"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің Қамтамасыз ету және кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
| Қазақстан Республикасы | |
| Ұлттық қауіпсіздік комитеті | |
| Төрағасының | |
| 2026 жылғы 3 тамыздағы | |
| № 76/қе | |
| бұйрығына қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19210 болып тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығына өзгерістер енгізу және оның құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 31 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31766 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 62 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35942 болып тіркелген).