БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 270 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33350 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидаларында:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Өздеріне мәлім болған, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жоғары тұрған басшының және (немесе) өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына дереу жеткізу лауазымдық мiндеттемелерiне жататын мемлекеттiк қызметшiлерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі (бұдан әрі – Қызмет) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – аумақтық орган) грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау жолымен көтермелейді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қызмет, аумақтық орган, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті орган және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағында көрсетілген органдар (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органдар) көтермеленуге құқығы бар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарға көтермелеуге өтініш беру тәртібі туралы түсіндіреді.";
12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген адам (бұдан әрі – өтініш беруші) жүгінген күннен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын орган Қызметке немесе аумақтық органға он жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды жібереді:";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын орган сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамды грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау үшін, осы адамның өтінішін қоспағанда, осы Қағидалардың 3-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды Қызметке немесе аумақтық органға жібереді.";
14-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Қызмет немесе аумақтық орган осы Қағидалардың 11, 12 немесе 13-тармақтарында көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап, ұсынылған құжаттардың толықтығын әрі осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін бес жұмыс күні ішінде тексереді.
Құжаттардың пакеті толық ұсынылмаған, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсеткен адам және (немесе) көтермелеу үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Қызмет немесе аумақтық орган осы тармақта көрсетілген мерзімде өтінішті не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органның өтінішхатын қараудан негізді түрде бас тартады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Комиссияның құрамын және оның ережесін Қызметтің немесе аумақтық органның басшысы бекітеді.
Комиссия Қызметтің немесе аумақтық органның қызметкерлері қатарынан құрылады және кемінде бес адамнан тұруға тиіс.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Қызметтің немесе аумақтық органның басшысы Комиссия сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамды көтермелеу туралы осы Қағидалардың 3-тармағының ережелерін ескере отырып шешім қабылдағаннан кейін, бір жұмыс күні ішінде адамға біржолғы ақшалай сыйақы төлеу, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау үшін негіз болып табылатын көтермелеу туралы бұйрық шығарады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Біржолғы ақшалай сыйақы төлеу Қызмет немесе аумақтық орган басшысының көтермелеу туралы бұйрығы шыққаннан кейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамның ағымдағы банк шотына аудару жолымен, бір ай ішінде жүргізіледі.";
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі