БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасында шетелдік әуе тасымалдаушыларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15386 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында шетелдік әуе тасымалдаушыларын аккредиттеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі анықтамалар мен терминдер:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
2) авиажолаушылар туралы деректерді жинауға және өңдеуге арналған цифрлық жүйе - Қазақстан Республикасының аумағына келетін (оның аумағынан кететін) немесе Қазақстан Республикасының аумағында ауысып отырып транзитпен жүретін авиажолаушылар туралы ақпаратты қамтитын Қазақстан Республикасының бірыңғай цифрлық жүйесі;
3) бас агент - Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдарды сатуға шетелдік тасымалдаушы уәкілеттік берген, шетелдік тасымалдаушымен жасалған шарт және оның атынан сенімхат негізінде шетелдік тасымалдаушы көрсететін қызметтер үшін жолаушылар алдында жауапты заңды тұлға;
4) тік эшелондаудың қысқартылған минимумы (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатура RVSM (бұдан әрі-RVSM)) - RVSM қолдана отырып ұшуға рұқсаты бар әуе кемелерін эшелондау үшін қолданылатын тік эшелондау аралығы;
5) шетелдік әуемен тасымалдаушы - Қазақстан Республикасының аумағында өкілдік, филиал немесе бас агент арқылы істейтін, тұрақты жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын шетелдік авиакомпания (бұдан әрі – шетелдік тасымалдаушы);
6) "Е-Freight" цифрлық жүйесі – багажды, почта жөнелтілімдерін және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған жүк авиатасымалдары саласындағы қағазсыз құжат айналымының бірыңғай цифрлық жүйесі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Құжаттарды қарастыру мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну мерзімі олар келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнді құрайды.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші, 28 (жиырма сегіз) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін және мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің дұрыстығын Заң талаптарына сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының және ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің сенімділігін айқындау кезінде көрсетілетін қызметті беруші:
шетелдік әуе тасымалдаушысын тіркеу мемлекеті тарапынан коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға арналған рұқсаттар;
тиісті шет мемлекеттен тағайындалған әуе тасымалдаушысы мәртебесінің болуын қарастырады.
Шетелдік әуемен тасымалдаушыға қатысты тасымалдауға құқық беру шарттары Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын әуе қатынасы туралы халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Шетелдік әуе тасымалдаушысын Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасында, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасында белгіленген ұшу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкестігін растау үшін көрсетілетін қызметті беруші бір мезгілде портал арқылы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың, материалдардың, деректер мен мәліметтердің ұсынылған толық пакетін уәкілетті ұйымға жібереді.
Уәкілетті ұйым көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы қолданыстағы заңнамасында белгіленген ұшу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкестігін тексереді.
Уәкілетті ұйым ұсынылған мәліметтер жеткіліксіз болған кезде немесе егер оларды растау талап етілсе, өтінім берушіге пайдаланушы сертификатын берген шет мемлекеттің авиациялық билігіне және(немесе) пайдаланушыға тексеру жүргізген тәуелсіз авиациялық аудиторлық ұйымдарға электрондық пошта арқылы сұрау салуды жібереді. Жауап беру мерзімі мұндай сұрау салуды жібергеннен кейін 30 күнтізбелік күннен аспайды.
Келіп түскен құжаттарды, материалдарды, деректер мен мәліметтерді қарау қорытындылары бойынша уәкілетті ұйым шетелдік әуе тасымалдаушысының Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасында белгіленген ұшу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкестігіне тексеру қорытындысын ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы ЭЦҚ көмегімен қол қойылған 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы және ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтер Заң талаптарына сәйкес келген кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік рәсімделеді немесе көрсетілетін қызметті алушы мен ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтер сәйкес келмеген кезде Тізбеде көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі порталға көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электронды құжат нысанында жолданады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік көрсетілетін қызметті алушыға оның әрекет ету күнінен бастап екі жылға, немесе егер мұндай сертификаттың қолданылу мерзімі екі жылдан аз болса, пайдаланушы сертификатының қолданылу мерзіміне беріледі.";
мынадай мазмұндағы 11-1, 11-2, 11-3, 11-4 және 11-5-тармақтармен толықтырылсын:
"11-1. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексеру Заңның 16-5-бабында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Үшінші санаттағы бұзушылық анықталған кезде уәкілетті ұйымның:
1) пайдаланушыға анықталған сәйкессіздік туралы жазбаша хабарлауға және түзету іс-қимылдары қабылдануының дәлелдемелерін талап етуге;
2) пайдаланушы мемлекетінің және қажет болған кезде әуе кемесін тіркеген және ұшу экипажы куәліктерін берген мемлекетінің құзыретті биліктеріне хабарлауға, сондай-ақ пайдаланушы қабылданған түзету іс-қимылдарын келісу туралы тиісті құзыретті биліктерден растау сұратуға;
3) әуе кемесін пайдалануға шектеу қоюды белгілеуге не анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шұғыл түзету іс-қимылдарын қабылдауды талап етуге не Қазақстан Республикасының аумағында әуе кемесін пайдалануға дереу тыйым салуды енгізуге не Заңның 16-5-бабы 7-тармағының шарттарына сәйкес әуе кемесін жерде кідіртуге құқығы бар.
11-2. Шетелдік тасымалдаушы осы Қағидалардың 11-1-тармағына сәйкес түзету іс-әрекеттерін келісілген мерзімде қабылдамаған жағдайда уәкілетті ұйым бұл туралы көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді. Көрсетілетін қызметті беруші өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын куәлігі уақытша тоқтатылған тұлғаға хабарлама тапсырылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады және бұзушылық жойылған жағдайда оның қолданылуын қайта бастайды.
11-3. Уәкілетті ұйым қажет болған жағдайда тиісті шет мемлекеттің авиациялық билігіне шетелдік тасымалдаушы сақтайтын ұшу қауіпсіздігі талаптарына қатысты консультациялар туралы сұрау салады. Мұндай консультациялар осындай сұрау салумен жүгінгеннен кейін 30 күн ішінде жүргізіледі. Егер осындай консультациялардың нәтижесінде уәкілетті ұйым тиісті авиациялық биліктер Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес осы уақытта қолданылып жүрген ИКАО стандарттарына сәйкес келетін ұшу қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың сақталуын тиімді сақтауды және тиімді бақылауды және қадағалауды қамтамасыз етпейтінін тапса, шет мемлекеттің авиациялық билік орындарына осындай тұжырымдар туралы уәкілетті ұйым хабардар етеді. Осыдан кейін шет мемлекеттің авиациялық билігі келісілген уақыт аралығында тиісті түзету шараларын қолданады. Тиісті түзету әрекеттері қабылданбаған жағдайда уәкілетті ұйым бұл туралы көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді.
11-4. Көрсетілетін қызметті беруші Шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлікті қайтарып алады:
1) егер Шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік ұсынылған құжаттарды немесе олардағы жазбаларды бұрмалау арқылы алынған болса;
2) сот шешімі бойынша;
3) егер шетелдік тасымалдаушы осы Қағидалардың 11-2-тармағына сәйкес куәлікті тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін түзету әрекеттерін қабылдамаған болса;
4) егер шетелдік тасымалдаушыға пайдаланушы сертификатын берген шет мемлекеттің тиісті авиациялық өкіметі келісілген мерзімде осы Қағидалардың 11-3-тармағына сәйкес түзету іс-әрекеттерін қабылдамаған болса.
11-5. Көрсетілетін қызметті беруші шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде Шетелдік тасымалдаушыны аккредиттеу туралы куәлікті қайтарып алу туралы жазбаша нысанда хабардар етеді. Кері қайтарып алғаннан кейін шетелдік тасымалдаушы аккредиттеу жүргізуге қайта өтініш бере алады.";
1 және 2-қосымша осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Өтініш
Сізден ____________________________________________________________________________________(авиакомпания)
шетелдік әуе тасымалдаушысын Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) тұрақты жолаушылар рейстерін орындауға аккредиттеуді сұраймын
Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ескерту:
* Пайдаланушының мемлекетінің бекітуі.
** Мемлекеттің тіркеуді бекітуі.
*** Бұл бөлімге бір рұқсатқа бір жолды (немесе бір көп жолды блокты) қолдана отырып, басқа рұқсаттар туралы ақпаратты немесе деректерді енгізуге болады (мысалы, арнайы қонуға рұқсат, MNPS, бекітілген навигациялық сипаттама)
Кестедегі қысқартулар:
1) ИКАО - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы;
2) ӘК-әуе кемесі;
3) RVSM-тік эшелондаудың қысқартылған минимумы;
4) EDT-ауытқу уақыты ұзартылған ұшулар;
5) PBN-сипаттамаларға негізделген навигация;
6) ИАТА - Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы;
7) СИТА - Халықаралық авиациялық телекоммуникациялар қоғамы;
8) АФТН - аэронавигациялық телекоммуникацияның стационарлық желісі.
"Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметті көрсету үшін негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті |
2. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) ұсыну тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады |
3. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі | 30 (отыз) жұмыс күн |
4. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электронды (ішінара цифрландырылған) |
5. | Мемлекеттік қызметтер және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы куәлік беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) портал - құжаттарды қабылдау жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау мен оның нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады); |
8. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылады: |
9. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; |
10. | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.gov.kz ("Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік қызметтер бөлімшесінде"). |
Шетелдік әуе тасымалдаушысының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкестігін тексеру қорытындысы _______________________________________ _______уәкілетті ұйым
__________________________________________________________________
(шетелдік әуе тасымалдаушысының атауы)
(бұдан әрі – өтініш беруші) __________ 20___ жылғы № _________ өтінішін, сондай-ақ _________________________________________________________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)
мемлекеттік қызметті көрсету шеңберінде көрсетілетін қызметті беруші ұсынған құжаттар, материалдар, деректер және мәліметтерді қарап, өтініш берушінің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы қолданыстағы заңнамасында және/немесе халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасында белгіленген ұшу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкестігін/сәйкес еместігін растайды.
Қосымша рұқсаттар, шарттар мен шектеулер (егер бар болса):
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________ (өтініш беруші сәйкес келген кезде көрсетіледі)
Өтініш берушінің ұшу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкес келмеу негіздері: ___________________________________________(өтініш беруші сәйкес келмеген жағдайда көрсетіледі)
Басқа пікірлер:______________________________________________
____________________________________________
Уәкілетті ұйымның бірінші басшысы, оны алмастыратын адам немесе олар уәкілеттік берген тұлға
Қазақстан Республикасы |
|
Комитет гражданской авиации |
Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу туралы КУӘЛІК / СВИДЕТЕЛЬСТВО об аккредитации иностранных перевозчиков, осуществляющих свою деятельность на территории Республики Казахстан № __________
1. _______________________________________________________________
авиакомпанияның атауы/наименование авиакомпании
_________________________________________________________________
2. _______________________________________________________________
заңды мекен-жайы/юридический адрес
3. _______________________________________________________________
шетелдік тасымалдаушының орналасқан елі/страна местонахождения
иностранного перевозчика
4. ________________________________________________________________ ________________________ *қосымша рұқсаттар, шарттар мен шектеулер (егер бар болса)/дополнительные разрешения, условия и ограничения (если применимо)
5. Куәлік 20 __ жылғы "___" __________ берілді
Свидетельство выдано "___" _____________ 20__
6. Куәлік _______________ дейін жарамды
Срок действия свидетельства:______________
_________________________________________________________________ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның жауапты тұлғасы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)/ ответственное лицо уполномоченного органа в сфере гражданской авиации, фамилия, имя, отчество (при наличии)
*Ескерту/Примечание:
Қосымша рұқсаттар, шарттар мен шектеулер пайдаланушының сертификатында және онымен байланысты пайдалану спецификацияларында көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасында осындай ұшуларды орындау үшін қажетті болып саналатын элементтер бойынша белгіленеді. Қосымша рұқсаттар пайдаланушы сертификатының пайдалану спецификацияларында пайдаланушының мемлекеті рұқсат етпеген ұшуларға санкция бермеуі немесе оларға қайшы келмеуі және осы пайдалану спецификацияларындағы рұқсаттарды қайталамауы тиіс, бірақ айрықша жағдайларда берілуі тиіс/ Дополнительные разрешения, условия и ограничения устанавливаются по тем элементам, которые не указаны в сертификате эксплуатанта и связанных с ним эксплуатационных спецификациях, но считаются необходимыми для выполнения аналогичных полетов в Республике Казахстан. Дополнительные разрешения не должны санкционировать полеты, не разрешенные государством эксплуатанта в эксплуатационных спецификациях сертификата эксплуатанта, и не должны дублировать разрешения в этих эксплуатационных спецификациях или противоречить им, но должны выдаваться в исключительных случаях.

