"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарасу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарасу аудандық мәслихатының төрағасы | С. Кажиев |
| Қарасу аудандық мәслихатының | |
| 2026 жылғы 6 тамыздағы | |
| № 340 шешіміне | |
| қосымша |
Қостанай облысы Қарасу аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Қостанай облысы Қарасу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 77 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген).
2. "Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қарашадағы № 77 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қостанай облысы Қарасу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 108 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10135-10 болып тіркелген).
3. "Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қарашадағы № 77 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қостанай облысы Қарасу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 162 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10271-10 болып тіркелген).
4. "Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қарашадағы № 77 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс туралы" Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 201 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10367-10 болып тіркелген).
5. "Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қарашадағы № 77 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қостанай облысы Қарасу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы № 219 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10419-10 болып тіркелген).
6. "2023 жылғы 16 қарашадағы № 77 "Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 321 шешімі.