БҰЙЫРАМЫН:
1. "Энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 327 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21269 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу қағидаларында:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Өтініш беруші мен энергия беруші ұйым арасында туындайтын даулар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 400-бабына сәйкес шешіледі.";
6-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) көппәтерлі тұрғын үйлерде және өзге де күрделі құрылыс объектілерінде орналасқан тұрғын емес үй-жайлардағы өтініш берушінің электр қондырғыларын технологиялық қосу жағдайында – "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-тарауы талаптарының нормаларына сәйкес пәтер иелерінің келісімін растайтын құжаттың көшірмесі";";
6-тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"10) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабы 25) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітілген Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына сәйкес инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға арналған теникалық шарттар алынған жағдайда.";
22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"22. Өтініш беруші энергия беруші ұйымға шартты алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде хабарлаған жағдайда, өтініш берушінің Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне (бұдан әрі – Құрылыс кодексі) сәйкес энергия беруші ұйымнан алынған техникалық тапсырмаларды дербес орындауына жол беріледі.";
24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"24. Өтініш беруші салынған электр желілерін энергия беруші ұйымнан қабылдауды Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің 18-тарауына сәйкес жүргізеді.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Электрмен жабдықтауға жария шартты акцептеу туралы өтініш
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5) тармақшасына сәйкес электрмен жабдықтауға шарт жасасу үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10403 болып тіркелген) Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 4 немесе 4-1-тармақтарына сәйкес
__________________________________________________________________
(энергиямен жабдықтаушы ұйымның атауы)
Қазақстан Республикасының "Электр энергетикасы туралы" Заңының 5-бабы 5) тармақшасына сәйкес электрмен жабдықтаудың жария шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды беруге келісім беремін.
Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.
Сонымен қатар:
ұялы телефон нөмірі ___________________________________;
(қысқа мәтіндік хабарлама) ____________________________;
(мультимедиалық хабарлама) электрондық пошта _________________;
пошта мекенжайы __________ арқылы электр энергиясын тоқтату туралы хабарлама
алуға келісетінім туралы хабардар етемін.
_____________________ 20__ жылғы "__"_______
(өтініш берушінің қолы)
(Күні)