Шығыс Қазақстан облысының Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 қаңтардағы №30-1 "Зайсан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3676 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесідей редакцияда жазылсын:
"1. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы";
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма 10 (он) пайыз ретінде айқындалады.";
келесі мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағиданың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.".;
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорацияға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "Электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "Электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды".
2. "Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Зайсан аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының әлеуметтік даму, тұрғындар мүддесін қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Зайсан аудандық мәслихатының төрағасы | Е. Загипаров |