ЗҚАИ-ның ескетрпесі!
Осы бұйрық 01.01.2027 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 85 "Тұрғынжайларда ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізбесін және жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларының тізбесін бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 наурызда № 27220 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұсталуына, өсірілуіне және айналымына тыйым салынған немесе шектелген жануарлардың тізбесін және жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларының тізбесін бекіту туралы";
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ұсталуына, өсірілуіне және айналымына тыйым салынған немесе шектелген жануарлардың тізбесі;";
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұсталуына, өсірілуіне және айналымына тыйым салынған немесе шектелген жануарлардың тізбесі";
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе.
Осы Тізбе "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда қолданылады.".
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялауға жатады.
|
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |