Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 14 тамыздағы № 407 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 18 тамызда № 39613 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 "Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларында:

      2-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы жетім балаларға және ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға бөлінеді.

      Егер жетім балалардың, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балалардың саны оларға бөлінуге тиісті тұрғынжай көлемінен аз болса немесе осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарының талаптарына сәйкес келмесе, тұрғынжайдың қалған көлемі осы Қағидалардың 4-1-тармағында көрсетілген адамдарға беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған жалпы тұрғынжайлар көлемiнiң кемiнде елу пайызы:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне;

      3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;

      5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;

      6) жесір әйелдерге (тұл ер адамдарға);

      7) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға;

      8) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың отбасы мүшесі (мүшелері) және (немесе) мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшесі (мүшелері) бар өзге де санаттар бойынша тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға беріледі.

      Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген азаматтардың саны оларға берілетін тұрғынжай көлемінен аз болса немесе олар осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарының талаптарына сәйкес келмесе, қалған тұрғынжай көлемі осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген адамдарға беріледі.";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған жалпы тұрғынжай көлемінен қалған тұрғынжай көлемі осы Қағидалардың 4 және 4-1-тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға жатпайтын, бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға беріледі.

      6. Коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға:

      1) осы Қағидалардың 4-1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, бірыңғай республикалық электрондық базада немесе "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында есепке қою күні бойынша;

      2) бірыңғай республикалық электрондық базаның немесе "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасының деректеріне сәйкес отбасы құрамында үш адамнан артық болған кезде отбасының соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысымен отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) – көрсеткішінен аспайтын табыс немесе оның болмауы;

      3) бірыңғай республикалық электрондық базаның немесе "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасының деректеріне сәйкес отбасы құрамында екі адамнан артық болмаған кезде екі адамнан тұратын отбасы құрамы соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысымен отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,5 (үш жарым) – көрсеткішінен аспайтын табыс немесе оның болмауы;

      4) бірыңғай республикалық электрондық базаның немесе "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасының деректеріне сәйкес отбасы мүшелері болмаған кезде азаматтың соңғы 6 (алты) айдағы табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 5,5 (бес жарым) – көрсеткішінен аспайтын табыс немесе оның болмауы кезінде беріледі;

      Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды беретін кезде бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасында еңбек және кәсіпкерлік қызметтен алған табыстары есепке алынады.

      7. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай берілген кезде мынадай нормалары қолданылады:

      1) ерлі-зайыптыларға бір бөлме беріледі;

      2) жынысы бір отбасы мүшелеріне, оның ішінде ерлі-зайыптылардың біреуі ғана болған жағдайда бір бөлмеде екі адамнан аспайтын есеппен бір бөлме беріледі;

      3) ерлі-зайыптыларды қоспағанда, әр жынысты отбасы мүшелеріне бір бөлмеде екі адамнан аспайтын есеппен жеке бөлмелер беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген нормаға сай келетін тұрғынжайлар болмаған кезде бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың келісімімен белгіленген нормалардан төмен тұрғынжайларды беруге жол беріледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiткен аурулар тiзiмiнде санамаланған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын азаматтарға, сондай-ақ мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жеке қосымша бөлме берiледi. Аталған қосымша алаң артық деп есептелмейдi.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Ауылдық елді мекендерде орналасқан коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарының талаптарын ескере отырып, Отбасы банктің интернет - ресурсында осы ауданда бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар берген осы Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ауылдық елді мекендерде орналасқан коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар беру туралы өтініші негізінде іске асырылады.".

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша берілетін тұрғынжайдың жалпы көлемінің кемінде жиырма пайызы жетім балаларға және ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.

      Егер жетім балалардың, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балалардың саны оларға бөлінуге тиісті тұрғынжай көлемінен аз болса немесе олар осы Қағидалардың 18 және 24-тармақтарының талаптарына сәйкес келмесе, тұрғынжайдың қалған көлемі осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген адамдарға беріледі.

      15. Тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша берілетін тұрғынжайлардың жалпы көлемінің кемінде елу пайызы:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне;

      3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;

      5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;

      6) жесір әйелдерге (тұл ер адамдарға);

      7) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға;

      8) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың отбасы мүшесі (мүшелері) және (немесе) мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшесі (мүшелері) бар өзге де санаттар бойынша тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға беріледі.

      Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген азаматтардың саны оларға берілетін тұрғынжай көлемінен аз болса немесе олар осы Қағидалардың 18 және 24-тармақтарының талаптарына сәйкес келмесе, қалған тұрғынжай көлемі осы Қағидалардың 15-1-тармағында көрсетілген адамдарға беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. Тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша берілетін тұрғынжайлардың жалпы көлемінен қалған тұрғынжай көлемі осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға жатпайтын, бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға беріледі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Тұрғынжайды бөлу және тұрғынжай беру жөнінде шешім қабылдау процесі осы Қағидалардың 13, 14, 15, 15-1-тармақтарының талаптарын ескере отырып, автоматты түрде Отбасы банктің автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен жүзеге асырылады.";

      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қазақстан Республикасында еңбек және кәсіпкерлік қызметтен соңғы 6 (алты) айда отбасылық жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне 5 (бес) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын, бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар жылдық 2% (екі пайыз) ставкасы бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызының қатысушылары:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлері;

      3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      4) жетім балалар және ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балалар;

      5) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

      6) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      7) жесір әйелдер (тұл ер адамдар);

      8) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

      19. Жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызын беру кезінде бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждардың есепте тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасында еңбек және кәсіпкерлік қызметтен алған табыстары ескеріледі.";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жылдық 5% (бес пайыз) мөлшерлеме бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызының қатысушылары соңғы 6 (алты) айдағы Қазақстан Республикасында еңбек және кәсіпкерлік қызметтен түскен жиынтық отбасылық табысы бар бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар болып табылады.

      25. Жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызын берген кезде бiрыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы заматтарының, қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасында еңбек және кәсіпкерлік қызметтен алған табыстары ескеріледі.";

      30 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Заңның 68-бабында айқындалған бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған, отбасының Қазақстан Республикасында еңбек және кәсіпкерлік қызметтен жиынтық табысы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастары жылдық 7% (жеті пайыз) мөлшерлеме бойынша жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызының қатысушылары болып табылады.

      31. Жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарызын беру кезінде бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасында еңбек және кәсіпкерлік қызметтен алған табыстары ескеріледі.";

      51-тармақ алып тасталсын;

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың бірінші тармақтың жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы және отыз бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрі
2026 жылғы 14 тамыздағы
№ 407 бұйрығына
1-қосымша
  Тұрғын үй жағдайларын
жақсартуға бағытталған
мемлекеттік қолдау
шараларын іске асыру
қағидаларына
1-1 қосымша
  Нысан
  ___________ азаматтан
(тегі, аты, әкесінің аты)
(бар болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру
нөмірі _______________

Ауылдық елді мекендерде орналасқан коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар беру туралы өтініші

      _________________________________________________________________,

      (ауылдық елді мекеннің, ауданның, облыстың атауы)

      коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінетін тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайды беруді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      "__" __________ 20 __ жыл.

      ЭЦҚ

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрі
2026 жылғы 14 тамыздағы
№ 407 бұйрығына
2-қосымша
  Тұрғын үй жағдайларын
жақсартуға бағытталған
мемлекеттік қолдау
шараларын іске асыру
қағидаларына
4- қосымша

"Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Тұрғын үй сертификаттарын беру.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ.

3

Көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің атауы

Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

www.egov.kz "цифрлық үкіметтің" веб-порталы.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Цифрлық (ішінара автоматтандырылған).

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Түрін, сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
2) веб-портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтініш;
2) Заңның 68-бабында айқындалған халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттарын қоспағанда жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі;
3) ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның мөлшері сомасы туралы мәліметтерді қамтитын өтініш берушіге тұрғынжай сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хатының электрондық көшірмесі.
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжаттардың, олардың табыстарының, жылжымайтын мүліктерінің, неке қию немесе бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), құжаттар, өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкіметтің" шлюзі (сыртқы шлюзі) арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден отбасының барлық мүшелеріне беріледі.

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар

1) субсидиялауға байланысты, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларды іріктеудің конкурстық рәсімдері арқылы немесе белгіленген лимиттер шегіндегі көрсетілетін мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
3. Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады.


О внесении изменений и дополнений в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 30 мая 2025 года № 187 "Об утверждении Правил реализации мер государственной поддержки, направленных на улучшение жилищных условий"

Приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 14 августа 2026 года № 407. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 августа 2026 года № 39613

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие настоящего приказа см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 30 мая 2025 года № 187 "Об утверждении Правил реализации мер государственной поддержки, направленных на улучшение жилищных условий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 36186) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах реализации мер государственной поддержки, направленных на улучшение жилищных условий, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 19) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "19) электронная цифровая подпись (далее - ЭЦП) – цифровая запись (набор цифровых данных), созданная с использованием закрытого ключа электронной цифровой подписи и средств электронной цифровой подписи, подтверждающая достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания.".

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Не менее двадцати процентов жилища от общего объема жилищ из коммунального жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предоставляется детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей (родителя).

      В случае, если количество детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей (родителя), меньше объема жилищ, подлежащего распределению им, или они не соответствуют требованиям пунктов 6 и 7 настоящих Правил, оставшийся объем жилищ предоставляется лицам, указанным в пункте 4-1 настоящих Правил.";

      дополнить пунктом 4-1 следующего содержания:

      "4-1. Не менее пятидесяти процентов от общего объема жилищ из коммунального жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предоставляется:

      1) Ветеранам Великой Отечественной войны;

      2) Ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны;

      3) ветеранам боевых действий на территории других государств;

      4) лицам с инвалидностью первой и второй групп;

      5) семьям, имеющим или воспитывающим детей с инвалидностью;

      6) вдовам (вдовцам);

      7) многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившим ранее звание "Мать-героиня", а также награжденным орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетным семьям;

      8) гражданам Республики Казахстан, кандасам, состоящим на учете нуждающихся в жилище по иным категориям, имеющим члена (членов) семьи лиц с инвалидностью первой или второй группы и (или) члена (членов) семьи, воспитывающих детей с инвалидностью.

      В случае, если количество граждан, предусмотренных частью первой настоящего пункта, меньше объема жилищ, подлежащего предоставлению им, или они не соответствуют требованиям пунктов 6 и 7 настоящих Правил, оставшийся объем жилищ предоставляется лицам, указанным в пункте 5 настоящих Правил.";

      пункты 5, 6 и 7 изложить в следующей редакции:

      "5. Оставшийся объем жилищ от общего объема жилищ из коммунального жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предоставляется гражданам Республики Казахстан, кандасам, состоящим на учете нуждающихся в жилище в единой республиканской электронной базе, электронной базе "Центр обеспечения жилищем", не относящимся к лицам, указанным в пунктах 4 и 4-1 настоящих Правил.

      6. Жилище из коммунального жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предоставляется гражданам Республики Казахстан, кандасам, состоящим на учете нуждающихся в жилище:

      1) по дате постановке на учет в единой республиканской электронной базе или электронной базе "Центр обеспечения жилищем", за исключением лиц указанных в подпункте 8) пункта 4-1 настоящих Правил;

      2) с совокупным доходом семьи (гражданина) за последние 6 (шесть) месяцев на каждого члена семьи не более 2 (два) - кратной величины прожиточного минимума включительно, утвержденного законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год или его отсутствием при составе семьи от трех человек в соответствии с данными единой республиканской электронной базы или электронной базы "Центр обеспечения жилищем";

      3) с совокупным доходом семьи за последние 6 (шесть) месяцев на каждого члена семьи не более 3,5 (три с половиной) - кратной величины прожиточного минимума включительно, утвержденного законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год или его отсутствием при составе семьи из двух человек в соответствии с данными единой республиканской электронной базы или электронной базы "Центр обеспечения жилищем";

      4) с доходом гражданина за последние 6 (шесть) месяцев не более 5,5 (пять с половиной) - кратной величины прожиточного минимума включительно, утвержденного законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год или его отсутствием при отсутствии членов семьи в соответствии с данными единой республиканской электронной базы или электронной базы "Центр обеспечения жилищем".

      При предоставлении жилища из коммунального жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, учитываются доходы граждан Республики Казахстан, кандасов, состоящих на учете нуждающихся в жилище в единой республиканской электронной базе, электронной базе "Центр обеспечения жилищем", и членов их семей от трудовой и предпринимательской деятельности, полученные в Республике Казахстан.

      7. При предоставлении жилища из коммунального жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, применяются следующие нормы:

      1) супругам предоставляется одна комната;

      2) членам семьи одного пола, в том числе при наличии только одного из супругов предоставляется одна комната из расчета не более двух человек в комнате;

      3) членам семьи разного пола предоставляются отдельные комнаты, за исключением супругов, из расчета не более двух человек в комнате.

      При отсутствии жилищ с нормой установленной частью первой настоящего пункта, с согласия граждан Республики Казахстан, кандасов, состоящих на учете нуждающихся в жилище в единой республиканской электронной базе, электронной базе "Центр обеспечения жилищем", допускается предоставление жилищ меньше установленной нормы.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Гражданам, страдающим тяжелыми формами некоторых хронических заболеваний, перечисленных в списке заболеваний, утвержденном уполномоченным органом в области здравоохранения, а также семьям, имеющим или воспитывающим детей с инвалидностью, предоставляется отдельная дополнительная комната. Указанная дополнительная площадь не считается излишней.";

      дополнить пунктом 11-1 следующего содержания:

      "11-1. Жилища из коммунального жилищного фонда или жилища, арендованное местным исполнительным органом в частном жилищном фонде расположенные в сельских населенных пунктах, реализуются на основании заявления о предоставлении жилища из коммунального жилищного фонда или жилища, арендованного в частном жилищном фонде в сельском населенном пункте по форме согласно приложению 1-1 к настоящим Правилам, поданных гражданами Республики Казахстан, кандасами, состоящим на учете нуждающихся в жилище в единой республиканской электронной базе, электронной базе "Центр обеспечения жилищем" в данном районе, на интернет - ресурсе Отбасы банка, с учетом требований пунктов 6 и 7 настоящих Правил.";

      пункты 14 и 15 изложить в следующей редакции:

      "14. Не менее двадцати процентов жилища от общего объема жилищ предоставляемых по льготным ипотечным жилищным займам через систему жилищных строительных сбережений, предоставляется детям-сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей (родителя).

      В случае, если количество детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей (родителя), меньше объема жилищ, подлежащего распределению им, или они не соответствуют требованиям пункта 18 и 24 настоящих Правил, оставшийся объем жилищ предоставляется лицам, указанным в пункте 15 настоящих Правил.

      15. Не менее пятидесяти процентов от общего объема жилищ предоставляемых по льготным ипотечным жилищным займам через систему жилищных строительных сбережений, предоставляется:

      1) Ветеранам Великой Отечественной войны;

      2) Ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны;

      3) ветеранам боевых действий на территории других государств;

      4) лицам с инвалидностью первой и второй групп;

      5) семьям, имеющим или воспитывающим детей с инвалидностью;

      6) вдовам (вдовцам);

      7) многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившим ранее звание "Мать-героиня", а также награжденным орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетным семьям;

      8) гражданам Республики Казахстан, кандасам, состоящим на учете нуждающихся в жилище по иным категориям, имеющим члена (членов) семьи лиц с инвалидностью первой или второй группы и (или) члена (членов) семьи, воспитывающих детей с инвалидностью.

      В случае, если количество граждан, предусмотренных частью первой настоящего пункта, меньше объема жилищ, подлежащего предоставлению им, или они не соответствуют требованиям пунктам 18 и 24 настоящих Правил, оставшийся объем жилищ предоставляется лицам, указанным в пункте 15-1 настоящих Правил.";

      дополнить пунктом 15-1 следующего содержания:

      "15-1. Оставшийся объем жилищ от общего объема жилищ предоставляемых по льготным ипотечным жилищным займам через систему жилищных строительных сбережений, предоставляется гражданам Республики Казахстан, кандасам, состоящим на учете нуждающихся в жилище в единой республиканской электронной базе, электронной базе "Центр обеспечения жилищем", не относящимся к лицам, указанным в пунктах 14 и 15 настоящих Правил.";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Процесс распределения жилища и принятия решения по предоставлению жилища осуществляется автоматизированной информационной системой Отбасы банка автоматически с учетом требований пунктов 13, 14, 15, 15-1 настоящих Правил.";

      пункты 18 и 19 изложить в следующей редакции:

      "18. Участниками льготного ипотечного жилищного займа по ставке 2 % (два процента) годовых являются следующие граждане Республики Казахстан, кандасы, состоящие на учете нуждающихся в жилище в единой республиканской электронной базе, электронной базе "Центр обеспечения жилищем", имеющие совокупный семейным доход от трудовой и предпринимательской деятельности полученные в Республике Казахстан за последние 6 (шесть) месяцев не более 5 (пять) прожиточного минимума на каждого члена семьи:

      1) Ветераны Великой Отечественной войны;

      2) Ветераны, приравненные по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны;

      3) ветераны боевых действий на территории других государств;

      4) дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей (родителя);

      5) лица с инвалидностью первой и второй групп;

      6) семьи, имеющие или воспитывающие детей с инвалидностью;

      7) вдовы (вдовцы);

      8) многодетные матери, награжденные подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа" или получившие ранее звание "Мать-героиня", а также награжденные орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетные семьи.

      19. При предоставлении льготного ипотечного жилищного займа, учитываются доходы граждан Республики Казахстан, кандасов, состоящих на учете нуждающихся в жилище в единой республиканской электронной базе, электронной базе "Центр обеспечения жилищем", и членов их семей от трудовой и предпринимательской деятельности, полученные в Республике Казахстан.";

      пункты 24 и 25 изложить в следующей редакции:

      "24. Участниками льготного ипотечного жилищного займа по ставке 5 % (пять процентов) годовых являются граждане Республики Казахстан, кандасы, состоящие на учете нуждающихся в жилище в единой республиканской электронной базе, электронной базе "Центр обеспечения жилищем", имеющие совокупный доход семьи от трудовой и предпринимательской деятельности полученные в Республике Казахстан за последние 6 (шесть) месяцев.

      25. При предоставлении льготного ипотечного жилищного займа, учитываются доходы граждан Республики Казахстан, кандасов, состоящих на учете нуждающихся в жилище в единой республиканской электронной базе, электронной базе "Центр обеспечения жилищем", и членов их семей от трудовой и предпринимательской деятельности, полученные в Республике Казахстан.";

      пункты 30 и 31 изложить в следующей редакции:

      "30. Участниками льготного ипотечного жилищного займа по ставкам 7 % (семь процентов) годовых являются граждане Республики Казахстан, кандасы, состоящие на учете нуждающихся в жилище в единой республиканской электронной базе, электронной базе "Центр обеспечения жилищем", определенные статьей 68 Закона, имеющие совокупный семейным доход от трудовой и предпринимательской деятельности полученные в Республике Казахстан.

      31. При предоставлении льготного ипотечного жилищного займа, учитываются доходы граждан Республики Казахстан, кандасов, состоящих на учете нуждающихся в жилище в единой республиканской электронной базе, электронной базе "Центр обеспечения жилищем", и членов их семей от трудовой и предпринимательской деятельности, полученные в Республике Казахстан.";

      пункт 51 исключить;

      дополнить приложением 1-1 согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      приложение 4 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев двадцать седьмого, двадцать восьмого, двадцать девятого, тридцатого и тридцать первого пункта 1 Приказа, которые вводятся в действие с 14 сентября 2026 года.

      Министр промышленности и строительства
Республики Казахстан
Е. Нагаспаев

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство искусственного
интеллекта и цифрового развития
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министр промышленности
и строительства
Республики Казахстан
от 14 августа 2026 года
№ 407
  Приложение 1-1
к Правилам реализации мер
государственной поддержки,
направленных на улучшение
жилищных условий
  Форма
  От гражданина (ки) ___________
(фамилия, имя, отчество
(при его наличии),
индивидуальный
идентификационный номер
____________________________

Заявление о предоставлении жилища из коммунального жилищного фонда или жилища, арендованного в частном жилищном фонде в сельском населенном пункте

      Прошу предоставить мне жилище из коммунального жилищного фонда или жилища, арендованного в частном жилищном фонде по адресу

      ________________________________________________________________, (наименование сельского населенного пункта, района, области)

      Согласен (-на)

      на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну,

      содержащихся в информационных системах.

      "__" __________ 20__ года.

      ЭЦП

  Приложение 2 к приказу
Министр промышленности
и строительства
Республики Казахстан
от 14 августа 2026 года
№ 407
  Приложение 4
к Правилам реализации мер
государственной поддержки,
направленных на улучшение
жилищных условий

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Выдача жилищных сертификатов"

1

Наименование государственной услуги

Выдача жилищных сертификатов.

2

Наименование подвида (при наличии) государственной услуги

Отсутствует.

3

Наименование услугодателя, соуслугодателя

Местные исполнительные органы столицы, городов республиканского значения, районов, городов областного значения (далее – услугодатель).

4

Способы предоставления государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

Веб-портал "цифрового правительства" www.egov.kz.

5

Срок оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

3 (три) рабочих дней.

6

Форма оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

Электронная (частично цифровизированная).

7

Результат оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

Решение об одобрении выдачи жилищного сертификата с указанием вида, суммы или мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги.

8

Размер платы, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Бесплатно.

9

График работы услугодателя, Государственной корпорации и цифровых объектов информации

1) услугодателя – с понедельника по пятницу, в соответствии с установленным графиком работы с 9.00 до 18.30 часов, за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан (далее – Кодекс) с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов;
2) веб-портала - круглосуточно, за исключением технических перерывов, в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).

10

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги и ее подвидов (при наличии)

1) электронное заявление по форме, согласно приложению 5 к настоящим Правилам, удостоверенное ЭЦП;
2) электронная копия справки с места работы, за исключением социально-уязвимых слоев населения, определенных статьей 68 Закона;
3) электронная копия письма БВУ об одобрении выдачи ипотечного жилищного займа на приобретение жилья заявителю, содержащее сведения о сумме, размере первоначального взноса и сумме ежемесячного платежа по ипотечному жилищному займу.
Сведения документов, удостоверяющих личность заявителя и членов семьи (супруг (а), несовершеннолетних детей), их доходах, недвижимости, о заключении или расторжении брака (после 1 июня 2008 года), о смерти (после 13 августа 2007 года), о рождении детей (после 13 августа 2007 года), документов, подтверждающих принадлежность заявителя к социально-уязвимым слоям населения предоставляются услугодателю на всех членов семьи из соответствующих государственных цифровых систем через шлюз (внешний шлюз) "цифрового правительства".

11

Основания для отказа в оказании государственной услуги и ее подвидов (при наличии), установленные законами Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателями для получения государственных или социально ответственных услуг, связанных с субсидированием, а также оказываемых посредством конкурсных процедур отбора услугополучателей или в пределах установленных лимитов, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной или социально ответственной услуги, требованиям, установленным нормативными правовыми актами Республики Казахстан;
3) отрицательный ответ уполномоченного государственного органа на запрос о согласовании, который требуется для оказания государственной или социально ответственной услуги, а также отрицательное заключение экспертизы, исследования либо проверки;
4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения определенной государственной или социально ответственной услуги;
5) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучатель лишен специального права, связанного с получением государственной или социально ответственной услуги.
6) отсутствие согласия услугополучателя, предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной или социально ответственной услуги.

12

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию.

1. Услугополучатель имеет возможность получения государственной услуги в электронной форме через портал при условии наличия электронной цифровой подписи.
2. Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, справочных служб услугодателя, а также Единого контакт-центра "1414", 8-800-080-7777.
Для получения государственных услуг в электронной форме посредством портала субъекты получения услуг в электронной форме могут использовать одноразовые пароли в соответствии с законодательством Республики Казахстан.