ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2024 жылғы 22 қарашадағы № 2/18 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7830-15 болып тіркелді).
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Петропавл қалалық мәслихат төрағасы |
| А. Бердагулов |