ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):
1-тармақтың 8) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"8) сәндік-қолданбалы өнер туындылары;";
"12) компьютерлік бағдарламалар (бағдарламалық қамтылым);";
2-тармақтағы "ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды", "кез келген тiлде және кез келген нысанда көрсетiле алатын, оларға негiзгi мәтiнді және объектiлiк кодты қоса алғанда, ЭЕМ (оның iшiнде операциялық жүйелер) бағдарламаларының барлық түрлерiне" деген сөздер тиісінше "Компьютерлік бағдарламаларды (бағдарламалық қамтылымды)", "бастапқы мәтін мен объектінің кодын қоса алғанда, кез келген тілде және кез келген нысанда көрсетілуі мүмкін компьютерлік бағдарламалардың (бағдарламалық қамтылымның) барлық түрлеріне (оның ішінде операциялық жүйелерге)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
138-баптың 64) тармақшасындағы "тауар белгісін" деген сөздер "авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгісін" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:
461-баптың 1-тармағы "қызмет көрсету белгілерін" деген сөздерден кейін ", географиялық нұсқамаларды" деген сөздермен толықтырылсын.
4. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша "мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын", "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын", "Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын, авторлық және сабақтас құқықтардың иелері оның репертуарынан туындылар мен сабақтас құқықтардың объектілерін алып тастаған ұйым" деген сөздер тиісінше "құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі", "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі", "Репертуарынан авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілер туындылар мен сабақтас құқықтардың объектілерін алып тастаған, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бапта:
"деректер базасы", "Деректер базасы", "деректер базасының" деген сөздер тиісінше "дерекқор", "Дерекқор", "дерекқордың" деген сөздермен ауыстырылып, "электрондық" деген сөз алып тасталсын;
"ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға" деген сөздер "компьютерлік бағдарламаға (бағдарламалық қамтылымға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2), 15-3), 15-4), 21-1) және 21-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"15-1) компьютерлік бағдарлама (бағдарламалық қамтылым) – табиғатына орай компьютерлік бағдарлама (бағдарламалық қамтылым) дайындық материалдарының неғұрлым кейінірек кезеңдегі нәтижесі болып табылатын осындай материалдарды қоса алғанда, машина оқитын материалдық жеткізгішке жазу кезінде ЭЕМ-мен белгілі бір міндетті орындау немесе нәтижеге қол жеткізу қамтамасыз етілетін, сөздер, схемалар түрінде немесе бейнелеудің кез келген өзге де нысанында көрсетілген командалар жиынтығы;
15-2) компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) қайта құрастыру – компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) құрылымын зерделеу және оны кодтау мақсатында объектінің кодын бастапқы мәтінге өзгертуді қамтитын техникалық тәсіл;
15-3) компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) немесе дерекқорды бейімдеу – компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) немесе дерекқордың пайдаланушының нақты техникалық құралдарында немесе пайдаланушының нақты бағдарламаларының басқаруымен жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ғана жүзеге асырылатын, компьютерлік бағдарламаларға (бағдарламалық қамтылымға) немесе дерекқорға өзгерістер енгізу;
15-4) компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) немесе дерекқорды түрлендіру (өңдеу) – компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) немесе дерекқордың бейімделуге жатпайтын кез келген өзгерістері;";
"21-1) құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа (бұдан әрі – бірыңғай цифрлық платформа) – сараптама ұйымының құқықтарды ұжымдық басқару саласында оның пайдаланылуына бірыңғай қол жеткізу нүктесін осы Заңға сәйкес ұсынатын цифрлық жүйесі;
21-2) құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа субъектісі – құқық иеленуші, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым, пайдаланушы, сараптама ұйымы;";
40), 41), 42) және 43) тармақшалар алып тасталсын;
45) тармақша "эфирге" деген сөзден кейін "(ретрансляциялауды қоса алғанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
45-1) тармақша "эфирге", "Эфирге" деген сөздерден кейін "(ретрансляциялауды қоса алғанда)" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 7-бапта:
1-тармақтың 8) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"8) сәндік-қолданбалы өнер туындылары;";
"12) компьютерлік бағдарламалар (бағдарламалық қамтылым);";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Компьютерлік бағдарламаларды (бағдарламалық қамтылымды) қорғау бастапқы мәтін мен объектінің кодын қоса алғанда, кез келген тілде және кез келген нысанда көрсетілуі мүмкін компьютерлік бағдарламалардың (бағдарламалық қамтылымның) барлық түрлеріне, оның ішінде операциялық жүйелерге қолданылады.";
4) 9-баптың 1-тармағында:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Автор жарияланбаған туындыға жеке мүліктік емес құқықтарын куәландыру үшін, сондай-ақ құқық иеленуші туындыға айрықша мүліктік құқықтарды иеленгенін растау үшін авторлық құқық қорғалатын не тиісті шарттар қолданылатын мерзім ішінде кез келген уақытта құқықтар туралы мәліметтерді Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізуге құқылы. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізуді сараптама ұйымы жүзеге асырады. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу тәртібін, сондай-ақ оған мәліметтер мен осы мәліметтерге өзгерістер енгізілгенін растайтын куәліктің нысанын уәкілетті орган бекітеді.";
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне бір жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (көрсететін қызметтерін) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерінен) ажыратуға қызмет ететін (арналған) туындыларға құқықтар туралы мәліметтер енгізілмейді.";
5) 9-1-бап алып тасталсын;
6) 9-2-бапта:
1), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді, өзгерістерді және күшін жоюды енгізеді;";
"3) Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді және оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
4) осы Заңда көзделген құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы тізілімдерді қалыптастырады және жүргізеді;";
мынадай мазмұндағы 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) бірыңғай цифрлық платформаны ендіруді жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңның 44, 46 және 47-баптарына сәйкес құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың және пайдаланушылардың мәліметтерді орналастыруын қамтамасыз етеді;
6) осы Заңның талаптарына сәйкес бірыңғай цифрлық платформаны ақпаратпен толтыруды, дамытуды, сүйемелдеуді және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
7) бірыңғай цифрлық платформаны мониторингтеуді жүзеге асырады, сондай-ақ бірыңғай цифрлық платформаның цифрлық жүйелермен өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді;
8) бірыңғай цифрлық платформа субъектісіне бірыңғай цифрлық платформаның жұмыс істеуі мәселелері бойынша өтеусіз негізде консультациялық көмек көрсетеді;
9) бірыңғай цифрлық платформада орналастырылған деректердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
10) авторлардың, орындаушылардың, фонограммалар мен дыбыстау-бейнелеу туындыларын шығарушылардың фонограммалар мен дыбыстау-бейнелеу туындыларын жеке мақсатта және табыс алмастан қайта шығарғаны үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру саласындағы құқықтарды басқаруды жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.";
2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы және екінші бөлігіндегі "Тізілімге" деген сөз "Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 16-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "деректер базасының" деген сөздер "дерекқордың" деген сөзбен ауыстырылып, 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) авторына немесе авторлық құқықты иеленушiсіне тиесілі болады.";
5-тармақтағы "мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын" деген сөздер "құқықтарын ұжымдық басқару жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 16-1-баптың бірінші бөлігіндегі ", туындыны автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығаруға және" деген сөздер "және осы Заңның 26-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 18-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "деректер базаларын" деген сөздер "дерекқорларды" деген сөзбен ауыстырылып, 3) тармақшасындағы "көзделгендерден басқа реттердi қоспағанда, ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды көшiрмелеуге" деген сөздер "көзделген жағдайларды қоспағанда, компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) қайта шығаруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 19-баптың 6) тармақшасы ", тарату, жалпы жұрттың назарына жеткізу, көпшілік алдында орындау" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 24-баптың тақырыбындағы және бүкіл мәтіні бойынша "ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды және деректер базасын", "ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды", "кері жазып шығу", "ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның немесе деректер базасының", "ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға немесе деректер базасына", "ЭЕМ-ге арналған бағдарлама мен деректер базасының", "ЭЕМ-ге арналған бағдарлама", "ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны кері жазып шығуға", "ЭЕМ-ге арнап өз бетiнше жасаған бағдарламасының кері жазылып шыққан", "ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның кері жазылып шыққан", "ЭЕМ-ге арнап өз бетiнше жасалған бағдарламаның", "ЭЕМ-ге арнап керi жазылып шыққан бағдарламаға едәуiр ұқсайтын ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны", "ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны немесе деректер базасын" деген сөздер тиісінше "Компьютерлік бағдарламаларды (бағдарламалық қамтылымды) және дерекқорды", "Компьютерлік бағдарламаларды (бағдарламалық қамтылымды)", "қайта құрастыру", "Компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) немесе дерекқордың", "компьютерлік бағдарламаға (бағдарламалық қамтылымға) немесе дерекқорға", "компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) және дерекқордың", "Компьютерлік бағдарлама (бағдарламалық қамтылым)", "компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) қайта құрастыруға", "дербес әзірлеген компьютерлік бағдарламасының (бағдарламалық қамтылымының) қайта құрастырылған", "компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) қайта құрастырылған", "дербес әзірленген компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның)", "қайта құрастырылатын компьютерлік бағдарламаға (бағдарламалық қамтылымға) едәуір ұқсайтын компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды)", "компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) немесе дерекқорды" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 26-баптың 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Заңның 43-бабының 3-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген сыйақыны жинауды, бөлуді және төлеуді сараптама ұйымы жүзеге асырады.
4. Көрсетілген сыйақыны сараптама ұйымы осы Заңға сәйкес құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар арасында мынадай пропорцияда бөледі: авторларға – қырық пайыз, орындаушыларға – отыз пайыз, фонограмма шығарушыларға отыз пайыз.
5. Сыйақының мөлшерін, оны жинау, бөлу және төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының уәкілетті органы белгілейді.";
13) 29-баптың 4-тармағындағы "мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын" деген сөздер "құқықтарын ұжымдық басқару жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 32-баптың 12-тармағында:
"Электрондық" деген сөз "Цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
"соның iшiнде ЭЕМ-ге және деректер базасына арналған бағдарламаның" деген сөздер "оның ішінде компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) және дерекқордың" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 39-бапта:
2-тармақтағы "құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын" деген сөздер "құқықтарын ұжымдық басқару жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
16) 40-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы "эфирге" деген сөзден кейін ", оның ішінде өз хабарларын ретрансляциялау арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;
17) 40-2-баптың бірінші бөлігіндегі ", автордың және фонограмма шығарушының келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығаруға және" деген сөздер "және осы Заңның 26-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 43-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігінде:
1) тармақшадағы "кәбіл бойынша хабарлау немесе эфирде беру, оның ішінде ретрансляциялау арқылы хабарлауға" деген сөздер "кәбіл арқылы хабарлануына немесе эфирге, оның ішінде ретрансляциялау арқылы берілуіне, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына жеткізілуіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "туындыларын көпшілік алдында орындау немесе жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлау немесе эфирде беру" деген сөздер "туындысын көпшілік алдында орындағаны немесе жалпы жұрттың назарына кәбіл арқылы хабарлағаны немесе эфирге бергені, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына жеткізгені" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) орындаушылар мен фонограмма шығарушылардың коммерциялық мақсаттарда жарияланған фонограммаларды көпшілік алдында орындағаны, жалпы жұрттың назарына кәбіл арқылы хабарлағаны немесе эфирге бергені, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына жеткізгені үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру;";
6) тармақша және 7) тармақшадағы "басқару;" деген сөз "басқару салаларында құрылуы мүмкiн." деген сөздермен ауыстырылып, 8) тармақша алып тасталсын;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілер мұндай өкілеттіктерді құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі бір ұйымға ғана бере алады.";
19) 44-баптың 2-1-тармағында:
"Пайдаланушылар" деген сөзден кейін "бірыңғай цифрлық платформа арқылы шарт жасасуға және" деген сөздермен толықтырылсын;
"электрондық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
20) 45-бапта:
1) тармақшадағы "электрондық" деген сөз "цифрлық" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "2, 3-тармақтары" деген сөздер "2-тармағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
21) мынадай мазмұндағы 45-1-баппен толықтырылсын:
"45-1-бап. Бірыңғай цифрлық платформа
1. Сараптама ұйымы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бірыңғай цифрлық платформаны басқаруды жүзеге асырады және оның құқықтарды ұжымдық басқару саласында пайдаланылуына бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынады.
2. Бірыңғай цифрлық платформаның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін сараптама ұйымы мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқару саласындағы мынадай тізілімдерді (бұдан әрі – тізілімдер) қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады:
1) туындылар тізілімі;
2) авторлар мен құқық иеленушілер тізілімі;
3) құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар тізілімі;
4) пайдаланушылар тізілімі;
5) шарттар тізілімі;
6) бірыңғай цифрлық платформаның жұмыс істеуіне қажетті өзге де тізілімдер.
Тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.";
22) 46-бапта:
1) тармақша "интернет-ресурсындағы" деген сөзден кейін "және бірыңғай цифрлық платформадағы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) бірыңғай цифрлық платформаны пайдалануға;";
2) тармақшада:
"отыз" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұл ретте сыйақыны жинау, бөлу және төлеу бойынша өздерінің нақты шығыстарын жабуға арналған сомалар әрбір құқық иеленушіге тиесілі әр сомаға пропорционалды түрде болуға тиіс;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) жиналған, бөлінген, төленген сыйақы, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымның шығыстарын жабуға бағытталған сыйақы туралы мәліметтерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша бірыңғай цифрлық платформаға енгізуге;";
6) және 7) тармақшалар "интернет-ресурста", "интернет-ресурсында" деген сөздерден кейін "және бірыңғай цифрлық платформада" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша "интернет-ресурсында" деген сөзден кейін "және бірыңғай цифрлық платформада" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша "интернет-ресурсында" деген сөзден кейін "және бірыңғай цифрлық платформада" деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшадағы "электрондық", "қамтамасыз етуге міндетті." деген сөздер тиісінше "цифрлық", "қамтамасыз етуге;" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) он жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай цифрлық платформада:
осындай ұйымның жарғысына және өзге де құрылтай құжаттарына енгізілген, әділет органдарында тіркелген өзгерістерді;
ұқсас құқықтарды басқаратын шетелдік ұйымдармен өзара мүдделілік білдіру туралы жасалған екіжақты және көпжақты шарттардың көшірмелерін;
жалпы жиналыс шешімдерінің көшірмелерін орналастыруға міндетті.";
1-1-тармақтың екінші бөлігі және 2-тармақтың екінші бөлігі "интернет-ресурсында" деген сөзден кейін "және бірыңғай цифрлық платформада" деген сөздермен толықтырылсын;
23) 46-2-бапта:
1-тармақтағы "осы Заңға" деген сөздер "құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – аккредиттеу жөніндегі комиссия) қорытындысына" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу қағидаларын, оларға қойылатын біліктілік талаптарын уәкілетті орган бекітеді.
Аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күн туралы ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және өзінің интернет-ресурсында аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей орналастырады.";
3, 4, 5, 6, 7, 10 және 11-тармақтар алып тасталсын;
24) 47-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Авторлардың, орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың немесе авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды өзге де иеленушілердің құқықтарын ұжымдық басқару жөніндегі ұйым жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей, бірыңғай цифрлық платформа арқылы уәкілетті органға:";
1), 2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
25) 47-1-бапта:
бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2), 3), 6) және 7) тармақшалар алып тасталып, 9) тармақшадағы "кері қайтарып алуы мүмкін" деген сөздер "кері қайтарып алады" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 47-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтату туралы ақпарат осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған күннен бастап бір ай мерзімде уәкілетті органның интернет-ресурсында және бірыңғай цифрлық платформада орналастырылады.";
27) 4-тарау мынадай мазмұндағы 47-3-баппен толықтырылсын:
"47-3-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру
1. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын уәкілетті орган:
1) аккредиттелген ұйымның қызметі туралы жыл сайынғы есеп белгіленген мерзімде уәкілетті органға ұсынылмаған;
2) аккредиттелген ұйымның қызметі туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын жыл сайынғы есеп уәкілетті органға ұсынылған жағдайларда үш айға тоқтата тұрады.
2. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында және бірыңғай цифрлық платформада осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған күннен бастап бір күн мерзімде орналастырылады.";
28) 48-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "кәбіл бойынша хабарлауға немесе эфирде беруге" деген сөздер "эфирде (оның ішінде ретрансляциялау) немесе кәбіл арқылы хабарлауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
29) мынадай мазмұндағы 48-2-баппен толықтырылсын:
"48-2-бап. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау
1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар пайдаланылған туындылар немесе сабақтас құқықтар объектілері, авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану нәтижесінде алынған кірістер туралы мәліметтерді, сондай-ақ авторлық сыйақы төлемдеріне қатысты мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсынуға міндетті.".
5. "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-1-баптың 2-тармағында:
2) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені;";
4) тармақша "тізілімінде", "тізілімінен" деген сөздерден кейін тиісінше "(тізілімдерінде)", "(тізілімдерінен)" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
2) 3-2-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы "заңнамасында" деген сөз "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 8-баптың 1-тармағында:
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Сараптама ұйымы өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған кезде іс жүргізуді қалпына келтіруі мүмкін.";
мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын:
"Өтінім беруші мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхатты өткізіп алған мерзім аяқталған күннен бастап он екі айдан кешіктірмей бере алады. Мұндай өтінішхат сараптама ұйымына сараптамада сұратылатын материалдармен, төлем туралы құжаттармен бір мезгілде ұсынылады.
Өтінім беруші селекциялық жетістік Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркелгенге дейін өтінімді кері қайтарып ала алады.";
4) 22-1-баптың 3-тармағындағы ", сондай-ақ көрсетілген уәкілетті органдардан қоғамдық кеңестердің" деген сөздер алып тасталсын;
5) 22-3-баптың 10-тармағында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
6) 22-4-бапта:
бірінші бөлік "тізілімінде" деген сөзден кейін "(тізілімдерінде)" деген сөзбен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту және оларға патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру нәтижелері бойынша патенттік сенім білдірілген өкіл қызметін:
1) тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары;
2) өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласында мамандануына сәйкес жүзеге асырады.
үшінші бөліктегі "аттестаттау комиссиясы" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік "тізілімінде" деген сөзден кейін "(тізілімдерінде)" деген сөзбен толықтырылсын;
бесінші бөлікте:
"тізілімі" деген сөз "тізілімдері" деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы "аттестаттау комиссиясының" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "аттестаттау комиссиясына" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "кезеңіне;" деген сөз "кезеңіне тоқтатыла тұрады." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақша алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөліктегі "аттестаттау комиссиясының" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 22-6-бапта:
тақырып "тізілімінен", "тізіліміндегі" деген сөздерден кейін тиісінше "(тізілімдерінен)", "(тізілімдеріндегі)" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші абзацтағы "тізілімінен аттестаттау комиссиясының" деген сөздер "тізілімінен (тізілімдерінен) патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада:
"аттестаттау комиссиясына" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жеке" деген сөз алып тасталсын;
4) тармақша "үкімі" деген сөзден кейін "заңды" деген сөзбен толықтырылсын;
"Аттестаттау комиссиясының" деген сөздер "Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тізіліміне" деген сөзден кейін "(тізілімдеріне)" деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақ "тізілімінен" деген сөзден кейін "(тізілімдерінен)" деген сөзбен толықтырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші сөйлемдегі "апелляциялық комиссия" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
екінші бөліктің 1) тармақшасы "тізіліміне" деген сөзден кейін "(тізілімдеріне)" деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешіміне уәкілетті органның жанынан құрылатын апелляциялық комиссияға патенттік сенім білдірілген өкілдердің шағымдарын сотқа дейін қарау жөніндегі шағым берілуі мүмкін.
Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағымдарды қарау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Көрсетілген шағымдарды сотқа дейін қарау міндетті болады.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, хаттамамен ресімделеді және ол бойынша сотқа шағым жасалуы мүмкін.".
6. "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 2-тармағында:
2) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені;";
4) тармақша "тізілімінде", "тізілімінен", "тізіліміндегі" деген сөздерден кейін тиісінше "(тізілімдерінде)", "(тізілімдерінен)", "(тізілімдеріндегі)" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
2) 4-1-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы "заңнамасында" деген сөз "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 6-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы "есептегіш машиналарға арналған бағдарламалар" деген сөздер "компьютерлік бағдарламалар (бағдарламалық қамтылым)" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-баптың 5-тармағындағы "ғылым, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп,", "жыл сайынғы" деген сөздер алып тасталсын;
5) 11-баптың 16-тармағындағы "мөлшерін уәкілетті орган" деген сөздер "мөлшерлерін уәкілетті органмен келісу бойынша сараптама ұйымы" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 22-бапта:
1-1-тармақтың екінші бөлігі "сақталуы" деген сөзден кейін ", сондай-ақ мәлімделген ұсыныстың осы Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес өнертабыс ретінде танылмайтын объектілерге жатқызылуы" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Егер формалды сараптама жүргізу барысында мәлімделген ұсыныстың осы Заңның 6-бабының 3-тармағына сәйкес өнертабыс ретінде танылмайтын шешімдердің қатарына жататыны анықталса, патент беруден бас тарту туралы шешім қабылданады, ол туралы өтінім беруші бес жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.";
7-тармақтың екінші бөлігіндегі "өнертабыс ретінде қорғалатын объектілерге" деген сөздер "осы Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес өнертабыс ретінде қорғалатын техникалық шешімдерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 32-баптың 3-тармағындағы ", сондай-ақ көрсетілген уәкілетті органдардан қоғамдық кеңестердің" деген сөздер алып тасталсын;
8) 32-2-баптың 9-тармағында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
9) 36-бапта:
бірінші бөлік "тізілімінде" деген сөзден кейін "(тізілімдерінде)" деген сөзбен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту және оларға патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру нәтижелері бойынша патенттік сенім білдірілген өкіл қызметін:
1) тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары;
2) өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласында мамандануына сәйкес жүзеге асырады.";
үшінші бөліктегі "аттестаттау комиссиясы" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік "тізілімінде" деген сөзден кейін "(тізілімдерінде)" деген сөзбен толықтырылсын;
бесінші бөлікте:
"тізілімі" деген сөз "тізілімдері" деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2-тармақтың 4) тармақшасы "тізілімінен" деген сөзден кейін "(тізілімдерінен)" деген сөзбен толықтырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы "аттестаттау комиссиясының" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "аттестаттау комиссиясына" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "кезеңіне;" деген сөз "кезеңіне тоқтатыла тұрады." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақша алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөліктегі "аттестаттау комиссиясының" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 36-2-бапта:
тақырып "тізілімінен", "тізіліміндегі" деген сөздерден кейін тиісінше "(тізілімдерінен)", "(тізілімдеріндегі)" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші абзацтағы "тізілімінен аттестаттау комиссиясының" деген сөздер "тізілімінен (тізілімдерінен) патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада:
"аттестаттау комиссиясына" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жеке" деген сөз алып тасталсын;
4) тармақша "үкімі" деген сөзден кейін "заңды" деген сөзбен толықтырылсын;
"Аттестаттау комиссиясының" деген сөздер "Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тізіліміне" деген сөзден кейін "(тізілімдеріне)" деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақ "тізілімінен" деген сөзден кейін "(тізілімдерінен)" деген сөзбен толықтырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші сөйлемдегі "апелляциялық комиссия" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
екінші бөліктің 1) тармақшасы "тізіліміне" деген сөзден кейін "(тізілімдеріне)" деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешіміне уәкілетті органның жанынан құрылатын апелляциялық комиссияға патенттік сенім білдірілген өкілдердің шағымдарын сотқа дейін қарау жөніндегі шағым берілуі мүмкін.
Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағымдарды қарау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Көрсетілген шағымдарды сотқа дейін қарау міндетті болады.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, хаттамамен ресімделеді және ол бойынша сотқа шағым жасалуы мүмкін.";
11) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"37-бап. Шет елдерде өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу
Шет елдерге Қазақстан Республикасында жасалған өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінім беру, егер өтінім беруші өтінімде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қамтылғаны туралы үш ай мерзімде хабардар етілмесе, сараптама ұйымына тиісті өтінім берілген күннен бастап көрсетілген мерзім өткен соң жүзеге асырылады.
Өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінім көрсетілген мерзімнен бұрын, бірақ өтінім берушінің өтініші бойынша өтінімде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің бар-жоғына тексеру жүргізілгеннен кейін берілуі мүмкін. Тексеруді жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.".
7. "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-баптың 2-тармағында:
2) тармақшада:
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені;";
он бірінші абзацтағы "ережені әзірлеу және бекіту" деген сөздер "ережені" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
"тауар белгісін немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгілемені Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісі ретінде тану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
4) тармақша "тізілімінде", "тізілімінен", "тізіліміндегі" деген сөздерден кейін тиісінше "(тізілімдерінде)", "(тізілімдерінен)", "(тізілімдеріндегі)" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
2) 3-1-бапта:
1) тармақша "белгілеріне" деген сөзден кейін ", географиялық нұсқамаларға" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша:
"белгілерін" деген сөзден кейін ", географиялық нұсқамаларды" деген сөздермен толықтырылсын;
"Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде" деген сөздерден кейін ", Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша "Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімін" деген сөздерден кейін ", Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімін" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша "Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен" деген сөздерден кейін ", Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен" деген сөздермен толықтырылсын;
6) және 7) тармақшалар "белгілерін", "белгілерінің" деген сөздерден кейін тиісінше ", географиялық нұсқамаларды", ", географиялық нұсқамалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақша "белгілеріне" деген сөзден кейін ", географиялық нұсқамаларға" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақшадағы "заңнамасында" деген сөз "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ "белгілерін," деген сөзден кейін "географиялық нұсқамаларды," деген сөздермен толықтырылсын;
3) 6-бапта:
1-тармақтың 3) және 3-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) тауарлардың түрін, сапасын, санын, қасиетін, мақсатын, құндылығын, олардың шығарылған немесе өткізілген жері мен уақытын, сондай-ақ қызметтер көрсетілетін жерді нұсқайтын;
3-1) дәрілік заттардың патенттелмейтін халықаралық атауларын немесе олардың негіздерін қайталайтын;";
2-тармақтың бірінші бөлігі "айырым белгілерін" деген сөздерден кейін ", олардың элементтерін" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 7-баптың 1-тармағы 5) тармақшасындағы "кез келген тауарларға қатысты Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар шығарылған жер атауларымен" деген сөздер "біртектес тауарларға қатысты географиялық нұсқамалармен және Қазақстан Республикасында қорғалатын тауарлар шығарылған жерлердің атауларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 11-бапта:
1) тармақшадағы "ішінде;" деген сөз "ішінде жүргізіледі." деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Алдын ала сараптама өтінім берушінің өтінішхаты бойынша өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жеделдетілген тәртіппен жүргізіледі;";
2) тармақша мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Толық сараптама өтінім берушінің өтінішхаты бойынша өтінім берілген күннен бастап үш ай ішінде жеделдетілген тәртіппен жүргізіледі.";
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Өтінім бойынша іс жүргізу сұрау салу жіберілген күннен бастап сұрау салуға жауап алынғанға дейін тоқтатыла тұрады.";
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"Жеделдетілген толық сараптама жүргізілген кезде сараптама ұйымының сұрау салуы өтінім берушіге жіберілген күннен бастап үш ай ішінде қосымша материалдар ұсынылуға тиіс.
Өтінім беруші белгіленген мерзімде қосымша материалдарды ұсынбаған жағдайда іс жүргізу тоқтатылады, өтінім кері қайтарып алынды деп есептеледі және қалпына келтіруге жатпайды.";
6) 11-2-баптың 1-тармағындағы "бір" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 13-баптың 7) тармақшасы "кеңеске" деген сөзден кейін "немесе сотқа" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 18-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"18-1-бап. Тауар белгісін жалпыға бірдей белгілі деп тану
Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген немесе халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар белгісі немесе Қазақстан Республикасында құқықтық қорғалмаған тауар белгісі ретінде пайдаланылатын, белсендi пайдалану нәтижесiнде Қазақстан Республикасында кеңiнен мәлім болған белгiлеме уәкілетті органның шешімімен Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі тауар белгісі деп танылады.
Жалпыға бірдей белгілі тауар белгісіне осы Заңда көзделген құқықтық қорғау ұсынылады.
Тауар белгісіне немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгілемеге құқықтық қорғауды ұсыну және оларды Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тануды тоқтату тәртібін, мерзімін уәкілетті орган бекітеді.";
9) 20-баптағы "соға алады" деген сөздер "соғуға құқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 29-баптың 3-тармағында:
"уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік органдар берген осы географиялық объектінің шекараларында өтініш берушінің тауардың ерекше қасиеттерінің қалыптасуына елеулі әсер ететін, тауар өндірісінің кем дегенде бір сатысын" деген сөздер "осы географиялық объектінің шекараларында тауардың белгілі бір сапасы, репутациясы және (немесе) басқа да сипаттамалары оның географиялық шығу тегіне едәуір дәрежеде байланысты болатын тауар өндірісінің кем дегенде бір сатысын өтінім берушінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
11) 38-баптағы "соға алады" деген сөздер "соғуға құқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 41-баптың 3-тармағындағы ", сондай-ақ көрсетілген уәкілетті органдардан қоғамдық кеңестердің" деген сөздер алып тасталсын;
13) 41-2-бапта:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тараптардың қосымша дәлелдемелерді ұсынуы қажет екені туралы тараптар өтінішхат берген;";
7-тармақтағы "мәлімдеушіге" деген сөз "қарауға қатысқан тараптарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
14) 41-3-баптың 2-тармағындағы "тұлғалардың", "тұлғаларға" деген сөздер тиісінше "тараптардың", "тараптарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 46-бапта:
бірінші бөлік "тізілімінде" деген сөзден кейін "(тізілімдерінде)" деген сөзбен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту және оларға патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру нәтижелері бойынша патенттік сенім білдірілген өкіл қызметін:
1) тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары;
2) өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласында мамандануына сәйкес жүзеге асырады.";
үшінші бөліктегі "аттестаттау комиссиясы" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік "тізілімінде" деген сөзден кейін "(тізілімдерінде)" деген сөзбен толықтырылсын;
бесінші бөлікте:
"тізілімі" деген сөз "тізілімдері" деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2-тармақтың 4) тармақшасы "тізілімінен" деген сөзден кейін "(тізілімдерінен)" деген сөзбен толықтырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы "аттестаттау комиссиясының" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "аттестаттау комиссиясына" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "кезеңіне;" деген сөз "кезеңіне тоқтатыла тұрады." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақша алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөліктегі "аттестаттау комиссиясының" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 46-2-бапта:
тақырып "тізілімінен", "тізіліміндегі" деген сөздерден кейін тиісінше "(тізілімдерінен)", "(тізілімдеріндегі)" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші абзацтағы "тізілімінен аттестаттау комиссиясының" деген сөздер "тізілімінен (тізілімдерінен) патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада:
"аттестаттау комиссиясына" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жеке" деген сөз алып тасталсын;
4) тармақша "үкімі" деген сөзден кейін "заңды" деген сөзбен толықтырылсын;
"Аттестаттау комиссиясының" деген сөздер "Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тізіліміне" деген сөзден кейін "(тізілімдеріне)" деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақ "тізілімінен" деген сөзден кейін "(тізілімдерінен)" деген сөзбен толықтырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші сөйлемдегі "апелляциялық комиссия" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
екінші бөліктің 1) тармақшасы "тізіліміне" деген сөзден кейін "(тізілімдеріне)" деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешіміне уәкілетті органның жанынан құрылатын апелляциялық комиссияға патенттік сенім білдірілген өкілдердің шағымдарын сотқа дейін қарау жөніндегі шағым берілуі мүмкін.
Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағымдарды қарау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Көрсетілген шағымдарды сотқа дейін қарау міндетті болады.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, хаттамамен ресімделеді және ол бойынша сотқа шағым жасалуы мүмкін.".
8. "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бапта:
2) тармақшаның жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережені;";
4) тармақша "тізілімінде", "тізілімінен" деген сөздерден кейін тиісінше "(тізілімдерінде)", "(тізілімдерінен)" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
2) 15-бапта:
бірінші бөлік "тізілімінде" деген сөзден кейін "(тізілімдерінде)" деген сөзбен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өту және оларға патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру нәтижелері бойынша патенттік сенім білдірілген өкіл қызметін:
1) тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары;
2) өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласында мамандануына сәйкес жүзеге асырады.";
үшінші бөліктегі "аттестаттау комиссиясы" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік "тізілімінде" деген сөзден кейін "(тізілімдерінде)" деген сөзбен толықтырылсын;
бесінші бөлікте:
"тізілімі" деген сөз "тізілімдері" деген сөзбен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
4-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы "аттестаттау комиссиясының" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы "аттестаттау комиссиясына" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияға" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "кезеңіне;" деген сөз "кезеңіне тоқтатыла тұрады." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақша алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөліктегі "аттестаттау комиссиясының" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 15-2-бапта:
тақырып "тізілімінен", "тізіліміндегі" деген сөздерден кейін тиісінше "(тізілімдерінен)", "(тізілімдеріндегі)" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші абзацтағы "тізілімінен аттестаттау комиссиясының" деген сөздер "тізілімінен (тізілімдерінен) патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада:
"аттестаттау комиссиясына" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жеке" деген сөз алып тасталсын;
4) тармақша "үкімі" деген сөзден кейін "заңды" деген сөзбен толықтырылсын;
"Аттестаттау комиссиясының" деген сөздер "Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның" деген сөздермен ауыстырылсын;
"тізіліміне" деген сөзден кейін "(тізілімдеріне)" деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақ "тізілімінен" деген сөзден кейін "(тізілімдерінен)" деген сөзбен толықтырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші сөйлемдегі "апелляциялық комиссия" деген сөздер "патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссия" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлем алып тасталсын;
екінші бөліктің 1) тармақшасы "тізіліміне" деген сөзден кейін "(тізілімдеріне)" деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешіміне уәкілетті органның жанынан құрылатын апелляциялық комиссияға патенттік сенім білдірілген өкілдердің шағымдарын сотқа дейін қарау жөніндегі шағым берілуі мүмкін.
Патенттік сенім білдірілген өкілдер қызметінің мәселелері жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағымдарды қарау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Көрсетілген шағымдарды сотқа дейін қарау міндетті болады.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, хаттамамен ресімделеді және ол бойынша сотқа шағым жасалуы мүмкін.".
9. "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 21-баптың 6) және 12) тармақшаларындағы "мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын" деген сөздер "құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 22-1-баптың тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша:
"Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын" деген сөздер "Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"сондай-ақ" деген сөзден кейін "авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерінің," деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларын;
2) 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 22) тармақшасының жетінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Мыналар:
1) бірыңғай цифрлық платформа арқылы шарттар жасасу жөніндегі міндеттемелер эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдары үшін – осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап, театрлар, кинотеатрлар, филармониялар үшін – 2026 жылғы 1 шілдеден бастап, қалған пайдаланушылар үшін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі;
2) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар авторлармен, құқық иеленушілермен және пайдаланушылармен жасасқан шарттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданысын жалғастырады. Бұл ретте құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар 2027 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде оларды цифрлық форматқа көшіру жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті;
3) осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 2) тармақшасының оныншы абзацы, 6) тармақшасының оныншы және он екінші абзацтары, 14) тармақшасының екінші абзацы, 19) тармақшасының үшінші абзацы, 20) тармақшасының екінші абзацы, 22) тармақшасының он бесінші абзацы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі;
4) осы Заңның 1-бабы 5-тармағы 6) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары, 6-тармағы 9) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары, 7-тармағы 15) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары, 8-тармағы 2) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары қолданысқа енгізілгенге дейін аттестаттаудан өткен патенттік сенім білдірілген өкіл өз қызметін көрсетілген мамандандырулар бойынша 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 2) тармақшасының оныншы абзацы, 6) тармақшасының оныншы және он екінші абзацтары мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"21-1) құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа (бұдан әрі – бірыңғай цифрлық платформа) – сараптама ұйымының құқықтарды ұжымдық басқару саласында оның пайдаланылуына бірыңғай қол жеткізу нүктесін осы Заңға сәйкес ұсынатын ақпараттық жүйесі;";
"7) бірыңғай цифрлық платформаны мониторингтеуді жүзеге асырады, сондай-ақ бірыңғай цифрлық платформаның ақпараттық жүйелермен өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді;";
"9) бірыңғай цифрлық платформада орналастырылған деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;".
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |