ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Атырау облысы Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мақат ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы № 81-VIII (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 5144 06 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Мәслихат төрағасы | А. Шангалаев |