БҰЙЫРАМЫН:
1. "Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20391 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарында:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары (бұдан әрі – Үлгілік біліктілік талаптары) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсетіндерді қоспағанда, прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, экономикалық тергеу қызметінің лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.";
12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) саяси немесе әкімшілік лауазымдарда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;";
13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) саяси немесе әкімшілік лауазымдарда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, оның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;";
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"18. C-SVO-9, C-SVR-7, C-SVU-12 (басқарушылық функциялары бар лауазымдар), C-SVU-13, C-SVU-14, C-SSP-6 санаттары лауазымдарына орналасу үшін жұмыс өтілі келесі талаптардың біріне сай болуы тиіс:";
2) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке дайындау және кіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазықбай |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі