БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 512 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 312 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14115 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
""Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:"
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидаларында:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Осы дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес әзірленген және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну тәртібін айқындайды.";
3), 4) және 5) тармақшалар келесі редакцияда жазылсын:
"3) ДЖСНЖ-нің ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымы – дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің цифрлық ресурстарын жинауды, өңдеуді және беруді, оның ішінде ведомстволық не көпшілікке қолжетімді байланыс және ақпарат беру жүйелері арқылы қамтамасыз ететін ақпараттық-телекоммуникалық орта;
4) ДЖСНЖ-нің ұлттық операторы (бұдан әрі – ДЖСНЖ операторы) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, оған ДЖСНЖ құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысумен акционерлік қоғам;
5) ДЖСНЖ-нің цифрлық ресурстары – спутниктік навигациялық қызметтерді ұсыну міндеттерін шешу үшін ДЖСНЖ-нің ұлттық операторы түрлендіретін және пайдаланатын деректер (хабарламалар, мәлімдемелер, ақпарат) жиынтығы;";
11) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"11) навигациялық қызмет объектілері – ТНА-мен жасақталған және ДЖСНЖ-нің цифрлық ресурстарын пайдалану процесіне қатысатын объектілер;";
15) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"15) сараланған түзету және бақылау орталығы – сараланған станциялардан алынатын деректерді алуға және өңдеуге арналған әрі тұтынушыларды ДЖСНЖ цифрлық ресурстарымен қамтамасыз ету үшін ДЖСНЖ ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымын қолданатын техникалық және бағдарламалық құралдар кешені;";
4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"4. "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабына сәйкес айқындалған режимдік, аса режимдік және аса күзетілетін объектілерінің дислокация орындарында ДЖСНЖ-нің цифрлық ресурстарын пайдалану шектеледі.";
5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"5. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде ДЖСНЖ операторы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылдар кезінде "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төтенше жағдайлар туралы халықты ақпараттандыру және қауіпсіздік саласындағы іс-шараларды жүргізу үшін спутниктік навигациялық қызметтерді пайдаланудың абсолютті басымдығын қамтамасыз етеді.";
8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"8. Тұтынушылардың ДЖСНЖ операторынан дәлдігі жоғары орнығу қызметтерін ұсынуға жеке және заң тұлғалар үшін дәлдігі жоғары орнығу қызметтеріне қосылуға өтінім келіп түсу уақыты тұтынушының ДЖСНЖ цифрлық ресурстарын пайдалануға жоспарланған күніне дейін екі жұмыс күнінен аспауы тиіс.";
13-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"3) "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен таратылуы шектелген спутниктік навигациялық қызметтердің нәтижелерін тұтынушыға беру мүмкіндігінің болмауы.".
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
__________Д. Косанов |
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
__________Ж. Мадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі