"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы облысының әкімі | М. Султангазиев |
| Алматы облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы 16 ақпандағы № 17 | |
| Қаулысына қосымша |
Алматы облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі
1. Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы "Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Балқаш, Алакөл көлінің, Қапшағай су қоймасының, Іле өзенінің, 2 - су электр станциясының, 3 - су электр станциясының, 4 - су электр станциясының құрылысын Қаратал өзенінің учаскелерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі туралы" № 93 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2032 болып тіркелген);
2. Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы "Алматы облыс әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы "Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Балқаш, Алакөл көлінің, Қапшағай су қоймасының, Іле өзенінің, 2-су электр станциясының, 3-су электр станциясының, 4-су электр станциясының құрылысын Қаратал өзенінің учаскелерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану тәртібі туралы" № 93 қаулысына толықтыру және өзгерістер енгізу туралы" № 438 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2568 болып тіркелген);
3. Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы "Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Кіші Алматы, Қаскелең, Талғар, Есік, Қаратал және Көксу өзендерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2053 болып тіркелген) № 60 қаулысы;
4. Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 25 желтоқсандағы "Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы "Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Кіші Алматы, Қаскелең, Талғар, Есік, Қаратал және Көксу өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі туралы" № 60 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" № 407 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2555 болып тіркелген);
5. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы "Облысы әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы "Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Кіші Алматы, Қаскелең, Талғар, Есік, Қаратал және Көксу өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу және оларды шаруашылыққа пайдалану режимі туралы" № 60 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 511 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3632 болып тіркелген);
6. Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 шілдедегі "Алматы облысының Талғар ауданындағы "Akbulak Club Resort" кешенінің аумағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" № 241 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2102 болып тіркелген);
7. Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі "Тереңқара өзені тоғандарының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" № 360 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4336 болып тіркелген);
8. Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қазандағы "Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" № 448 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4358 болып тіркелген);
9. Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы "Ақсай өзенінің су қорғау аймағын, белдеуін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" № 68 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4553 болып тіркелген);
10. Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы "Су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" № 247 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4751 болып тіркелген);
11. Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 маусымдағы "Қаратал өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" № 265 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4747 болып тіркелген);
12. Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы "Қаратал өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" № 520 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5303 болып тіркелген);
13. Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы "Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану арнайы режимін белгілеу туралы" № 453 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6063-05 болып тіркелген);
14. Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 19 қыркүйектегі "Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы "Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану арнайы режимін белгілеу туралы" № 453 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 296 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6169-05 болып тіркелген);
15. Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы "Алматы облысының Қонаев қаласының әкімшілік шекарасында (25 км) Қапшағай су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" № 454 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6062-05 болып тіркелген).