеке тұлға алушысы болып табылатын тауарларға қатысты электрондық сауда тауарларына арналған бір декларацияда есептелген кедендік баждың төленбеу фактісі анықталғанда;
10) осы Кодекске сәйкес өндіріп алуға үмітсіз деп танылған осындай кедендік баж сомасына қатысты – осы Кодекстің 116-бабы 10-тармағының 4) тармақшасына сәйкес электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды өндіріп алу жөніндегі шараларды қолданбағанда тоқтатылады.
3. Комиссия жеке тұлғалар сатып алған, әкелінетін (әкелінген) сол бір электрондық сауда тауарларына қатысты электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет әртүрлі тұлғаларда түрлі мән-жайлар бойынша және (немесе) бірнеше рет туындаған, оның ішінде электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің бірінде туындаған, ал осындай кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын мән-жайлар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше өзге мемлекетте басталған жағдайларда, электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылатын мән-жайларды, сондай-ақ кеден органдарының осындай мән-жайлардың басталуын растау бойынша өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындауға құқылы.
4. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда осы Кодекстің 392-8-бабына сәйкес есептелген сомалар мөлшерінде төленуге тиіс.
5. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік бажды төлеу жөніндегі міндет жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары шығарылғанға дейін орындалуға тиіс (электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж төленуге тиіс).
6. Анық емес кедендік декларацияланған, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізу кезінде электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж осы Кодекстің 392-8-бабына сәйкес есептеледі. Бұл ретте жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау кезінде іс жүзінде төленген электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік баж сомалары қайтадан төленбейді (өндіріп алынбайды), ал мұндай кедендік баждың артық төленген және (немесе) өндіріп алынған сомалары осы Кодекске сәйкес қайтарылуға тиіс.
392-10-бап. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының құны
1. Жеке тұлғалар сатып алған, әкелінетін электрондық сауда тауарларының құны – чектерде, шоттарда, банктік төлем құжаттарында және осындай тауарларды сатып алумен байланысты өзге де құжаттарда көрсетілген олардың жиынтық құны туралы ақпараттың негізінде, ал кедендік операцияларды электрондық сауда операторы жасаған кезде электрондық сауда операторы электрондық сауда алаңынан алған, осындай тауарларды сатып алумен байланысты мәліметтердің (мұндай ақпарат болған кезде) негізінде де электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда мәлімделеді.
2. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының құны анық, сандық жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпараттың негізінде мәлімделуге тиіс.
3. Егер жеке тұлғалар сатып алған, әкетілетін электрондық сауда тауарларының құнын айқындау осы Кодексте көзделсе, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының құны осы Кодекске сәйкес айқындалады және электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда мәлімделеді.
4. Кеден органы кедендік бақылаудың нәтижелері бойынша жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының құнын ұқсас тауарлардың бағасы туралы өзінде бар ақпараттың негізінде:
1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарда мұндай тауарлардың құны туралы мәліметтер болмаған не құжаттар болмаған;
2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарда электрондық сауда тауарлары туралы мәліметтер қамтылған, электрондық сауда тауарларын декларацияланатын электрондық сауда тауарларымен сәйкестендіру мүмкіндігі болмаған;
3) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарда және (немесе) мәліметтерде декларацияланатын электрондық сауда тауарларының құны туралы мәліметтердің анықтығы расталмаған;
4) жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының құны ұқсас тауарлардың нарықтық құнымен салыстырғанда айтарлықтай төмен деп мәлімделген жағдайларда айқындайды.
5. Кеден органы жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының құны туралы ақпарат ретінде ұқсас тауарларды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдардың каталогтары мен сайттарында көрсетілген мәліметтерді де пайдалана алады.
6. Кедендік декларациялауды жүзеге асыратын тұлға электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда мәлімделген, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларының құнын растау үшін ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің анықтығын дәлелдеуге құқылы.
7. Осы бапты қолдану мақсаттары үшін ұқсас тауар деп Интернет желісіндегі электрондық сауда алаңдарында салыстырмалы шарттарда сатып алынған немесе сатуға ұсынылатын (ұсынылған), жеке тұлға сатып алған, әкелінетін электрондық сауда тауарының сипаттамаларына жақын сипаттамалары бар, яғни жеке тұлға сатып алған, декларацияланатын электрондық сауда тауарымен өзінің тауар белгісі, мақсаты, қолданылуы, сапалық, техникалық және өзге де сипаттамалары бойынша салыстыруға болатын тауар түсініледі.";
41) 394-бапта:
үшінші абзац "мәртебесін сақтаған тауарлар" деген сөздерден кейін ", Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мәртебесін алған, жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарлары" деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші абзац "уақытша сақтауы үшін пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын," деген сөздерден кейін "электрондық сауда тауарларын сақтау үшін электрондық сауда операторларының пайдалануына арналған немесе олар пайдаланатын," деген сөздермен толықтырылсын;
42) 404-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі "сауда дүкендерінің" деген сөздерден кейін ", электрондық сауда операторының осы Кодекстің 528-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құрылысжайларының, үй-жайларының (үй-жайлары бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдарының (ашық алаңдары бөліктерінің)" деген сөздермен толықтырылсын;
43) 415-баптың 3-тармағында:
"операторлардың" деген сөзден кейін ", электрондық сауда операторларының" деген сөздермен толықтырылсын;
"және 524-баптарына" деген сөздер ", 524-баптарына, 528-2-бабының 1-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;
44) 432-баптың 5-тармағындағы "заңнамасында" деген сөз "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;
45) 453-баптың 1-тармағы "369-бабының 7-тармағында" деген сөздерден кейін ", 392-6-бабының 8 және 9-тармақтарында" деген сөздермен толықтырылсын;
46) 484-бапта:
1-тармақтағы "және бажсыз сауда дүкендерінің иелері" деген сөздер ", бажсыз сауда дүкендерінің иелері және электрондық сауда операторлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ "бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне" деген сөздерден кейін ", электрондық сауда операторларының тізіліміне" деген сөздермен толықтырылсын;
47) 486-бапта:
бірінші абзацта:
"Егер кеден өкілі және (немесе) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыратын (қызметті жүзеге асыруға үміткер) заңды тұлға бір мезгілде уәкілетті экономикалық оператор болып табылса (уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуге үміткер болса)" деген сөздер "Заңды тұлға бір мезгілде кеден өкілі, кедендік тасымалдаушы және (немесе) электрондық сауда операторы ретінде қызметті жүзеге асырған (қызметті жүзеге асыруға үміткер болған), сондай-ақ бір мезгілде уәкілетті экономикалық оператор болған (уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізуге үміткер болған) жағдайларда" деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) кеден өкілдерінің тізіліміне және электрондық сауда операторларының тізіліміне;
1-2) кедендік тасымалдаушылар тізіліміне және электрондық сауда операторларының тізіліміне;
1-3) кеден өкілдерінің тізіліміне, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне және электрондық сауда операторларының тізіліміне;";
"3-1) электрондық сауда операторларының тізіліміне және уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне;";
4) тармақшадағы "тізіліміне енгізілген кезде осы Кодекстің 489-бабының 2) тармақшасына, 496-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 535-бабының 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес айқындалған қамтамасыз етулердің бірінің ең жоғары сомасы мөлшерінде беріледі." деген сөздер "тізіліміне;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) кеден өкілдерінің тізіліміне, электрондық сауда операторларының тізіліміне және уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне;
6) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне, электрондық сауда операторларының тізіліміне және уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне;
7) кеден өкілдерінің тізіліміне, кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне, электрондық сауда операторларының тізіліміне және уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген кезде осы Кодекстің 489-бабының 2) тармақшасына, 496-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 528-2-бабының 2-тармағына және 535-бабының 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес айқындалған қамтамасыз етулердің бірінің ең жоғары сомасы мөлшерінде беріледі.";
14-тармақтағы "және (немесе) кедендік тасымалдаушы" деген сөздер ", кедендік тасымалдаушы және (немесе) электрондық сауда операторы" деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 494-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "заңнамасында" деген сөз "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;
49) 500-баптың 4) тармақшасындағы "заңнамасында" деген сөз "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;
50) мынадай мазмұндағы 62-1-тараумен толықтырылсын:
"62-1-тарау. Электрондық сауда операторы
528-1-бап. Электрондық сауда операторының қызметі
1. Осы Кодекстің 528-2-бабында айқындалған шарттарға сай келетін, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы (бұдан әрі осы тарауда – заңды тұлға) электрондық сауда операторы болып табылады.
Заңды тұлға электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізілгеннен кейін электрондық сауда операторы болып танылады.
2. Электрондық сауда операторы Қазақстан Республикасының аумағында электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операцияларды уәкілетті орган оны Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізгеннен кейін жасайды.
Электрондық сауда операторы жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операцияларды осындай тауарлардың декларанттары атынан жасайды.
528-2-бап. Электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу шарттары
1. Электрондық сауда операторы ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізудің шарттары:
1) меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында немесе жалға алуында кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларын уақытша сақтауға және (немесе) электрондық сауда тауарларын сақтауға арналған және төмендегідей талаптарға сай келетін құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың (ашық алаңдар бөліктерінің), оның ішінде халықаралық пошта алмасу орындарында (мекемелерінде) орналасқандардың (бұдан әрі осы тарауда – құрылысжайлар (үй-жайлар, алаңдар) болуы:
тәулік бойы режимінде жұмыс істейтін, құрылысжай (үй-жай, алаң) аумағында күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауға мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен жабдықталған, көлік құралдарының аумаққа кіруін және аумақтан шығуын, адамдардың аумаққа және (немесе) құрылысжайларға (үй-жайларға, алаңдарға) кіруін және аумақтан және (немесе) құрылысжайлардан (үй-жайлардан, алаңдардан) шығуын бақылау жүйелерінің болуы (кедендік бақылауға жататын электрондық сауда тауарлары тұрған жерде);
қажетті тиеу-түсіру механизмдерін иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растау не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың болуы;
орналастырылатын электрондық сауда тауарларының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығын иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығын растау;
техникалық жарамды кірме жолдардың болуы;
электр жарығымен жарақтандырылған және тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, мемлекеттік кірістер органының нақты уақыт режимінде бейнеақпаратты қарауға қашықтан қол жеткізуіне, күнтізбелік отыз күн ішінде бейнеақпаратты жинақтауға және қарауға мүмкіндік беретін бейнебайқау құралдарымен жабдықталған, электрондық сауда тауарларын жете тексеруге арналған орындардың, оның ішінде жабық алаңдардың болуы (бұл ретте жете тексеру орны периметрі бойынша сары түсті бояумен немесе жабысқақ таспамен белгіленуге және онда бейнебайқау құралдарына көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс);
аумақта электрондық сауда операторының қызметіне қатысы жоқ ғимараттар (құрылыстар) мен құрылысжайлар болмауға тиіс.
Егер құрылысжайлар (үй-жайлар, алаңдар) өтініш берілген күні жалға алынған болса, мұндай құрылысжайларға (үй-жайларға, алаңдарға) қатысты жалға алу шарты кемінде бір жыл мерзімге жасалуға тиіс;
2) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерін орындауды осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын мөлшерде қамтамасыз ету;
3) аумақтық кеден органына электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу туралы өтініш берілген күні:
белгіленген мерзімде орындалмаған, кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу жөніндегі міндеттің;
заңды тұлғаға қатысты банкроттық рәсімін қозғау фактілерінің болмауы;
4) аумақтық кеден органына өтініш берілген күнге дейінгі бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерінің болмауы;
5) кеден органдарының цифрлық жүйесімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін цифрлық жүйенің болуы не электрондық сауда тауарлары, осындай тауарлармен жасалған операциялар және осындай тауарларды сатып алған жеке тұлғалар туралы электрондық құжаттар мен мәліметтерді жіберу мақсатында кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы электрондық сауда операторының кеден органымен өзара іс-қимылының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілінің болуы;
6) өкілі болып отырған тұлғалардың мүлкіне зиян келтіру салдарынан басталуы мүмкін электрондық сауда операторының азаматтық жауапкершілігінің тәуекелін сақтандыру шартында белгіленетін сақтандыру сомасына сақтандыру шартының болуы;
7) электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.
2. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның міндеттерін орындауды қамтамасыз ету мөлшерін Комиссия айқындайды.
528-3-бап. Электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу тәртібі
1. Электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу туралы өтінішті заңды тұлға қызмет аймағында электрондық сауда операторлары құрылатын аумақтық кеден органына сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып, электрондық нысанда жасалатын электрондық сауда операторларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартын қоса бере отырып, кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы береді.
2. Қызмет аймағында электрондық сауда операторы құрылатын аумақтық кеден органы өтінішті аумақтық кеден органында тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
3. Аумақтық кеден органының лауазымды адамы осы Кодекстің 415-бабының 3-тармағына сәйкес өтініш иесінің құрылысжайларының (үй-жайларының, алаңдарының) осы Кодекстің 528-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған талаптарға сәйкестігін кедендік қарап тексереді.
Құрылысжайларды (үй-жайларды, алаңдарды) кедендік қарап тексеру кезінде өтініш беруші аумақтық кеден органының лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай:
1) меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында немесе жалға алуында кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларын уақытша сақтау және (немесе) электрондық сауда тауарларын сақтау орны ретінде пайдалануға арналған құрылысжайлардың, (үй-жайлардың, алаңдардың) болуын растайтын құжаттардың;
2) мыналардың:
тиеу-түсіру механизмдерінің не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың;
орналастырылатын тауарлардың сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығының болуын растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері аумақтық кеден органында қалатын, құрылысжайларды (үй-жайларды, аумақтарды) кедендік қарап тексеру актісіне қоса беріледі.
4. Электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу туралы шешімді аумақтық кеден органы қабылдайды және ол кеден органдарының цифрлық жүйесінде қалыптастырылады.
Электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу туралы шешім кеден органдарының цифрлық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген уәкілетті орган электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізілгені туралы заңды тұлғаны кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы хабардар етеді.
5. Электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе өтініш беруші осы Кодекстің 528-2-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда қабылданады.
6. Заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізуден бас тартылған жағдайда аумақтық кеден органы осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзім ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, оны кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы хабардар етеді.
528-4-бап. Электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізілген заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі
1. Электрондық сауда операторы ретіндегі заңды тұлғаның қызметі:
1) электрондық сауда операторының қызметін тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы берілген электрондық сауда операторының өтініші бойынша;
2) аумақтық кеден органы осы Кодекстің 528-2-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу шарттарының бұзылғанын анықтаған кезде;
3) осы Кодекстің 528-7-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген міндет орындалмаған;
4) электрондық сауда операторы ретіндегі қызмет шеңберінде электрондық сауда операторының басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғалған жағдайларда тоқтатыла тұрады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген негіз бойынша электрондық сауда операторының қызметі алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген негіздер бойынша электрондық сауда операторының қызметі электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұруға алып келген себептерді жою үшін қажет болатын, бірақ күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген негіз бойынша электрондық сауда операторының қызметі:
соттың қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімі;
соттың қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шешімі;
соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрады.
3. Электрондық сауда операторының қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының цифрлық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Электрондық сауда операторының қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының цифрлық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы электрондық сауда операторының қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, себептерін көрсете отырып, тоқтата тұру туралы заңды тұлғаны кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы хабардар етеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген, электрондық сауда операторының қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның электрондық сауда операторы ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
5. Электрондық сауда операторы уақытша сақтауда тұрған электрондық сауда тауарларын осы баптың 3-тармағында көзделген, электрондық сауда операторының қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде уақытша сақтаудың өзге орындарына осы Кодекске сәйкес орналастыруға және (немесе) кедендік рәсіммен орналастыру үшін мәлімдеуге тиіс.
6. Заңды тұлға электрондық сауда операторы ретіндегі қызметін қайта бастау үшін заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның электрондық сауда операторы ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның электрондық сауда операторы ретіндегі қызметін қайта бастау;
осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес заңды тұлғаның электрондық сауда операторы ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда электрондық сауда операторының қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның электрондық сауда операторы ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.
Заңды тұлғаның электрондық сауда операторы ретіндегі қызметі заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының электрондық сауда операторының қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол электрондық сауда операторының қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының цифрлық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының цифрлық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы электрондық сауда операторының қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық сауда операторы қызметінің қайта басталғаны туралы заңды тұлғаны кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы хабардар етеді.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген, заңды тұлғаның электрондық сауда операторы ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда электрондық сауда операторының осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткенге дейін кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы берілген электрондық сауда операторы ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініші электрондық сауда операторының қызметін қайта бастауға негіз болады.
7. Заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы электрондық сауда операторының қызметін қайта бастау туралы өтінішті қарау кезінде заңды тұлғаның электрондық сауда операторы ретіндегі қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ мұндай себептердің жойылғанын және осы баптың 1-тармағына сәйкес мәлімделген мәліметтерді растау мақсатында өтініш берушінің құрылысжайларын (үй-жайларын, алаңдарын) кедендік қарап тексереді.
528-5-бап. Электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тастау негіздері
1. Электрондық сауда операторын электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тастауға мыналар негіз болады:
1) электрондық сауда операторының осы Кодекстің 528-7-бабы 1-тармағының 1), 2), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындамауы;
2) осы Кодекстің 528-4-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша электрондық сауда операторының қызметін тоқтата тұрған себептердің жойылмауы;
3) кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің осы Кодекстің 86-бабының 4-тармағына, 137-бабының 4-тармағына, 392-8-бабының 20-тармағына, 417-бабының 10-тармағына және 418-бабының 26-тармағына сәйкес кеден органы жіберген хабарламада көрсетілген мерзімде орындалмауы, сондай-ақ, егер төлеу мерзімі осы Кодексте белгіленсе, өсімпұлдардың, пайыздардың мерзімінде төленбеуі;
4) электрондық сауда операторының электрондық сауда операторларының тізілімінен өзін алып тастау туралы кеден органының цифрлық жүйесі арқылы берілген өтініші;
5) электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы;
6) заңды тұлғаның қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастырылуын қоспағанда, электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізілген осындай тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
7) электрондық сауда операторының қызметін қайта бастау туралы заңды тұлғаның өтініші болмаған кезде осы Кодекстің 528-4-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген электрондық сауда операторының қызметін тоқтата тұру мерзімінің өтуі;
8) заңды тұлғалардың электрондық сауда операторы ретіндегі қызметі шеңберінде электрондық сауда операторының басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235-1, 236, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі.
2. Электрондық сауда операторын электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының цифрлық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Электрондық сауда операторын электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының цифрлық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы электрондық сауда операторын электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, себептерін көрсете отырып, алып тасталғаны туралы заңды тұлғаны кеден органдарының цифрлық жүйесі арқылы хабардар етеді.
3. Заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 1), 2), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған жағдайда, электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы электрондық сауда операторын электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.
4. Осы баптың 2-тармағында көзделген электрондық сауда операторын электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның электрондық сауда операторы ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
528-6-бап. Электрондық сауда операторының құқықтары
1. Электрондық сауда операторы өз қызметін жүзеге асыру кезінде электрондық сауда тауарларын алушылар болып табылатын жеке тұлғалардан және электрондық сауда алаңдарынан кедендік операцияларды жасауға қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және осындай құжаттар мен мәліметтерді осы Кодексте белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін мерзімдерде алуға құқылы.
2. Егер электрондық сауда операторы жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік декларациялауды және өзге де кедендік операцияларды жасаса, электрондық сауда операторы осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағында көрсетілген құқықтарға ие болады, сондай-ақ осы Кодекстің 183-бабында көзделген электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгертумен (толықтырумен) байланысты кедендік операцияларды жасауға құқылы.
3. Электрондық сауда операторы өз қызметінің аясын жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына немесе жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік операциялар жасаумен шектеуге құқылы.
528-7-бап. Электрондық сауда операторының міндеттері мен жауапкершілігі
1. Электрондық сауда операторы:
1) осы Кодекстің 528-2-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу шарттарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, электрондық сауда тауарларын алушылар болып табылатын жеке тұлғалардан және электрондық сауда алаңдарынан алынған, мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты жеке мақсатта жария етпеуге, пайдаланбауға және өзге тұлғаларға бермеуге міндетті. Осы тармақша электрондық сауда операторының жұмыскерлеріне де қолданылады;
3) өзін электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізген аумақтық кеден органын электрондық сауда операторларының тізіліміне енгізу кезінде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені туралы хабардар етуге және мұндай өзгерістерді растайтын құжаттарды осындай мәліметтер өзгерген күннен бастап немесе өзіне бұлардың өзгергені белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынуға;
4) құрылысжайлардағы (үй-жайлардағы, алаңдардағы) электрондық сауда тауарларының сақталуын қамтамасыз етуге;
5) кедендік бақылауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
6) осы Кодекстің 236-бабының 2-тармағында белгіленген кеден қоймасы кедендік рәсіміне сәйкес электрондық сауда тауарларын пайдалану шарттарын сақтауға;
7) уақытша сақтауға орналастырылған электрондық сауда тауарларының және құрылысжайлардағы (үй-жайлардағы, алаңдардағы) кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларының бөлек есебін жүргізуге және кеден органдарына, оның ішінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, осындай тауарлар туралы есептілікті ұсынуға;
8) кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларының және жеке тұлғалар сатып алған, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған және құрылысжайлардан (үй-жайлардан, алаңдардан) әкетілген электрондық сауда тауарларының бөлек есебін жүргізуге және кеден органдарына, оның ішінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жеке тұлғалар сатып алған және құрылысжайлардан (үй-жайлардан, алаңдардан) әкетілген осындай тауарлар туралы есептілікті ұсынуға;
9) электрондық сауда операторының жұмыскерлері болып табылмайтын немесе осындай құрылысжайларда (үй-жайларда, алаңдарда) тұрған электрондық сауда тауарларына қатысты өкілеттіктері жоқ бөгде адамдарды кеден органдарының рұқсатынсыз құрылысжайларға (үй-жайларға, алаңдарға) жібермеуге;
10) кеден органдары лауазымды адамдарының құрылысжайларда (үй-жайларда, алаңдарда) тұрған электрондық сауда тауарларына қол жеткізуіне қатысты кеден органдарының талаптарын орындауға;
11) осы Кодекстің 528-2-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген цифрлық жүйе арқылы кеден органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
12) осы Кодексте белгіленген өзге де міндеттерді сақтауға міндетті.
2. Электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған жағдайда заңды тұлға:
1) уақытша сақтауға орналастырылған электрондық сауда тауарларына қатысты – осындай заңды тұлға электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тауарларды шығарумен байланысты кедендік операцияларды жасауды қамтамасыз етуге;
2) басқа электрондық сауда операторы уақытша сақтауға орналастырған электрондық сауда тауарларына қатысты – осындай заңды тұлға электрондық сауда операторларының тізілімінен алып тасталған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде тауарларды шығарумен байланысты кедендік операциялардың жасалуын қамтамасыз ету қажеттігі туралы электрондық сауда операторларының тізілімінен осындай заңды тұлға алып тасталған күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осындай электрондық сауда операторына хабарлауға;
3) кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған, жеке тұлғаларға өткізуге арналған электрондық сауда тауарларына қатысты – осы Кодекстің 392-6-бабының 7-тармағына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтауға міндетті.
3. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік декларациялауды және өзге де кедендік операцияларды электрондық сауда операторы жасаған жағдайда, ол осы Кодекстің 150-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-қимылдарды жасауға міндетті. Кедендік төлемдерді төлеу декларант есебінен жүргізіледі.
Көрсетілген жағдайда декларант осы Кодекстің 150-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-қимылдарды жасамайды.
4. Осы Кодекстің 392-6-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген кедендік операциялар жасалған жағдайда электрондық сауда операторы осы Кодекстің 150-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген іс-қимылдарды жасауға міндетті. Электрондық сауда тауарларына қатысты кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу электрондық сауда тауарларын сатып алған жеке тұлғаның ақшасы есебінен жүргізіледі.
5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, электрондық сауда тауарларына арналған декларацияда анық емес мәліметтерді мәлімдегені үшін, сондай-ақ кеден органына жарамсыз, оның ішінде қолдан жасалған және (немесе) көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынғаны үшін электрондық сауда операторы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
51) 535-баптың 20-тармағында:
"және (немесе) кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне" деген сөздер ", кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне және (немесе) электрондық сауда операторларының тізіліміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"немесе кедендік тасымалдаушы" деген сөздер ", кедендік тасымалдаушы және (немесе) электрондық сауда операторы" деген сөздермен ауыстырылсын;
52) 553-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағындағы кез келген кеден органына тауарларға арналған декларацияны, электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны беруге жол беретін, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарт күшіне енгенге дейін:
1) тауарларға арналған декларация:
егер осы Кодекстiң 149-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тұлғасы, сондай-ақ осы Кодекстiң 149-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацында аталған шетелдік тұлға тауарлар декларанты болып әрекет етсе, тауарлар декларанты болып табылатын тұлға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, тіркелген не өзі аумағында тұрақты тұратын мүше мемлекеттің кеден органына;
егер осы Кодекстiң 149-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші немесе төртінші абзацтарында не 149-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында аталған шетелдік тұлға тауарлар декларанты болып әрекет етсе, аумағында декларацияланатын тауарлар тұрған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына;
осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған тұлға тауарлар декларанты болып әрекет етсе, аумағында декларацияланатын тауарлар және осындай тұлға орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына беріледі;
2) электрондық сауда тауарларына арналған декларация:
егер жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялауды осы Кодекстің 392-4-бабы 1-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес осындай тауарлардың декларанты болып әрекет ете алатын тұлға жүзеге асыратын болса, электрондық сауда тауарларын алушы болып табылатын жеке тұлға аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын (уақытша болатын) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына;
егер электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялауды электрондық сауда операторы жүзеге асыратын болса, заңнамасына сәйкес электрондық сауда операторы болып табылатын тұлға құрылған (тіркелген) және аумағында электрондық сауда тауарларын алушы болып табылатын жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын (уақытша болатын) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына беріледі.";
53) 569-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Жеке тұлғалар сатып алған электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялауды электрондық сауда операторларының тізіліміне бірінші электрондық сауда операторы енгізілген күннен бастап алты ай ішінде, бірақ 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2023 жылы 25 желтоқсанда қол қойылған хаттама күшіне енген күннен бастап он екі айдан аспайтын мерзімде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әрқайсысында, осындай тауарлар декларанттары – жеке тұлғалардың атынан және олардың тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілдері жүзеге асыра алады.".
2-бап. Осы Заң 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2023 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған хаттама күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |