Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы" 2019 жылғы 14 наурыздағы № 11/01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5234 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақтоғай ауданының әкімі | А. Аманжолов |