Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/112 "Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4692-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы келесідей редакцияда жазылсын:
"Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы";
көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесідей редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімге 1 қосымшаға сәйкес Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы айқындалсын.";
көрсетілген шешіммен айқындалған Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
тақырыбы келесідей редакцияда жазылсын:
"Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы";
4-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
6-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
"6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".
2. "Жаңаөзен қалалық мәслихаты аппараты" осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және ресми жарияланғаннан кейін Жаңаөзен қаласы мәслихаты интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы | Г. Байжанов |