БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мектепке дейінгі ұйымдардың және жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарының, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Орта және арнаулы білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Орта және арнаулы білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары бекітілсін.";
осы бұйрықпен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесінде:
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1) оқу жылының аяғында Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру бойынша қорытынды бақылау нәтижелерін ескере отырып, Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған күтілетін нәтижелерге сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды топтарындағы/мектепалды сыныптардағы балалардың біліктері мен дағдыларының деңгейін анықтайды және "Ұлттық білім беру деректер қоры" цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – ҰБДҚ ЦЖ) Мектепалды жасындағы баланың жеке даму картасын толтырады.";
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрықпен бекітілген орта және арнаулы білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесінде:
1-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"автоматтандырылған цифрлық жүйеден автоматты түрде қалыптастырылатын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін талдау;";
3-тармақтың бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мектептің әлеуметтік паспортын (электрондық форматта) ҰБДҚ ЦЖ-да;
2) мектептегі білім алушылар туралы мәліметті (электрондық форматта) ҰБДҚ ЦЖ-да жүргізеді.";
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Басшының (директордың) қызмет бағыттары бойынша (оқу, тәрбие жұмысы, бейіндік оқыту, цифрлық технологиялар жөніндегі) орынбасары:";
орта және арнаулы білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандарында:
"Автоматтандырылған ақпараттық жүйеден автоматты түрде жасалатын түсініктемелері бар бөлім бойынша жиынтық бағалау (бұдан әрі – БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалау (бұдан әрі – ТЖБ) нәтижелері бойынша талдау (ақпараттық жүйе болмаған жағдайда қағаз түрінде)." нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"Сынып жетекшісінің жұмыс жоспары" нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"1-4 сынып білім алушысының үлгерім табелі" нысанындағы ескертудің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Оқу жылының қорытындысы бойынша білім алушылардың үлгерімі туралы табельдер цифрлық жүйеден жүктеліп, оған директордың қолы қойылады және білім беру мекемесінің мөрі басылады.";
"5-11 (12) сынып білім алушысының үлгерім табелі" нысанындағы ескертудің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Оқу жылының қорытындысы бойынша білім алушының үлгерім табелі цифрлық жүйеден жүктеліп, оған директордың қолы қойылады және білім беру мекемесінің мөрі басылады.";
"Мектептің даму бағдарламасы (5 жылға арналып жасалады)" нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
"Негізгі орта білім беру ұйымын бітіргені туралы аттестаттарды есепке алу" нысанындағы ескертудің он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кітап оқу жылының қорытындысы бойынша цифрлық жүйеден жүктеледі, беттері нөмірленеді, тігіледі, мектеп директорының қолымен және білім беру ұйымының мөрімен бекітіледі. Оның сақталуы қамтамасыз етіледі.";
"Жалпы орта білім туралы аттестатты есепке алу және беру кітабы" нысанындағы ескертудің он екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кітап оқу жылының қорытындысы бойынша цифрлық жүйеден жүктеледі, беттері нөмірленеді, тігіледі, мектеп директорының қолымен және білім беру ұйымының мөрімен бекітіледі. Оның сақталуы қамтамасыз етіледі.";
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Педагогтердің құжаттарды енгізуі қағаз және (немесе) электрондық форматта жүзеге асырылады. Білім беру ұйымы цифрлық жүйеге қосылған кезде құжаттарды қағаз түрінде толтыру міндетті емес.";
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандарында:
"_____________оқу жылына арналған (қызмет бағыттары бойынша) жұмыс жоспары" нысанындағы ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескерту: колледждің бағыттары бойынша жұмыс жоспарларының нысаны, оның ішінде топтың тәрбие жұмысының, әлеуметтік педагогтің, жатақхана тәрбиешісінің, бөлім меңгерушісінің, педагогикалық кеңестің, оқу-әдістемелік жұмысының, тәрбие жұмысының, оқу-тәрбие процесін цифрландыруды дамыту бойынша, кәсіби өсуі үшін даярлау және біліктілікті арттыру жоспарлары.".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы |
Ш. Акпарова |
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары
| Нысан |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының негізінде 20___ – 20___ оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Мектепке дейінгі ұйым (білім беру ұйымының атауы) __________________
___________________________________________________________________
Топ _____________________________________________________________
Балалардың жасы _________________________________________________
Мектепалды сынып (білім беру ұйымының атауы) _____________________
___________________________________________________________________
Қандай кезеңге жасалды (айды, жылды көрсету) ______________________
Ай | Ұйымдастырылған іс-әрекет | Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері |
Дене тәрбиесі (ерекше балалар үшін бейімделген дене тәрбиесі) | ||
Жүзу (жүзу бассейні болған кезде) | ||
Тіл дамыту | ||
Көркем әдебиет | ||
Сауат ашу негіздері | ||
Қазақ тілі | ||
Сенсорика/Математика негіздері | ||
Құрастыру | ||
Қоршаған әлеммен таныстыру | ||
Сурет салу | ||
Мүсіндеу | ||
Жапсыру | ||
Музыка |
Ескерту: ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспарын мектепке дейінгі ұйымның педагогтері: тәрбиеші қазақ тілінің педагогімен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен, арнайы педагогпен (ерекше балалар бар болғанда) бірлесіп құрастырады және мектепалды сыныптың педагогі құрастырады.
| Нысан |
Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы
Мектепке дейінгі ұйым (білім беру ұйымының атауы) __________________
_________________________________________________________________
Топ _____________________________________________________________
Балалардың жасы _________________________________________________
Қандай кезеңге жасалды (апта күндерін, айды, жылды көрсету) __________
Күн тәртібінің үлгісі | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма |
Балаларды қабылдау | |||||
Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен әңгімелесу, кеңес беру | |||||
Балалардың іс-әрекеті (ойын, танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, эксперименталдық, еңбек, қимыл, бейнелеу, дербес және басқалары) | |||||
Ертеңгілік жаттығу | |||||
Таңғы ас | |||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық (бұдан әрі – ҰІӘ) | |||||
Кестеге сәйкес ҰІӘ | |||||
2-ші таңғы ас | |||||
Серуенге дайындық | |||||
Серуен | |||||
Серуеннен оралу | |||||
Түскі ас | |||||
Күндізгі ұйқы | |||||
Ұйқыдан біртіндеп ояту, сауықтыру шаралары | |||||
Бесін ас | |||||
Балалардың дербес іс-әрекеті (қимылдық, ұлттық, сюжетті-рөлдік, үстел үсті-баспа және басқа ойындар), бейнелеу іс-әрекеті, кітап қарау және басқалары) | |||||
Балалармен жеке жұмыс | |||||
Серуенге дайындық | |||||
Серуен | |||||
Серуеннен оралу | |||||
Кешкі ас | |||||
Балалардың дербес іс-әрекеті (қимылдық, ұлттық, сюжетті-рөлдік, үстел үсті-баспа және басқа ойындар), бейнелеу іс-әрекеті, кітап қарау және басқалары) | |||||
Балалардың үйге қайтуы |
Ескерту: ҰІӘ кестеге сәйкес күннің бірінші және екінші жартысында жоспарланады. Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасын мектепке дейінгі ұйымның педагогтері: тәрбиеші қазақ тілінің педагогімен, педагог-психологпен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен, арнайы педагогпен (ерекше балалар бар болғанда) бірлесіп құрастырады.
| Нысан |
Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы
Мектепалды сынып (білім беру ұйымының атауы) _____________________
_________________________________________________________________
Балалардың жасы _________________________________________________
Қандай кезеңге жасалды (апта күндерін, айды, жылды көрсету) __________
Күн тәртібінің үлгісі | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма |
Балаларды қабылдау | |||||
Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен әңгімелесу, кеңес беру | |||||
Балалардың дербес іс-әрекеті (қимылдық, ұлттық, сюжетті-рөлдік, үстел үсті-баспа және басқа ойындар), бейнелеу іс-әрекеті, кітаптарды қарау және басқалары) | |||||
Ертеңгілік жаттығу | |||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық (бұдан әрі – ҰІӘ) | |||||
Кестеге сәйкес ҰІӘ | |||||
Серуенге дайындық | |||||
Серуен | |||||
Серуеннен оралу | |||||
Балалармен жеке жұмыс | |||||
Балалардың іс-әрекеті (ойын, танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, эксперименталдық, еңбек, қимыл, бейнелеу, дербес және басқалары)* | |||||
Балалардың үйге қайтуы |
Ескерту: Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасын мектепалды сыныптың педагогі педагог-психологпен бірлесіп құрастырады.
*Балалардың қызығушылықтарын және қажеттіліктерін ескере отырып, олардың іс-әрекетінің бір немесе бірнеше түрі ұйымдастырылады және жеке баламен, шағын топпен немесе топпен өткізіледі.
| Нысан |
202 __ – 202 __ оқу жылындағы бала дамуының жеке картасы
Баланың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________
Баланың туған жылы, айы, күні _____________________________________
Мектепке дейінгі ұйым (білім беру ұйымының атауы) __________________
___________________________________________________________________
Топ _____________________________________________________________
Балалардың жасы _________________________________________________
Мектепалды сынып (білім беру ұйымының атауы) _____________________
___________________________________________________________________
Құзыреттіліктер | Бастапқы бақылау нәтижесіндегі іс-шаралар (дамытушы, түзету) (қазан-желтоқсан) | Аралық бақылау нәтижесіндегі іс-шаралар (дамытушы, түзету) (ақпан-сәуір) | Қорытынды бақылау нәтижесіндегі іс-шаралар (дамытушы, түзету) (маусым-шілде) | Қорытынды (Үлгілік оқу бағдарламасында белгіленген күтілетін нәтижелерге сәйкес баланың даму деңгейі) |
Физикалық даму | ||||
Коммуникативтік дағдылар | ||||
Танымдық және зияткерлік дағдылар | ||||
Шығармашылық дағдылар, зерттеу іс-әрекеті | ||||
Әлеуметтік-эмоционалды дағдылар |
Ескерту: Бала дамуының жеке картасын мектепке дейінгі ұйымның педагогтері: тәрбиеші қазақ тілінің педагогімен, педагог-психологпен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен, арнайы педагогпен (ерекше балалар бар болғанда) бірлесіп және мектепалды сыныптың педагогі педагог-психологпен бірлесіп толтырады.
| Нысан ҰБДҚ ЦЖ-да толтыру үшін мектепалды жасындағы бала дамуының жеке картасы |
Баланың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________
Баланың туған жылы, айы, күні _____________________________________
Мектепалды топ/мектепалды сынып (білім беру ұйымының атауы) _______
___________________________________________________________________
Рет № | Құзыреттер | Біліктер мен дағдылардың көлемі | Біліктер мен дағдылардың қалыптасу көрсеткіші | |||||
Қалыптасқан | Жеткіліксіз қалыптасқан | Қалыптаспаған | ||||||
1 | Физикалық даму | 1 | Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгерген, жеке гигиенаны сақтайды (киімі мен аяқ киімін қадағалайды, өз бетінше киінеді/шешінеді), тамақтану мәдениетінің ережелерін сақтайды | |||||
2 | Негізгі қимыл түрлерін (жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, еңбектеу, тепе-теңдікті сақтау) меңгерген | |||||||
3 | Құрдастарымен қимылды ойындарды ұйымдастыруда бастамашы, ойын ережелерін сақтайды, ептілік, жылдамдық, төзімділік көрсетеді | |||||||
2 | Коммуникативтік дағдыларды дамыту | 4 | Тіл дыбыстарын дұрыс айтады, сөйлеуде жай және құрмалас сөйлемдерді қолданады, ересек адамды түсінеді және толық жауап береді | |||||
5 | Шағын әңгімелер құрастырады, мәтіннің мазмұнын қайталайды, өлеңдерді жатқа айтады | |||||||
6 | Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, сөздерді буындарға бөледі, сөзге дыбыстық талдау жасайды | |||||||
7 | Қағаз бетінде бағдарланады, қарындашты дұрыс ұстайды | |||||||
8 | Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады, қоршаған ортадағы заттарды және қарапайым әрекеттерді атайды | |||||||
3 | Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту | 9 | 10-ға дейін тура және кері санайды | |||||
10 | Заттарды әртүрлі белгілері (түсі, пішіні, мөлшері, саны, көлемі, өлшемі, материалы) бойынша салыстырады | |||||||
11 | Уақытта, кеңістікте, жазықтықта бағдарланады | |||||||
12 | Геометриялық пішіндерді (шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) және денелерді (шар, текше, цилиндр) ажыратады және дұрыс атайды | |||||||
13 | Логикалық ойын тапсырмаларын орындайды, қызығушылық танытады, қойылған міндетті шешудің жолдарын таба алады | |||||||
4 | Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту | 14 | Натураға қарап және көз алдына елестете отырып мүсіндейді | |||||
15 | Көз алдына елестетіп, ауызша сипаттап, ұсынылған тақырып бойынша, өз бетінше, құрдастарымен бірлесіп түрлі материалдардан құрастырады | |||||||
16 | Бояулармен және қарындаштармен сурет салады, жиектен шықпай бояйды, негізгі түстерді және олардың реңктерін ажыратады | |||||||
17 | Қайшыны қолдануды біледі, пішіндерді қия алады | |||||||
18 | Музыкалық жанрларды, балалар музыкалық аспаптарын ажыратады, би қимылдарын, таныс әндерді орындайды | |||||||
5 | Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру | 19 | Отан, мемлекеттік рәміздер, мерекелер, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы түсініктері бар, патриоттық сезімдері қалыптасқан | |||||
20 | Туыстық байланыстарды, отбасылық дәстүрлерді біледі, үлкендерге құрмет көрсетеді және кішілерге қамқорлық жасайды | |||||||
21 | Жыл мезгілдерін, табиғат құбылыстарын, жануарлар мен өсімдіктерді біледі, туған өлкенің табиғатына қамқорлық жасайды | |||||||
22 | Әртүрлі мамандықтарды біледі және ересектердің жұмысын құрметтейді | |||||||
23 | Ұжымдық іс-әрекет түрлеріне қатысады, тапсырмаларды орындайды, жұмыс нәтижелерін бағалайды | |||||||
24 | Үйде, қоғамдық орындарда, жолда, табиғатта және төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын меңгерген | |||||||
Жеке сәйкестендіру нөмірлері ______________________________________
Картаны толтырған педагогтердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________________
___________________________________________________________________
Ескерту: Мектепалды жасындағы бала дамуының жеке картасын мектепке дейінгі ұйымның педагогтері: тәрбиеші қазақ тілінің педагогімен, педагог-психологпен, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысымен, музыка жетекшісімен, арнайы педагогпен (ерекше балалар бар болғанда) бірлесіп және мектепалды сыныптың педагогі педагог-психологпен бірлесіп толтырады.
Мектепалды жасындағы бала дамуының жеке картасында педагог тиісті тор көзде тәрбиеленушінің біліктері мен дағдыларының "қалыптасқан" немесе "жеткіліксіз қалыптасқан", не "қалыптаспаған" деген көрсеткіштердің біреуін белгілейді.
__________________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы)
Автоматтандырылған цифрлық жүйеден автоматты түрде қалыптастырылатын (қағаз немесе электрондық word (ворд) немесе pdf (пдф) форматында) бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау нәтижелеріне сәйкес талдау
______ тоқсан _______________________ пәні бойынша
Сынып: __________________________________________________________
Оқушылар саны: __________________________________________________
Педагог: _________________________________________________________
Мақсаты: ________________________________________________________
БЖБ және ТЖБ нәтижелерін талдау
Пән | Оқушы | Жоғары балл | Жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны | Сапа % | Үлгерім % | ||||
төмен | орта | жоғары | |||||||
0-39% | 40-84% | 85-100% | |||||||
Оқушылар саны | |||||||||
БЖБ 1 | |||||||||
БЖБ 2 | |||||||||
ТЖБ |
| ||||||||
Қол жеткізілген мақсаттар | Қиындық тудырған мақсаттар | ||||||||
БЖБ 1 | |||||||||
БЖБ 2 | |||||||||
ТЖБ |
| ||||||||
1. БЖБ және ТЖБ нәтижелерін талдау білім алушылардың мынадай білім деңгейін көрсетті:
жоғары (В): 85-100%;
орта (С): 40-84%;
төмен (Н): 0-39%.
2. Тапсырмаларды орындау барысында білім алушыларда туындаған қиындықтар тізбесі:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Тапсырмаларды орындау барысында білім алушыларда туындаған қиындықтардың себептері:
________________________________________________________________
____________________________________________________________
4. БЖБ және ТЖБ нәтижелерін талдау қорытындысы бойынша жоспарланған жұмыс (қажет болған жағдайда білім алушылардың тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) көрсетумен:
____________________________________________________________________
Күні_________________________________
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _______________
_____________________________________________________________________
Сынып жетекшісінің жұмыс жоспары
№ | Іс-шаралар | Орындау мерзімдері | Аяқтау нысандары |
1. | Сыныптың тәрбие жұмысының жоспарын жасау және іске асыру (тәрбие жоспарының нысанын мектептің сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі айқындайды) | Оқу жылы ішінде |
Жоспар, |
2. | Білім беру ұйымының басшысы бекіткен нысан бойынша сыныптың әлеуметтік паспортын қалыптастыру | Қыркүйек-қазан | Әлеуметтік паспорт (ҰБДҚ ЦЖ-да электрондық форматта толтырылады) |
3. | Ата-аналармен немесе баланың басқа заңды өкілдерімен жұмыс | Қажеттілігіне қарай, оқу жылының ішінде | Ата-аналар жиналыстарының хаттамалары (қағаз немесе электрондық форматта) |
4. | Сынып журналын жүргізу | Үнемі | Сынып журналы (қағаз немесе электрондық форматта) |
Мектептің даму бағдарламасы (5 жылға арналып жасалады)
Бағдарлама паспорты
Атауы | 20 __ -20 __ жылдарға арналған мектептің даму бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіздеме | |
Негізгі әзірлеуші | |
Мақсаттары | |
Міндеттері | |
Күтілетін нәтижелер | |
Іске асыру мерзімдері | 20.__ -20 __ жылдар |
Жүктеу |
Бағдарламаның даму кезеңдері
Жылдар | Іс--шаралар | Орындаушылар |
|
Бағдарлама мониторингі
Мектептің оқу-әдістемелік кеңесі әзірлейді және қадағалайды;
онда мониторинг нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, білім беру саясатының басым бағыттарындағы ықтимал өзгерістер негізінде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шараларға түзетулер енгізу көзделеді.
I. Мектеп қызметінің ағымдағы жағдайына қысқаша сипаттама
II. Мектептің 20.__.-20.__. жылдардағы білім беру жүйесінің жағдайына талдау
Мектептің сыртқы және ішкі даму перспективаларын бағалау
Кадрлық ресурстар | |||
Ішкі мықты жақтары | Ішкі осал жақтары | Қолайлы мүмкіндіктер | Сыртқы қауіптер (тәуекелдер) |
Материалдық-техникалық ресурстар | |||
Ішкі мықты жақтары | Ішкі осал жақтары | Қолайлы мүмкіндіктер | Сыртқы қауіптер (тәуекелдер) |
Цифрлық ресурстар | |||
Ішкі мықты жақтары | Ішкі осал жақтары | Қолайлы мүмкіндіктер | Сыртқы қауіптер (тәуекелдер) |
Білім беру және инновациялық қызмет сапасын арттыруға оқу-әдістемелік шарттар | |||
Ішкі мықты жақтары | Ішкі осал жақтары | Қолайлы мүмкіндіктер | Сыртқы қауіптер (тәуекелдер) |
Білім беру мазмұнын іске асыру | |||
Ішкі мықты жақтары | Ішкі осал жақтары | Қолайлы мүмкіндіктер | Сыртқы қауіптер (тәуекелдер) |
Білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерінің даму шарттары, білім беру сапасы | |||
Ішкі мықты жақтары | Ішкі осал жақтары | Қолайлы мүмкіндіктер | Сыртқы қауіптер (тәуекелдер) |
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар мен идеалдарға бағдарланған белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны қалыптастыру және өзін-өзі іске асыру шарттары | |||
Ішкі мықты жақтары | Ішкі осал жақтары | Қолайлы мүмкіндіктер | Сыртқы қауіптер (тәуекелдер) |
Білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және іске асыру шарттары | |||
Ішкі мықты жақтары | Ішкі осал жақтары | Қолайлы мүмкіндіктер | Сыртқы қауіптер (тәуекелдер) |
| |||
III. Мектептің миссиясы, мақсаттары мен міндеттері
Мектептің миссиясы
Мектептің мақсаты
Мектептің міндеттері
IV. Мектепті дамытудың басым бағыттары
V. Бағдарламаны іске асыру тетіктері
VI. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер