"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1."Жетісу облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелерін (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн мөлшерлемелерді қоспағанда) белгілеу туралы" Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 23 қазандағы №22-132 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №245-19 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін (келісім бойынша).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Г.Тойлыбаева |