"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 13-тармағына және 2-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан қалалық мәслихатының "Түркістан қаласының дизайн-кодын бекіту туралы" 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 29/133-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6683-13 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат төрағасы | Г. Сарсенбаев |