Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 587 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 31 тамызда № 39772 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің м.а.
М. Такиев

  Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің м.а.
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 587 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

      Тендерлік құжаттамада:

      Тендерлік құжаттамаға 11-қосымшада:

      Тендерге қатысу туралы келісімде:

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, сондай-ақ тендерге қатысушылардың лауазымды адамдарының бізге белгілі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органды дереу хабардар ету бойынша міндеттемелерді қабылдаймыз.";

      Тендерлік құжаттамаға 14-қосымшада:

      Ескертпенің 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Егер тендер нысанасы автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстар болып табылған жағдайда, тапсырыс беруші объектілер бойынша дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысты үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар мемлекетке тиесілі және олармен үлестес заңды тұлғалар болып табылатын орындалған жұмыстардың тиісті актілерінің электрондық көшірмелері және/немесе объектілерді пайдалануға қабылдау актілерінің электрондық көшірмелері жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар болып табылады.".

      2. "Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35220 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ерекше тәртіп қолданылатын, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жеке жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) тиісті бюджет (даму жоспары), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Арнайы мемлекеттік қорынан, Инфрақұрылымдық даму қорынан бөлінген ақша немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде тапсырыс беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және бекітеді.".

      3. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Арнайы мемлекеттік қорынан, Инфрақұрылымдық даму қорынан бөлінген ақша немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.";

      15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бюджетке (даму жоспарына), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Арнайы мемлекеттік қорынан, Инфрақұрылымдық даму қорынан бөлінген ақшаға немесе шарттар жасасу талап етілетін экономикалық сыныптаманың (шығыстар баптары) жиынтық ерекшеліктері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекітуге (нақтылауға) жол берілмейді.";

      21-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда, бюджетті (даму жоспарына сәйкес ақшаны), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Арнайы мемлекеттік қорынан, Инфрақұрылымдық даму қорынан бөлінген ақшаны немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ақшаны басқа тапсырыс берушіге қайта бөлуге, сол сияқты мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) ағымдағы жылы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.";

      28-тармақтың 7)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Арнайы мемлекеттік қорынан, Инфрақұрылымдық даму қорынан бөлінген ақша есебінен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Арнайы мемлекеттік қорының, Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік сатып алу осы тарауда және Заңның 6-бабында көзделген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:

      Конкурстық құжаттамада:

      2-тармақта:

      7)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекетаралық стандарттар көрсетілген техникалық ерекшеліктердің нысандарын қамтиды. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде осы КҚ-ға 13, 14, 15, 16 және 16-1-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алуды нормалауды ескере отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі;

      бұл ретте сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігінде өнім берушілерге қойылатын, берілетін тауарлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық регламенттерде, стандарттар ережелерінде немесе өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды беру туралы талап қамтылады. Қажет болған жағдайда техникалық ерекшелікте әлеуетті өнім берушілерге әлеуетті өнім берушінің әрбір жинақтаушы тауар туралы жеке техникалық ерекшелік беруі туралы талап көрсетіледі;

      әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінде өндірушілерден не олардың дилерлерінен немесе дистрибьюторларынан алынған хаттардың (сертификаттарының, куәліктерінің), техникалық паспорттардың, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшеліктерінде көрсетілген өнімдердің сәйкестік сертификаттарының көшірмелерінің болуы туралы талаптарды көрсетуге жол беріледі;

      егер техникалық паспорттар, өнімнің сәйкестік сертификаттары және тапсырыс беруші талап ететін басқа да құжаттар тауарды сатып алу кезінде не Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, оларды белгіленген тәртіппен тіркеу кезінде берілгенде, онда әлеуетті өнім беруші тауарларды жеткізу кезінде осындай құжаттарды ұсыну туралы кепілдік хат ұсынады;";

      12)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) осы Қағидалардың 460, 460-1 және 467-тармақтарына, КҚ-ға 21 және 21-1-қосымшаларына, сондай-ақ осы Қағидалардың 20 және 21-параграфтарына сәйкес неғұрлым сапалы қызмет ұсынатын конкурстың жеңімпазын айқындау үшін конкурстық комиссия ескеретін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілер ұсынған өтінімдерді бағалау үшін міндетті өлшемшарттардың тізбесі;";

      18-тармақтың 1)-тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, қызметтер көрсету үшін конкурстық құжаттамада көзделген материалдық ресурстардың болуы туралы мәліметтер (осы талап бір қаржы жылына қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000 (мың еселенген) мөлшерінен асатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жүргізілген жағдайда белгіленуі мүмкін);";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген мемлекеттік қызметтер конкурсына қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

      1) осы КҚ талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар деп таниды;

      2) әлеуетті өнім берушілер ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді бағалау үшін осы Қағидалардың 460 және 460-1-тармақтарында көрсетілген өлшемшарттар негізінде балдарды есептейді:

      Осы тармақтың осы тармақшасында көзделген өлшемшарттар бойынша балдарды есептеу КҚ-ға 21 және 21-1-қосымшаларына сәйкес есептеледі.

      "Әлеуетті өнім берушінің қызметтерді көрсету орны бойынша астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың шекараларында тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасуы" өлшемшарты осы Қағидалардың 20-параграфына сәйкес қолданылады.

      Теріс мәндер осы Қағидалардың 21-параграфына сәйкес қолданылады.

      Конкурстық өтінімдері осы Қағидалардың 460-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттардың бірі бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері 0 (нөл) балл жинаған әлеуетті өнім берушілер жинаған балдардың жалпы санына қарамастан конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      Конкурстық өтінімдері осы Қағидалардың 460-1-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттардың бірі бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері 0 (нөл) балл жинаған әлеуетті өнім берушілер жинаған балдардың жалпы санына қарамастан конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      Әлеуетті өнім беруші көрсетілген өлшемшарттарды растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия олардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін бағалау үшін тиісті балдарды есептемейді.

      Конкурсқа қатысуға өз өтінімдерін бағалау үшін әлеуетті өнім берушілер ұсынған шарттар шартқа енгізіледі;

      3) конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарына осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді бағалау үшін конкурстық комиссия берген балдардың санына қарай бағалардың шартты азаюын қолданады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін қарау және олардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін бағалау нәтижелері бойынша конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушіге конкурстық ұсыныстарды мынадай шартты түрде азайту қолданылады:

      1) бір қаржы жылына қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000 (мың еселенген) мөлшерінен аспайтын лоттар бойынша:

      егер әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысу өтінімдерінің қорытынды бағасы 12-ден 14 балды қоса алғанға дейін құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 10 (он) пайызға азаяды;

      егер әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысу өтінімдерінің қорытынды бағасы 15-ден 18 балды қоса алғанға дейін құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 20 (жиырма) пайызға азаяды;

      2) бір қаржы жылына қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000 (мың еселенген) мөлшерінен асатын лоттар бойынша:

      егер әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысу өтінімдерінің қорытынды бағасы 12-ден 17 балды қоса алғанға дейін құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 10 (он) пайызға азаяды;

      егер әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысу өтінімдерінің қорытынды бағасы 18-ден 23 балды қоса алғанға дейін құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 20 (жиырма) пайызға азаяды;

      егер әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысу өтінімдерінің қорытынды бағасы 24-тен 31 балды қоса алғанға дейін құраса, онда әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы шартты түрде 30 (отыз) пайызға азаяды.

      Бұл ретте лотты қаржыландыру көлеміне қарамастан, осы Қағидалардың 20 және 21-параграфтарына сәйкес конкурстық баға ұсыныстарына әсер ететін өлшемшарттар да қолданылады.";

      Конкурстық құжаттамаға 2-қосымшада:

      Конкурсқа қатысу туралы келісімде:

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі уәкілетті органды тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың бізге белгілі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы дереу хабардар ету жөнінде өзімізге міндеттеме аламыз.".

О внесении изменений в некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 31 августа 2026 года № 587. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 августа 2026 года № 39772

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан, в которые вносятся изменения.

      2. Департаменту законодательства государственных закупок и закупок квазигосударственного сектора Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан после дня его первого официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. министра финансов
Республики Казахстан
М. Такиев

  Утвержден приказом
И.о. министра финансов
Республики Казахстан
от 31 августа 2026 года
№ 587

Перечень некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан, в которые вносятся изменения

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 ноября 2021 года № 1253 "Об утверждении Правил осуществления закупок отдельными субъектами квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 25488) следующие изменения:

      в Правилах осуществления закупок отдельными субъектами квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния, утвержденных указанным приказом:

      в приложении 3 к указанным Правилам:

      в Тендерной документации:

      в приложении 11 к Тендерной документации:

      в Соглашении об участии в тендере:

      часть шестую изложить в следующей редакции:

      "Принимаем на себя обязательство по незамедлительному уведомлению уполномоченного органа по борьбе с коррупцией об известных нам фактах совершения коррупционных правонарушений должностными лицами заказчика, организатора (единого организатора), а также участников тендера.";

      в приложении 14 к Тендерной документации:

      пункт 5 примечания изложить в следующей редакции:

      "5. В случае, если предметом тендера являются работы по среднему ремонту автомобильных дорог, документами, подтверждающими опыт работы, являются соответствующие электронные копии актов выполненных работ и/или электронные копии актов приемки объектов в эксплуатацию, по объектам, где заказчиками являются государственные органы, государственные учреждения, а также государственные предприятия, юридические лица, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, и аффилированные с ними юридические лица.".

      2. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 7 октября 2024 года № 671 "Об утверждении Правил осуществления государственных закупок с применением особого порядка" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 35220) следующее изменение:

      в Правилах осуществления государственных закупок с применением особого порядка, утвержденных указанным приказом:

      часть первую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Заказчик разрабатывает и утверждает отдельный годовой план государственных закупок (предварительный годовой план государственных закупок) товаров, работ, услуг, сведения о которых составляют государственные секреты и (или) содержат служебную информацию ограниченного распространения, определенную Правительством Республики Казахстан на основании соответствующего бюджета (плана развития), выделенных денег из Специального государственного фонда, Фонда инфраструктурного развития в соответствии с законодательством Республики Казахстан или индивидуального плана финансирования по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.".

      3. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 9 октября 2024 года № 687 "Об утверждении Правил осуществления государственных закупок" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 35238) следующие изменения:

      в Правилах осуществления государственных закупок, утвержденных указанным приказом:

      часть первую пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "6. В соответствии с пунктом 2 статьи 6 Закона заказчик на основании соответствующего бюджета (плана развития), выделенных денег из Специального государственного фонда, Фонда инфраструктурного развития в соответствии с законодательством Республики Казахстан, или индивидуального плана финансирования по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам разрабатывает и утверждает годовой план государственных закупок.";

      часть первую пункта 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Не допускается утверждение (уточнение) годового плана государственных закупок в объеме, не соответствующем бюджету (плану развития), выделенным деньгам из Специального государственного фонда, Фонда инфраструктурного развития в соответствии с законодательством Республики Казахстан или индивидуальному плану финансирования, в совокупности по спецификам экономической классификации (статьям расходов), по которым требуется заключение договоров.";

      часть вторую пункта 21 изложить в следующей редакции:

      "В случае, предусмотренном подпунктом 2) части первой настоящего пункта, перераспределение бюджета (денег согласно плану развития), выделенных денег из Специального государственного фонда, Фонда инфраструктурного развития в соответствии с законодательством Республики Казахстан, или денег согласно индивидуальному плану финансирования другому заказчику, а равно внесение изменений и дополнений в годовой план государственных закупок (предварительный годовой план государственных закупок), направленных на приобретение таких товаров, работ, услуг в текущем году, не допускается.";

      подпункт 7) пункта 28 изложить в следующей редакции:

      "7) осуществления государственных закупок за счет выделенных денег из Специального государственного фонда, Фонда инфраструктурного развития в соответствии с законодательством Республики Казахстан;";

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. Государственные закупки, финансируемые за счет средств Специального государственного фонда, Фонда инфраструктурного развития в соответствии с законодательством Республики Казахстан, реализуются с соблюдением требований, предусмотренных настоящей Главой и статьей 6 Закона.";

      в приложении 4 к указанным Правилам:

      в Конкурсной документации:

      в пункте 2:

      подпункт 7) изложить в следующей редакции:

      "7) формы технических спецификаций с указанием национальных стандартов Республики Казахстан, а при их отсутствии межгосударственных стандартов на закупаемые товары, работы, услуги. При отсутствии национальных и межгосударственных стандартов указываются требуемые функциональные, технические, качественные и эксплуатационные характеристики закупаемых товаров, работ, услуг с учетом нормирования государственных закупок согласно приложениям 13, 14, 15, 16 и 16-1 к настоящей КД;

      при этом техническая спецификация содержит требование к поставщикам о предоставлении документов, подтверждающих соответствие поставляемых товаров требованиям, установленным техническими регламентами, положениями стандартов или иными документами в соответствии с законодательством Республики Казахстан о техническом регулировании. При необходимости в технической спецификации указывается требование к потенциальным поставщикам о предоставлении потенциальным поставщиком технической спецификации о каждом комплектующем товаре по отдельности;

      допускается указание в технической спецификации требований о наличии в заявках на участие в конкурсе потенциальных поставщиков копий писем (сертификатов, свидетельств) от производителей либо их (дилеров или дистрибьюторов), технических паспортов, сертификатов соответствия продукции, на предлагаемые товары, указанные в технической спецификации потенциального поставщика;

      если технические паспорта, сертификаты соответствия продукции и другие требуемые заказчиком документы, выдаются при приобретении товара либо при ввозе на территорию Республики Казахстан, их регистрации в установленном порядке, то потенциальный поставщик предоставляет гарантийное письмо о представлении таких документов при поставке товаров;";

      подпункт 12) изложить в следующей редакции:

      "12) перечень обязательных критериев для оценки представленных потенциальными поставщиками заявок на участие в конкурсе по государственным закупкам услуг, предусмотренных государственным социальным заказом, которые будут учитываться конкурсной комиссией для определения победителя конкурса, предлагающего наиболее качественную услугу, в соответствии с пунктами 460, 460-1 и 467 настоящих Правил, приложениями 21 и 21-1 к КД, а также параграфами 20 и 21 настоящих Правил;";

      абзац шестой подпункта 1) пункта 18 изложить в следующей редакции:

      "сведения об объемах оказанных потенциальным поставщиком услуг в течение последних пятнадцати лет, аналогичных (схожих) закупаемым на конкурсе, с приложением электронных копий подтверждающих документов;

      сведения о наличии материальных ресурсов, предусмотренных конкурсной документацией для оказания услуг с приложением электронных копий подтверждающих документов (данное требование может быть установлено в случае проведения государственных закупок услуг, предусмотренных государственным социальным заказом, объем финансирования которых на один финансовый год превышает 1000 (тысячекратный) размер месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год);";

      пункт 34 изложить в следующей редакции:

      "34. По результатам рассмотрения заявок на участие в конкурсе государственных услуг, предусмотренных государственным социальным заказом, конкурсная комиссия:

      1) определяет потенциальных поставщиков, которые соответствуют требованиям настоящей КД, и признает их участниками конкурса;

      2) рассчитывает баллы для оценки представленных потенциальными поставщиками заявок на участие в конкурсе на основе критериев, указанных в пунктах 460 и 460-1 настоящих Правил;

      Расчет баллов по критериям, предусмотренным данным подпунктом настоящего пункта, рассчитывается в соответствии с приложениями 21 и 21-1 к КД.

      Критерий "нахождение потенциального поставщика в соответствующей административно-территориальной единице в границах столицы, области и городов республиканского значения по месту оказания услуг" применяется в соответствии с параграфом 20 настоящих Правил.

      Отрицательные значения, применяются в соответствии с параграфом 21 настоящих Правил.

      Потенциальные поставщики, конкурсные заявки которых набрали 0 (ноль) баллов по одному из критериев, указанным в подпунктах 1), 2), 3) и 4) пункта 460 настоящих Правил, не допускаются к участию в конкурсе, независимо от общего количества набранных баллов.

      Потенциальные поставщики, конкурсные заявки которых набрали 0 (ноль) баллов по одному из критериев, указанным в подпунктах 1), 2), 4) и 5) пункта 460-1 настоящих Правил, не допускаются к участию в конкурсе, независимо от общего количества набранных баллов.

      В случае непредставления потенциальным поставщиком документов, подтверждающих указанные критерии, конкурсная комиссия не рассчитывает соответствующие баллы для оценки их заявок на участие в конкурсе.

      Условия, предложенные потенциальными поставщиками для оценки своих заявок на участие в конкурсе, включаются в договор;

      3) применяет к конкурсным ценовым предложениям потенциальных поставщиков, допущенных к участию в конкурсе условное уменьшение цен в зависимости от количества присвоенных конкурсной комиссией баллов для оценки заявок на участие в конкурсе, предусмотренных подпунктом 2) настоящего пункта.";

      пункт 36 изложить в следующей редакции:

      "36. К потенциальным поставщикам, допущенным к участию в конкурсе по результатам рассмотрения на предмет соответствия требованиям конкурсной документации и оценки их заявок на участие в конкурсе, применяется следующее условное уменьшение конкурсных предложений:

      1) по лотам, объем финансирования которых на один финансовый год не превышает 1000 (тысячекратного) размера месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год:

      если итоговая оценка заявки на участие в конкурсе потенциального поставщика составляет от 12 до 14 баллов включительно, то конкурсное ценовое предложение потенциального поставщика условно уменьшается на 10 (десять) процентов;

      если итоговая оценка заявки на участие в конкурсе потенциального поставщика составляет от 15 до 18 баллов включительно, то конкурсное ценовое предложение потенциального поставщика условно уменьшается на 20 (двадцать) процентов;

      2) по лотам, объем финансирования которых на один финансовый год превышает 1000 (тысячекратного) размера месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год:

      если итоговая оценка заявки на участие в конкурсе потенциального поставщика составляет от 12 до 17 баллов включительно, то конкурсное ценовое предложение потенциального поставщика условно уменьшается на 10 (десять) процентов;

      если итоговая оценка заявки на участие в конкурсе потенциального поставщика составляет от 18 до 23 баллов включительно, то конкурсное ценовое предложение потенциального поставщика условно уменьшается на 20 (двадцать) процентов;

      если итоговая оценка заявки на участие в конкурсе потенциального поставщика составляет от 24 до 31 балла включительно, то конкурсное ценовое предложение потенциального поставщика условно уменьшается на 30 (тридцать) процентов.

      При этом независимо от объема финансирования лота также применяются критерии, влияющие на конкурсные ценовые предложения в соответствии с параграфами 20 и 21 настоящих Правил.";

      в приложении 2 к Конкурсной документации:

      в Соглашении об участии в конкурсе:

      часть шестую изложить в следующей редакции:

      "Принимаем на себя обязательство по незамедлительному уведомлению уполномоченного органа по борьбе с коррупцией об известных нам фактах совершения коррупционных правонарушений должностными лицами заказчика, организатора (единого организатора), а также участников конкурса.".