БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 18 тамыздан бастап әрекет ететін тізбенің 3-тармағын және 2026 жылғы 13 тамыздан бастап әрекет ететін тізбенің 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Көлік министрі | Н. Сауранбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының | |
| Көлік министрі | |
| 2026 жылғы 30 шілдедегі | |
| № 198 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Әуе кемелерін есептен шығару қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6868 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуе кемелерін есептен шығару қағидаларында:
1-қосымша осы Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне (бұдан әрі – бұйрықтар тізбесі) 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 390 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7102 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық және эксперименттік авиация үшін ұшуға дайындау қағидаларында:
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Әуе кемесінің командиріне экипаждың ұшу алдындағы дайындық уақытын ұлғайтуға рұқсат етіледі, бұл туралы ол пайдаланушының тиісті қызметіне және брифинг жөніндегі диспетчерге хабарлайды. Бұл ретте экипаждың жұмыс уақыты барлық жағдайларда азаматтық авиация саласындағы заңдармен белгіленген нормативтерден аспайды.";
3. "Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8782 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларында:
4-қосымша бұйрықтар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. "Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасында:
22-қосымшаның 10RK Модулі бұйрықтар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
5. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15553 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
1-қосымша бұйрықтар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
6. "Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. ААҚ аэронавигациялық ақпаратты және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болатын Суверенитеті белгіленбеген әуе кеңістігіне қатысты деректерді алады немесе жасайды, тексереді, құрастырады, редакциялайды, пішімге келтіреді, басып шығарады, сақтайды және таратады.";
125- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"125. ААҚ ұшу қауіпсіздігін, аэронавигацияның тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында шетел мемлекеттердің ААҚ сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына, сондай-ақ Егемендігі анықталмаған әуе кеңістігіне қатысты аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпаратты дереу ұсынады, онда Қазақстан Республикасы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болады.".
7. "Азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну мен авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 505 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15597 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық және эксперименттік авиацияда деректерді ұсыну мен авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында:
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Авиациялық оқиғаға ұшыраған әуе кемесін пайдаланушы (иесі) немесе оқыс оқиға және әуеайлағы пайдаланушының (тікұшақ айлағының), әуежайының пайдаланушысы комиссияның авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруге қатысады және Комиссияның жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті (әкімдер) атқарушы органдармен іс-қимылды үйлестіруді жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, жеке және заңды тұлғалар Комиссияға жан-жақты көмек көрсетеді.".
| Өзгерістер енгізілетін | |
| кейбір бұйрықтардың тізбесіне | |
| 1-қосымша | |
| Әуе кемелерін | |
| есептен шығару ережесіне | |
| 1-қосымша | |
| нысан |
Есептен шығару актісі
Біз төменде қол қойғандар, 20 __жылғы "____" ______________ №____
бұйрығының негізінде тағайындалған комиссияның құрамы _______________
төраға _________________________________________________________
және мүшелері ____________________________________________________
______________________________________________________________
_______________________________________________________________
___________________________ есептен шығару туралы шешім қабылдау
үшін ___________ үлгісінде айқындау белгісі, "___"__________ жылы зауыттан
шыққан зауыттық нөмірі және ____ сағат ____ минут өндірілген күннен бастап
жұмыс істеген және ___сағат__ минут соңғы жөндеу, ____ қону көлеміне қарай
бар ______ жөндеумен жарамсыздыққа әкелген себеп
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________________________________________
Бастапқы құны (қайта қалпына келтіру - қайта бағалау үшін)
____________________ _____ теңге. Бухгалтерлік есеп бойынша тозуға бөлінген
сомасы ________________ теңге. Қалған құны _________________ _____ теңге.
Есептен шығарудан шығындар ____________________________ (авария немесе
күтпеген апат жағдайда), қалған құнынан басқа __________ теңге. Шығарылған
және кірістелген жабдықтаушы бұйымдар, двигательдер ______________ теңге.
Металл темірінің құны (қара, түрлі-түсті) ________ теңге. Техникалық жағдайын
сипаттау ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ескертпе. Техникалық жағдайын сипаттау ____________________________
_____________ сыртқы байқауының нәтижесін айқындау мен толық сипаттама
беру және негізгі түйінін бағалау керек. Жабдықтаушы бұйымдардың техникалық
жағдайын сипаттау осы актінің қосымшасы болып табылатын тізімге келтірілген.
Комиссияның қорытындысы ______________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Комиссия төрағасы
Мүшелері
Авиакәсіпорынды пайдаланушы басшының қорытындысы
______________________________________________________________
______________________________________________________________
М.О. (бар болса) Тегі: Қолы:
Авиакомпанияның техникалық басшысының қорытындысы (авиажөндеу
зауытының оқу орны)
_______________________________________________________________
М.О. (бар болса) Тегі: Қолы:
| Өзгерістер енгізілетін | |
| кейбір бұйрықтардың тізбесіне | |
| 2-қосымша | |
| Авиация персоналы куәліктерін | |
| беру және олардың қолданылу | |
| мерзімін ұзарту қағидаларына | |
| 4-қосымша |
"Авиация персоналына куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
"Авиация персоналына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | |||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы | |
2 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша: | |
3 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамына құжаттар келіп түскен күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні | |
4 | Mемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барлық кіші түрлері бойынша: электрондық (ішінара цифрландырылған). | |
5 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
авиация персоналына куәліктер беру; | |
6 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем ставкаларына сәйкес. | |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) уәкілетті ұйымға – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08:00-ден 17.00-ге дейін. | |
8 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
8.1. Ұшу экипажы мүшесінің куәлігін беру: | |
9 | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV Заңының талаптарына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7058 болып тіркелген) белгіленген біліктілік талаптарына, біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 763 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8786 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығымен Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 748 бұйрығымен бекітілген Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 517 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15600 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасының, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15325 болып тіркелген), сондай-ақ осы Қағидаларда және үлгілік бағдарламаларда белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс; | |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. | |
| Өзгерістер енгізілетін | |
| кейбір бұйрықтардың | |
| тізбесіне 3-қосымша |
10RK модулі. Қазақстан Республикасының уәкілетті ұйымы берген ӘК ТҚ маманы куәлігінің иелері және ӘК ТҚ маманы куәлігін иеленуге үміткерлер үшін "Қазақстандық авиациялық және халықаралық заңнама" оқу курсының бағдарламасы
Ескертпе. Модуль бағдарламасы ӘК-ге сервистік қызмет көрсету жөніндегі механиктерге (кестеде "механик" деп белгіленген), "А", "В1", "В2", "В3", "С" санаттарындағы ӘК ТКЖ маманы куәлігінің иелері мен иеленуге үміткерлерге, басқа персоналға (кестеде "басқа персонал" деп белгіленген), атап айтқанда: АТЖ және ТКЖ ұйымының персоналына, ӘК ұшу жарамдылығына қолдау көрсететін персоналға, сондай-ақ ӘК-ге сервистік қызмет және техникалық күтім көрсететін авиациялық персоналдың біліктілік деңгейін анықтау құқығы бар жеке тұлғаларға қатысты қолданылады.
р/с | 10RK модулі. | Бұл модуль механиктер мен басқа персоналдың А, В1, В2, В3 және С санаттары үшін қолданылады | ||
Деңгей/Level | ||||
Механик | А1, В1, В2, В3, С | Басқа персонал | ||
1. |
АА саласында заң шығарушы органдар / Құжаттар | 1 | 2 | 2 |
2. |
Жалпы анықтамалар | 1 | 2 | 2 |
3. |
Қазақстан Республикасының 2010.15.07 күнгі № 339- IV | 1 | 2 | 2 |
4. |
Сертификаттайтын персонал. | 1 | 2 | 2 |
5. |
АТЖ және ТКЖ бойынша мақұлданған ұйым | 1 | 2 | 2 |
6. |
Азаматтық ӘК пайдаланушыларын сертификаттау: | 1 | 2 | 2 |
ӘК сертификаттары | 1 | 2 | 2 | |
8 |
ӘК ұшу жарамдылығына қолдау көрсету: | 1 | 2 | 2 |
9. |
Түсіну: | 1 | 2 | 2 |
10. |
ӘК ТКЖ-мен айналысатын персоналды оқыту: | |||
11. | ӘК-ге сервистік қызмет пен техникалық қызмет көрсететін персоналдың өкілеттіктері. ӘК ұшу алдындағы инспекциясын (Pre-Flight Inspection) қоса алғанда, персоналға ӘК-де сервистік жұмыстарды орындауға рұқсат беру бойынша пайдаланушының жауапкершілігі | 1 | 2 | 2 |
12. | ҚР авиациясының, оның заңнамалық және нормативтік базасының даму жолдары. | 1 | 2 | 2 |
| Өзгерістер енгізілетін | |
| кейбір бұйрықтардың | |
| тізбесіне 4-қосымша | |
| Қазақстан Республикасының | |
| азаматтық әуе кемелерін және | |
| оларға құқықтарды мемлекеттік | |
| тіркеу қағидаларына 1-қосыша | |
| Нысан |