1. 34-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) "Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" 2001 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Z010173_ Заңына сәйкес жеке тұлғалардың жария етілген ақшасы.".
2. 58-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Түсті және қара металл сынықтары экспортын, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасына тауарлар экспорты кезінде қосылған құн салығы ескерілген бағаны қолданатын мемлекеттерге тауарлар экспортын қоспағанда, тауарлар экспортына нөлдік ставка бойынша салық салынады.".
2-бап. Осы Заңның 1-бабының 1-тармағы ресми жарияланған күнінен
бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы Заңның 1-бабының 2-тармағы 2001 жылғы 1 шілдеден бастап
қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Жұманазарова А.Б.