"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Цифрлық трансформация және тауарларды таңбалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 274-НҚ бұйрығына қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін және оны енгізу күнін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35129 болып тіркелген).
2. "Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 22 қарашадағы № 330-НҚ бұйрығы.
3. "Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін және оны енгізу күнін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 11 наурыздағы № 128-НҚ бұйрығы.