Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Меңдіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы" мәслихаттың 2024 жылғы 22 мамырдағы № 127 (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10219 - 10 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97 - бабына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
Меңдіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларында:
1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Меңдіқара ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай - ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
ағымдағы және жинақтау жарналарын;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.";
6 - тармағы алып тасталынсын.
2. "Меңдіқара аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара аудандық мәслихатының интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудаңдық мәслихаттың төрағасы | К. Рахметкалиев |