БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлгі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2026 жылғы 14 тамыздағы № 408 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 390 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11246 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісім осы Тізбенің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10958 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарда:
10-тармақтың 4) тармақшасында өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
11-тармақтың 4) тармақшасында өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарға қосымшада өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
3. "Энергия-сервистік шарттың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 402 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11663 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке және заңды тұлғалар үшін, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін энергия-сервистік шарттың үлгілік нысанында:
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Осы Шартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауапты болады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелер үшін энергия-сервистік шарттың үлгілік нысанында:
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Осы Шартты орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жауапты болады.".
4. "Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11177 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарға қосымшада өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
5. "Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12543 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
6. "Тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі тәртіп пен талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 411 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35442 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі тәртіп пен талаптарға 2-қосымшаға өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
| Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне қосымша |
|
| Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген |
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы үлгілік келісім
_________________ 20__ жылғы "__"_____________________________
(қол қойылған қала) (жасалған күні)
бұдан әрі "уәкілетті орган" деп аталатын
_______________________________________________ атынан
(энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
уәкілетті органның атауы) ____________________________________негізінде әрекет
ететін (ереже немесе бұйрықтың)
_______________________________________________________________,
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.А.)
бұдан әрі "астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың
жергілікті атқарушы органы" деп аталатын
_______________________________________________ атынан
(астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың
жергілікті атқарушы органы)
______________________________________негізінде әрекет ететін
(қаулы, шешім, өкім)
_____________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.А.)
және бұдан әрі "Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі" деп
аталатын _________________________________________________ атынан (мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы)
__________________________________________ негізінде әрекет ететін
(жарғы, сенімхат, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы
анықтама, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік)
_________________________________________________________,
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.А.)
бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы осы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.
1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру есебінен бес жыл ішінде кемінде жиырма бес пайыз көлемінде өнім бірлігіне меншікті энергия тұтынуды төмендету бойынша міндеттемелер қабылдауы осы Келісімнің мәні болып табылады.
2. Осы Келісімді жасасатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытынды беруге міндетті, оның қорытындысы бойынша өнім бірлігіне шаққандағы энергия тұтынудың үлестік процентіне тең немесе он бес проценттен асатын энергия үнемдеу әлеуеті айқындалған.
3. Осы Келісімді жасасқан Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі:
1) уәкілетті органға жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау есебінен өнім бірлігіне шаққандағы үлестік энергия тұтынуды кемінде он бес пайызға төмендету туралы мәліметтерді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында айқындалған, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында айқындалған қаржы қаражатын игеру туралы есепті ұсыну энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің қорытындылары;
2) осы Келісімді жасасқан кезден бастап бес жыл ішінде энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру есебінен өнім бірлігіне меншікті энергия тұтынуды он бес пайызға төмендетуге қол жеткізуге;
3) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгін арттыру туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және осы Келiсiмнің шарттарын сақтауға міндетті.
4. Уәкілетті орган:
1) осы Келiсiмде көзделген Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің мiндеттемелердi орындау мониторингін жүргізуге;
2) осы Келiсiмнiң шарттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
3) осы Келісімнің шартын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің бұзғаны туралы салық органын хабардар етуге;
4) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мамандарының оқуына жәрдем көрсетуге міндетті.
5. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы:
1) осы Келісімде көзделген шарттарды сақтау;
2) осы Келiсiм шеңберінде тек қана объектілер бойынша осы Келiсiмді жасасқан субъекті үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем мөлшерлемесін көтермеу туралы мәселені жергiлiктi өкiлеттi органдардың қарауына ұсынуға міндетті.
6. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі:
1) мемлекеттік органдарға энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ақпаратты уәкілетті органнан алуға құқылы.
7. Өзара келісім бойынша Тараптардың осы Келісімге жазбаша нысанда қосымша келісімдер жасасу арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар.
8. Келісімнің қолданысын тоқтату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Егер бұл форс-мажорлық мән-жайлардың, яғни осы Келісім шарттарының орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына әкеп соққан еңсерілмейтін күш мән-жайларының (дүлей апат немесе болжауға немесе алдын алуға болмайтын өзге де мән-жайлар) салдары болып табылса, тараптар осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Форс-мажор жағдайында, зардап шеккен Тарап екінші Тарапты форс-мажор оқиғасы туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.
10. Заңды тұлға түрінің және/немесе Тараптардың ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі шарттың қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар Келісімді бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті құқықтық мұрагерлерге өтеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесінің, орналасқан жерінің және өзге де деректемелерінің өзгергені туралы 3 күн мерзімде бірін-бірі жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті.
11. Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін және бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде ___ түпнұсқа данада жасалды.
12. Осы Келісім оған тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және ___ жыл (кемінде бес жыл) ішінде қолданыста болады.
Тараптардың мекенжайы мен деректемелері:
___________________________________________________________
___________________________________________________________
___________________________________________________________