Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Петропавл қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Петропавл қаласы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5072 болып тіркелген);
2) "Жер салығының базалық салық мөлшермелерін түзету туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Петропавл мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7243 болып тіркелген).
2. Осы шешім 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Петропавл қалалық мәслихат төрағасы
А. Бердагулов