"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 14 мамырдағы № 289-VIII ҚРЗ

      1-бап. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) 5-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сол бір құрметті атақ қайталап берілмейді.";

      2) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-бап. Қазақстан Республикасының ордендері:

      - "Отан";

      - "Барыс";

      - "Даңқ";

      - "AL-Farabi";

      - "Qoja Ahmet Yasaui";

      - "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев";

      - "Мейірім";

      - "Айбын";

      - "Парасат";

      - "Достық";

      - "Ел бірлігі";

      - "Құрмет";

      - "Еңбек Даңқы".";

      3) 12-1-бап алып тасталсын;

      4) 13-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы "әскерлерінің және әскери құралымдарының,", "Қазақстан Республикасының прокуратура, азаматтық қорғау, ішкі істер органдарының" деген сөздер тиісінше "әскерлер мен әскери құралымдардың,", "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) мынадай мазмұндағы 13-1, 13-2, 13-3 және 13-4-баптармен толықтырылсын:

      "13-1-бап. "AL-FARABI" орденімен Қазақстан Республикасына сіңірген зор еңбегі үшін, білім мен ғылым, мәдениет пен рухани өмір салаларында елеулі табыстарға қол жеткізген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары марапатталады.

      13-2-бап. "QOJA AHMET YASAUI" орденімен Қазақстан Республикасының дамуына ерекше еңбек сіңірген отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ мемлекеттікті нығайтуға, қоғамдық-саяси, әлеуметтік, ағартушылық, мәдени және гуманитарлық салаларды дамытуға үлес қосқан азаматтар марапатталады.

      13-3-бап. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен Қазақстан Республикасының қалыптасуына, көркеюіне және даңқын шығаруға ықпал еткен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтары марапатталады.

      "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін шет мемлекеттердің басшылары мен үкімет басшылары марапатталуы мүмкін.

      13-4-бап. "Мейірім" орденімен жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытқан, қайырымдылық қызметке, оның ішінде меценаттық немесе филантропиялық қызметке қомақты үлес қосқан азаматтар марапатталады.

      Ерекше жағдайларда айрықша көзге түскені үшін Мемлекет басшысының шешімімен "Мейірім" орденімен марапаттау белгіленген мерзімдер ескерілмей жүргізілуі мүмкін.";

      6) 14-бапта:

      бірінші бөліктің бірінші абзацындағы "басқа әскерлердің және әскери құрамалардың", "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура, азаматтық қорғау, ішкі істер органдарының" деген сөздер тиісінше "басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың", "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "офицерлердің кіші және аға құрамдарындағы адамдар наградталады" деген сөздер "кіші, аға және жоғары офицерлер құрамдарындағы адамдар марапатталады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Қазақстан Республикасының медальдары:

      - "Ерлігі үшін";

      - "Жауынгерлік ерлігі үшін";

      - "Ерен еңбегі үшін";

      - "Шапағат".";

      8) 20-баптың бірінші абзацындағы "әскерлері мен әскери құрамаларының", "мемлекеттік органдардың, прокуратура, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының" деген сөздер тиісінше "әскерлер мен әскери құралымдардың", "мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. Мына алқалар көпбалалы аналарға арналған наградалар болып саналады:

      - "Алтын алқа";

      - "Күміс алқа".".

      2-бап. Осы Заң қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

О внесении изменений и дополнения в Закон Республики Казахстан "О государственных наградах Республики Казахстан"

Закон Республики Казахстан от 14 мая 2026 года № 289-VIII ЗРК

      Статья 1. Внести в Закон Республики Казахстан от 12 декабря 1995 года "О государственных наградах Республики Казахстан" следующие изменения и дополнение:

      1) часть вторую статьи 5 изложить в следующей редакции:

      "Повторное присвоение одного и того же почетного звания не производится.";

      2) статью 11 изложить в следующей редакции:

      "Статья 11. Орденами Республики Казахстан являются:

      - "Отан";

      - "Барыс";

      - "Даңқ";

      - "AL-FARABI";

      - "QOJA AHMET YASAUI";

      - "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев";

      - "Мейірім";

      - "Айбын";

      - "Парасат";

      - "Достық";

      - "Ел бірлігі";

      - "Құрмет";

      - "Еңбек Даңқы".";

      3) статью 12-1 исключить;

      4) в абзаце первом части первой статьи 13 слова "органов прокуратуры, гражданской защиты, внутренних дел Республики Казахстан" заменить словами "правоохранительных органов, органов гражданской защиты и государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан";

      5) дополнить статьями 13-1, 13-2, 13-3 и 13-4 следующего содержания:

      "Статья 13-1. Орденом "AL-FARABI" награждаются граждане Республики Казахстан и иностранные граждане за большие заслуги перед Республикой Казахстан, добившиеся значительных успехов в сферах образования и науки, культуры и духовной жизни.

      Статья 13-2. Орденом "QOJA AHMET YASAUI" награждаются отечественные и зарубежные ученые, государственные и общественные деятели, имеющие особые заслуги в развитии Республики Казахстан, а также граждане, внесшие вклад в укрепление государственности, развитие общественно-политической, социальной, просветительской, культурной и гуманитарной сфер.

      Статья 13-3. Орденом "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" награждаются граждане Республики Казахстан за особые заслуги в государственной и общественной деятельности, способствующей становлению, процветанию и славе Республики Казахстан.

      Орденом "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" за особые заслуги перед Республикой Казахстан могут быть награждены главы и руководители правительств зарубежных государств.

      Статья 13-4. Орденом "Мейірім" награждаются граждане, проявившие высокую социальную ответственность, внесшие весомый вклад в благотворительную деятельность, в том числе меценатскую или филантропическую.

      В исключительных случаях за особые отличия по решению Главы государства награждение орденом "Мейірім" может быть произведено без учета установленных сроков.";

      6) в статье 14:

      в абзаце первом части первой слова "специальных государственных органов, органов прокуратуры, гражданской защиты, внутренних дел Республики Казахстан" заменить словами "специальных государственных и правоохранительных органов, органов гражданской защиты и государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан";

      в части второй слова "младшего и старшего" заменить словами "младшего, старшего и высшего";

      7) статью 18 изложить в следующей редакции:

      "Статья 18. Медалями Республики Казахстан являются:

      - "Ерлігі үшін";

      - "Жауынгерлiк ерлігі үшін";

      - "Ерен еңбегі үшін";

      - "Шапағат".";

      8) в абзаце первом статьи 20 слова "специальных государственных органов, органов прокуратуры, гражданской защиты, национальной безопасности, внутренних дел Республики Казахстан" заменить словами "специальных государственных и правоохранительных органов, органов гражданской защиты и государственной фельдъегерской службы Республики Казахстан";

      9) статью 27 изложить в следующей редакции:

      "Статья 27. Наградами для многодетных матерей являются подвески:

      - "Алтын алқа";

      - "Күміс алқа".".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
К. ТОКАЕВ