"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтар мен құрылымдық элементтердің күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 28 тамыздағы № 423 бұйрығына қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтар мен құрылымдық элементтердің тізбесі
1. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 264 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10160 болып тіркелген);
2. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1130 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12539 болып тіркелген);
3. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 718 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31151 болып тіркелген);
4. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 264 бұйрығына және "Мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну мониторингінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 684 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 323 бұйрығының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35049 болып тіркелген).