ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):
895-баптағы "заң актілерінде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
40-баптың 1-тармағындағы "заң бойынша" деген сөздер алып тасталсын.
3. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 37-баптың 6-тармағындағы "неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезден бастап" деген сөздер алып тасталсын;
2) 141-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "не, егер ата-ана табысын және (немесе) өзге де кірісін толығымен немесе ішінара заттай алатын ата-аналардан" деген сөздер "ата-анадан не егер ата-анасы табысын және (немесе) өзге де кірісін толығымен немесе ішінара заттай алса, сондай-ақ егер ата-анасы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимдерін қолданатын тұлға болса не Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге тұрақты тұруға кетсе," деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
250-1-баптың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац "жылжымайтын мүлкіне" деген сөздерден кейін ", оның ішінде ондағы үлеске" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Бұл ретте "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында көзделген өзге де атқару құжаттарын орындау барысында берешекті өзге мүлік есебінен өтеу мүмкін болмаған кезде не мүлік жеткіліксіз болған кезде өндіріп алушының не сот орындаушысының сотқа жүгінуі арқылы борышкердің тұрғынжайынан, оның ішінде ондағы үлестен өндіріп алуға жол беріледі.".
5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
20-4-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) Қазақстан Ұлттық Банкінің немесе оның ведомствосының қызметшісі лауазымына орналасқан күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және Қазақстан Ұлттық Банкінің кадр қызметіне сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.".
6. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
15-13-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) уәкілетті орган қызметшісі лауазымына орналасқан күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және уәкілетті органның кадр қызметіне сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.".
7. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
55-баптың 8-тармағындағы "Борышкердің" және "мүлкіне" деген сөздер тиісінше "Борышкердің тұрғынжайына, оның ішінде ондағы үлеске өндіріп алуды қолдану Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Борышкердің" және "өзге мүлкіне" деген сөздермен ауыстырылсын.
8. "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген" деген сөздер алып тасталсын;
2) 8-баптың 3-тармағындағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды" деген сөздер "сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды, олардың қабылдануын құқық қорғау органдарының кадр қызметтері жазбаша нысанда тіркеп-белгілейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 16-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген" деген сөздер алып тасталсын;
4) 17-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;";
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттері болып табылатын не осы тармақтың 3-2) тармақшасында көрсетілген акцияларды басқару үшін қажетті, не тұтыну кооперативін немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқаруға өтеусіз негізде қатысу болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымды басқаруға қатысуға;
3-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, бағалы қағаздарды сатып алуға;";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, лауазымға кіріскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды), цифрлық активтерді, сондай-ақ мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті қоспағанда, өзіне меншік құқығында немесе өзге де заттай құқықта тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті құқық қорғау қызметін өткеру уақытында сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде кадр қызметіне мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Қызметкер өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруға және осындай тапсырудан кіріс алуға, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен және басқа да заңды көздерден кіріс алуға құқылы.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қызметкерлер қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.";
3-тармақтағы "осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен" деген сөздер "осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 80-баптың 1-тармағының 15-2) тармақшасындағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген" деген сөздер алып тасталсын.
9. "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген" деген сөздер алып тасталсын;
2) 8-баптың 13-тармағындағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды, олар жазбаша нысанда тіркеледі" деген сөздер "сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды, олардың қабылдануын арнаулы мемлекеттік органдардың кадр бөлімшелері жазбаша нысанда тіркеп-белгілейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 19-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;";
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттері болып табылатын не осы тармақтың 3-2) тармақшасында көрсетілген акцияларды басқару үшін қажетті, не тұтыну кооперативін немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқаруға өтеусіз негізде қатысу болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымды басқаруға қатысуға;
3-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, бағалы қағаздарды сатып алуға;";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қызметкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, лауазымға кіріскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды), цифрлық активтерді, сондай-ақ мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті қоспағанда, өзіне меншік құқығында немесе өзге де заттай құқықта тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті қызмет өткеру уақытында сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде кадр бөлімшесіне мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Қызметкер өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруға және осындай тапсырудан кіріс алуға, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен және басқа да заңды көздерден кіріс алуға құқылы.";
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
"2-2. Қызметкерлер қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер осы Заңда және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
Мемлекеттік саяси қызметшілер қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.".
10. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші әскери қызметке кірген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды), цифрлық активтерді, сондай-ақ мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті қоспағанда, өзіне меншік құқығында немесе өзге де заттай құқықта тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті әскери қызмет өткеру кезеңінде сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде кадр қызметіне мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруға және осындай тапсырудан кіріс алуға, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен және басқа да заңды көздерден кіріс алуға құқылы.";
2) 8-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әскери қызметші:";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;";
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттері болып табылатын не осы тармақтың 3-2) тармақшасында көрсетілген акцияларды басқару үшін қажетті, не тұтыну кооперативін немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқаруға өтеусіз негізде қатысу болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымды басқаруға қатысуға;
3-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, бағалы қағаздарды сатып алуға;";
мынадай мазмұндағы 2 және 3-тармақтармен толықтырылсын:
"2. Әскери қызметшілер қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер осы Заңда және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
Мемлекеттік саяси қызметшілер қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.
3. Осы бапта көзделген шектеулерді сақтамағаны үшін жауаптылық осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.";
3) 38-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдайды, олар жазбаша нысанда тіркеледі" деген сөздер "сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды, олардың қабылдануын тиісті мемлекеттік мекемелердің кадр бөлімшелері жазбаша нысанда тіркеп-белгілейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан" деген сөздер "сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 40-2-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдайды, олар жазбаша нысанда тіркеледі" деген сөздер "сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды, олардың қабылдануын тиісті мемлекеттік мекемелердің кадр бөлімшелері жазбаша нысанда тіркеп-белгілейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан" деген сөздер "сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "8-бабының 2), 3) және 4)" деген сөздер "8-бабы 1-тармағының 2), 3), 3-1), 3-2) және 4)" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 53-баптың 1-тармағында:
бірінші абзацтағы "командир (бастық) әскери қызметшіге тәртіптік жазалардың" деген сөздер ", оның ішінде қызметте болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтамағаны үшін әскери қызметшіге тәртіптік жазалардың мынадай түрлері қолданылуы мүмкін" деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақшадағы "түрлерін қолданады" деген сөздер алып тасталсын.
11. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
4) тармақша "сайланған адам" деген сөздерден кейін "(мәслихат депутатын қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшадағы "осы Заңда белгіленген және" деген сөздер "осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген," деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-бапта:
бірінші абзац пен 1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын қоспағанда), лауазымды адамдарға, өкілеттігін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын, еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының бюджет қаражатынан жүргізілетін аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілеріне, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілеріне, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілеріне, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық және өңірлік даму институттарында, олардың еншілес ұйымдарында қызметін жүзеге асыратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттері болып табылатын не осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген акцияларды басқару үшін қажетті, не осы баптың 2-1-тармағында көзделген, не саяси партияны, кәсіптік одақты, тұтыну кооперативін немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқаруға өтеусіз негізде қатысу болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымды басқаруға қатысуға;
2) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;";
3) тармақшадағы "айналысуға тыйым салынады." деген сөздер "айналысуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, бағалы қағаздарды сатып алуға тыйым салынады.";
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Осы баптың 1-тармағының талаптары қолданылмайтын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда) өз бетінше коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға, кәсіпкерлік және басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға:
1) егер тиісті қызмет лауазымдық міндеттерін орындауға кедергі келтірсе;
2) егер тиісті қызмет қызметтік мүлікті пайдалануға алып келсе;
3) мүдделер қақтығысы болған кезде құқылы емес.
1-2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыруы бойынша шектеулер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.";
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1. Ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық және өңірлік даму институттарында, олардың еншілес ұйымдарында қызметін жүзеге асыратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, тиісті ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен, ұлттық және өңірлік даму институттарымен, олардың еншілес ұйымдарымен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалардың басқару органдарында, байқау кеңестерінде, атқарушы органдарында ақы төленетін лауазымдарды атқаруға құқылы.";
3-тармақ алып тасталсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілері, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар лауазымға тағайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге және жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
5. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар лауазымға кіріскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды), цифрлық активтерді, сондай-ақ мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті қоспағанда, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заттай құқықта тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті осы функцияларды орындау уақытында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.";
6-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алынған ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды), цифрлық активтерді қоспағанда, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікке меншік құқығы немесе өзге де заттай құқық туындаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, меншік құқығы немесе өзге де заттай құқық туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оны сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілері, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері мұрагерлікті қабылдау нәтижесінде немесе соттардың шешімдері негізінде немесе аталған адамдардың еркінен тыс өзге де жағдайларда алынған, өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, меншік құқығы немесе өзге де заттай құқық туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдар өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруға және осындай тапсырудан кіріс алуға, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен және өзге де заңды көздерден кіріс алуға құқылы.";
8-тармақтағы "осы баптың 5" деген сөздер "осы баптың 4, 5" деген сөздермен ауыстырылсын.
12. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық міндеттері болып табылатын не осы тармақтың 3-2) тармақшасында көрсетілген акцияларды басқару үшін қажетті, не саяси партияны, кәсіптік одақты, тұтыну кооперативін немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативін басқаруға өтеусіз негізде қатысу болып табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымды басқаруға қатысуға;";
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
3-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы емес.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға құқылы емес.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, лауазымға орналасқан күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, өздеріне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды), цифрлық активтерді, сондай-ақ мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті қоспағанда, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заттай құқықта тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытында сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.";
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруға және осындай тапсырудан кіріс алуға, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен және өзге де заңды көздерден кіріс алуға құқылы.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары көрсетілген мемлекеттік лауазымдарға тағайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.";
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер және мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер осы Заңда, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.";
2) 18-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызметке кіретін адамдар мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.";
3) 59-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы "өзіне меншік құқығымен тиесілі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 61-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеуі;".
13. "Төрелік туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 52-бапта:
тақырыптағы "негізі" деген сөз алып тасталсын;
3-тармақтағы ", атқару парағын беруден бас тартуды" деген сөздер алып тасталсын;
2) 57-бапта:
тақырыптағы "үшiн негiздер" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Атқару парағын беруден бас тарту туралы өтінішхатты қараған кезде сот төреліктің шешімін мәні бойынша қайта қарауға құқылы емес.".
14. "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" 2023 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 10-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару бойынша қабылданған шаралар, олардың нәтижелері, қайтарылған активтердің азаматтар мен мемлекет мүддесінде пайдаланылуы туралы, сондай-ақ активтерді заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша қабылданған жүйелі шаралар туралы ақпаратты жыл сайын (бұдан әрі – жыл сайынғы ақпарат) өзге де мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің материалдары мен мәліметтері негізінде де дайындайды.
2. Жыл сайынғы ақпарат активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.";
2) 3-тараудың тақырыбындағы "жөніндегі шаралар" деген сөздер "шаралары, тәсілдері мен тәртібі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-баптың 5-тармағындағы "осы Заңның 4-тарауының" деген сөздер "осы тараудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 4-тараудың тақырыбы алып тасталсын;
5) 24-баптың 2-тармағы "мемлекетке беру" деген сөздерден кейін "не қаражатты ұлттық экономикаға және (немесе) әлеуметтік-мәдени объектілер салуға инвестициялау, не елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзге де үлес қосу" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 25-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
"Өзге де келісімдер деп активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган тізілімге енгізілген тұлғалармен және өзге де тұлғалармен жасасатын келісімдер түсініледі.
Өзге де келісімдерде экономикалық жобаларды іске асыру, жаңа өндірістерді, кәсіпорындарда қосымша жұмыс орындарын ашуға инвестициялар көзделуі мүмкін.
Өзге де келісімдерде әлеуметтік-мәдени объектілер салу, халықтың әртүрлі санаттарына көмек көрсету бойынша әлеуметтік, қайырымдылық және өзге де жобаларды іске асыру, сондай-ақ халқының игілігі үшін Қазақстанның орнықты әлеуметтік және экономикалық дамуына өзге де үлес қосу да көзделуі мүмкін.
Қажет болған жағдайда, активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік органдар өзге де келісімнің қатысушылары (тарапы) бола алады.
Өзге де келісімнің шарттарын орындау мақсатында мемлекеттік органдар тізілімге енгізілген тұлғалармен, сондай-ақ өзге де тұлғалармен мемлекет мүддесінде активтерді беру туралы басқа да келісімдерді жасаса алады.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген келісімдерді жасасу нәтижесінде қайтарылған немесе мемлекет кірісіне берілген активтер заңсыз деп танылмайды.".
2-бап. Осы Заң Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне тиісті өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |