Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 - бабының 4, 5 - тармақтарына сәйкес Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсай қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері төлем тәсіліне байланысты келесі мөлшерде белгілесін:
жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері, көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 100 теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 теңге;
жекелеген санаттары бойынша жеңілдік берілген жолаушыларға жол жүру ақысы;
жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері, көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 50 теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 100 теңге.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е. Ихсанов |