Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 212/5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5186 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Павлодар облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар облысының әкімі | |
| А. Байханов |