Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы "Ақтоғай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" № 118/16 шешіміне (Нормативтық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7513-14 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақтоғай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ақтоғай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақтоғай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы";
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 3 - тармақ жойылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.";
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 6 - тармақ жойылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 7 - тармақ жойылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.";
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.".
2. "Ақтоғай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Ақтоғай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы | |
| Ж. Ташенев |