"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы заңының 27 - бабының 1 - тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
1. Риддер қаласы әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Риддер қаласы әкімінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 1 "Сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7611 болып тіркелген) шешімі;
2) Риддер қаласы әкімінің 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 2 "Риддер қаласы әкімінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 1 "Сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31399 болып тіркелген) шешімі.
2. "Риддер қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Риддер қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| . | Д. Рахметкалиев |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Риддер қалалық аумақтық сайлау комиссиясы |