"Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 56 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 544 бірлескен қаулысына мен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 27 шілдедегі № 89 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 28 шiлдедегi № 508 бірлескен қаулысы мен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 шiлдеде № 39432 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:

      1. "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 56 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 544 бірлескен қаулысы мен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36983 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулымен және бұйрықпен бекітілген Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – биржа) шетел валюталарымен сауда-саттық жүргізетін жұмыс күндері мынадай тәртіппен күнделікті айқындалады:

      1) Америка Құрама Штаттары (бұдан әрі – АҚШ) доллары бойынша валюта айырбастаудың нарықтық бағамы теңгенің АҚШ долларына қатысты Астана қаласының уақытымен сағат 15-30-дағы жағдай бойынша қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы ретінде айқындалады;

      2) басқа шетел валюталары бойынша валюталарды айырбастаудың теңгеге қатысты нарықтық бағамы АҚШ долларының теңгеге қатысты нарықтық бағамын және осы валюталардың Астана қаласының уақытымен сағат 16-00-дегі жағдай бойынша қалыптасқан АҚШ долларына бағамдарын пайдалана отырып есептелген кросс-бағам ретінде айқындалады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі биржада сауда-саттық жүргізілген күні осы тармақта белгіленген тәртіппен айқындалған, "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ресми бағамдар жөніндегі қағидалар) қосымшада көрсетілген шетел валюталары үшін шетел валюталарының теңгеге қатысты бағамдарын белгілейді.

      Ресми бағамдар жөніндегі қағидаларға қосымшада көрсетілмеген айырбасталатын валюталардың нарықтық бағамдарын ұйымдар осы тармақта белгіленген тәртіппен дербес айқындайды. АҚШ долларының теңгеге қатысты нарықтық бағамы белгіленген күні Файнэншл Таймс (Financial Times) газетінде немесе оның интернет-ресурсында, сондай-ақ Блумберг (Bloomberg) не Рефинитив (Refinitiv) ақпараттық порталдарында жарияланған шетел валютасының АҚШ долларына бағамын пайдалануға болады.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қаржы ұйымдары (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, акционерлік инвестициялық қорлар, арнайы қаржы компаниялары, исламдық арнайы қаржы компаниялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және акцияларының елу және одан да көп пайызы (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) немесе акцияларының бақылау пакеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржылық есептілікті және бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті қалыптастыру мақсатында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қайта саналуы тиіс активтер мен міндеттемелерді қайта санауды биржада сауда-саттық жүргізілген күннің соңында Қағидалардың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып жүзеге асырады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қаржы ұйымдары (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы, акционерлік инвестициялық қорлар, арнайы қаржы компаниялары, исламдық арнайы қаржы компаниялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және акцияларының елу және одан да көп пайызы (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) немесе акцияларының бақылау пакеті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғалар Қағидалардың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып бухгалтерлік есепті жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін цифрлық жүйесі болған жағдайда, бухгалтерлік есепті жүргізу мақсаттары үшін Қағидалардың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын күннің соңында қайта санауды жүзеге асырмай-ақ биржада сауда-саттық жүргізілген күні және кейінгі жұмыс емес күндері пайдаланады не Қағидалардың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып, биржада сауда-саттық жүргізілген күннің соңында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қайта саналуы тиіс активтер мен міндеттемелерді қайта санауды жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бухгалтерлік есеп департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулыны және бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен қаулыны және бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бірлескен қаулы және бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулының және бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының Бірінші орынбасарына және Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен бұйрық ресми жариялануға тиіс және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
__________М. Такиев__________Т. Сулейменов

О внесении изменений в совместные постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 сентября 2025 года № 56 и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 сентября 2025 года № 544 "Об утверждении Правил определения рыночного курса обмена валюты"

Совместные постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 июля 2026 года № 89 и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 июля 2026 года № 508. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 июля 2026 года № 39432

      Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ и Министр финансов Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЕТ:

      1. Внести в совместные постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 сентября 2025 года № 56 и приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 сентября 2025 года № 544 "Об утверждении Правил определения рыночного курса обмена валюты" (зарегистрированы в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 36983) следующие изменения:

      в Правилах определения рыночного курса обмена валюты, утвержденных указанными совместными постановлением и приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Рыночный курс обмена валют определяется ежедневно в рабочие дни, в которые акционерное общество "Казахстанская фондовая биржа" (далее – биржа) проводит торги по иностранным валютам, в следующем порядке:

      1) по доллару Соединенных Штатов Америки (далее – США) рыночный курс обмена валюты определяется как средневзвешенный биржевой курс теңге к доллару США, сложившийся по состоянию на 15-30 часов времени города Астана;

      2) по другим иностранным валютам рыночный курс обмена валют по отношению к теңге определяется как кросс-курс, рассчитанный с использованием рыночного курса доллара США по отношению к теңге и курсов данных валют к доллару США, сложившихся по состоянию на 16-00 часов времени города Астана.

      Национальный Банк Республики Казахстан в день проведения торгов на бирже фиксирует курсы иностранных валют по отношению к теңге, определенные в установленном настоящим пунктом порядке, для иностранных валют, указанных в приложении к Правилам установления официального курса национальной валюты Республики Казахстан к иностранным валютам, утвержденным постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 242 "Об утверждении Правил установления официального курса национальной валюты Республики Казахстан к иностранным валютам" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7977) (далее – Правила по официальным курсам).

      Рыночные курсы по обменным валютам, не указанным в приложении к Правилам по официальным курсам, определяются организациями самостоятельно в порядке, установленном настоящим пунктом. Допускается использование курса иностранной валюты к доллару США, опубликованного в газете Файнэншл Таймс (Financial Times) или на его интернет-ресурсе, а также на информационных порталах Блумберг (Bloomberg) либо Рефинитив (Refinitiv), в день установления рыночного курса доллара США по отношению к теңге.";

      часть первую пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Финансовые организации (за исключением юридических лиц, осуществляющих деятельность исключительно через обменные пункты на основании лицензии Национального Банка Республики Казахстан на обменные операции с наличной иностранной валютой), филиалы банков - нерезидентов Республики Казахстан, филиалы страховых (перестраховочных) организаций - нерезидентов Республики Казахстан и филиалы страховых брокеров - нерезидентов Республики Казахстан, акционерное общество "Банк Развития Казахстана", акционерные инвестиционные фонды, специальные финансовые компании, исламские специальные финансовые компании, а также Национальный Банк Республики Казахстан и юридические лица, пятьдесят и более процентов акций (долей участия в уставном капитале) или контрольный пакет акций которых принадлежат Национальному Банку Республики Казахстан, в целях ведения бухгалтерского учета, формирования финансовой отчетности и отчетности по данным бухгалтерского учета осуществляют пересчет активов и обязательств, подлежащих пересчету в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности, в конце дня, в котором проводились торги на бирже, с использованием рыночного курса обмена валют, определенного в порядке, установленном пунктом 2 Правил.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Финансовые организации (за исключением юридических лиц, осуществляющих деятельность исключительно через обменные пункты на основании лицензии Национального Банка Республики Казахстан на обменные операции с наличной иностранной валютой), филиалы банков - нерезидентов Республики Казахстан, филиалы страховых (перестраховочных) организаций - нерезидентов Республики Казахстан и филиалы страховых брокеров - нерезидентов Республики Казахстан, акционерное общество "Банк Развития Казахстана", акционерные инвестиционные фонды, специальные финансовые компании, исламские специальные финансовые компании, а также Национальный Банк Республики Казахстан и юридические лица, пятьдесят и более процентов акций (долей участия в уставном капитале) или контрольный пакет акций которых принадлежат Национальному Банку Республики Казахстан, при наличии цифровой системы, позволяющей осуществлять ведение бухгалтерского учета с использованием рыночного курса обмена валют, определенного в порядке, установленном пунктом 2 Правил, для целей ведения бухгалтерского учета используют рыночный курс обмена валют, определенный в порядке, установленном пунктом 2 Правил, в день проведения торгов на бирже и последующие нерабочие дни без осуществления пересчета в конце дня, либо осуществляют пересчет активов и обязательств, подлежащих пересчету в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности, в конце дня, в котором проводились торги на бирже, с использованием рыночного курса обмена валют, определенного в порядке, установленном пунктом 2 Правил.".

      2. Департаменту бухгалтерского учета Национального Банка Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом Национального Банка Республики Казахстан государственную регистрацию настоящих совместных постановления и приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящих совместных постановления и приказа на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после их официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящих совместных постановления и приказа представление в Юридический департамент Национального Банка Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящих совместных постановления и приказа возложить на Первого заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан и Вице-министра финансов Республики Казахстан.

      4. Настоящие совместные постановление и приказ подлежат официальному опубликованию и вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов Республики Казахстан __________М. Такиев
      Председатель Национального Банка
Республики Казахстан
__________Т. Сулейменов