Жангелдин аудандық мәслихатының "Жангелдин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 21 мамырдағы № 88 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 206 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 30 сәуірде № 38608 болып тіркелді

      Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жангелдин аудандық мәслихатының "Жангелдин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 21 мамырдағы № 88 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10216-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жангелдин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жангелдин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жангелдин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жангелдин ауданының аумағында тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      ағымдағы және жинақтаушы жарналарды;

       коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.";

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.".

      2. "Жангелдин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Жангелдин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы А. Ержигитова

О внесении изменений в решение Джангельдинского районного маслихата от 21 мая 2024 года № 88 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Джангельдинском районе"

Решение маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 21 апреля 2026 года № 206. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 апреля 2026 года № 38608

      Джангельдинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Джангельдинского районного маслихата "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Джангельдинском районе" от 21 мая 2024 года № 88 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10216-10) следующие изменения:

      заголовок указанного решения изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи в Джангельдинском районе";

      пункт 1 указанного решения изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить размер и Правила оказания жилищной помощи в Джангельдинском районе согласно приложению 1 к настоящему решению.";

      заголовок приложения 1 к указанному решению изложить в следующей редакции:

      "Размер и Правила оказания жилищной помощи в Джангельдинском районе";

      пункт 1 приложения 1 к указанному решению изложить в следующей редакции:

      "1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета услугополучателям проживающим в Джангельдинском районе, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      текущих и накопительных взносов;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.";

      пункт 4 приложения 1 к указанному решению изложить в следующей редакции:

      "4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели.

      Предельно допустимый уровень расходов к совокупному доходу услугополучателя установлен в размере 5 (пяти) процентов.";

      пункт 7 приложения 1 к указанному решению изложить в следующей редакции:

      "7. Жилищная помощь определяется по предьявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем в соответствии с пунктом 4-1 Правил.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат Джангельдинского районного маслихата" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего решения на интернет – ресурсе Джангельдинского районного маслихата после официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата А. Ержигитова