ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Жер құқығы қатынастары саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 4 шілдедегі № 254 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 4 шілдедегі № 133 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33054 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1-қосымшада:
Жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шешімдердің заңдылығы үшін жер құқығы қатынастары саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарға қосымшада:
реттік нөмірі 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
27. | Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алуға арналған сауалнама парағын, топографияны (жеті жұмыс күні ішінде) дайындауы және оларды бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз тасығыштарда жіберуі | болмашы |
";
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымшада:
Жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шешімдердің заңдылығы үшін жер құқығы қатынастары саласындағы тексеру парақтарында:
реттік нөмірі 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
27. | Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алуға арналған сауалнама парағын, топографияны (жеті жұмыс күні ішінде) дайындауы және оларды бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз тасығыштарда жіберуі |
";
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитеті