Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мәртөк ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 қарашадағы № 155 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8654-04 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы | Т. Көлкебаев |