"Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген қарыздар алудың, мемлекет кепілгерліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 331 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 16 шiлдедегi № 481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 16 шiлдеде № 39317 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген қарыздар алудың, мемлекет кепілгерліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 331 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу қағидаларында:

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қолданыстағы жобаны іске асыру үшін, сондай-ақ мемлекеттік кепілдік берілген бұрын тартылған мемлекеттік емес қарызды толық немесе ішінара өтеу үшін несие капиталының ішкі нарығында мемлекеттік кепілдікпен жаңа мемлекеттік емес қарызды тарту жобаның ТЭН-ін түзету және инвестициялық жобаның жаңа ТЭН-ін әзірлеу үшін негіз болып табылмайды.

      Бұрын мемлекеттік кепілдік берілген инвестициялық жобалар бойынша бұрын мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартылған инвестициялық жобаның ТЭН негізінде салалық сараптаманың қорытындысы, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті басқа да сараптамалардың қорытындылары беріледі.

      Бұл ретте мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесіне бұрын енгізілген және ол бойынша мемлекеттік кепілдік берілген бұрын тартылған мемлекеттік емес қарызды толық немесе ішінара өтеуді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыру үшін мемлекеттік кепілдікпен жаңа мемлекеттік емес қарыз шеңберінде мемлекеттік кепілдік беру бұрын мемлекеттік кепілдік берілген қаржы жылына белгіленген мемлекеттік кепілдіктерді беру лимиті шеңберінде жүзеге асырылады.

      15. Қолданыстағы жобаны іске асыру үшін, сондай-ақ мемлекеттік кепілдік берілген бұрын тартылған мемлекеттік емес қарызды толық немесе ішінара өтеу үшін несие капиталының сыртқы нарығында мемлекеттік кепілдікпен жаңа мемлекеттік емес қарызды тарту жобаның ТЭН-ін түзету және инвестициялық жобаның жаңа ТЭН-ін әзірлеу үшін негіз болып табылмайды.

      Бұрын мемлекеттік кепілдік берілген инвестициялық жобалар бойынша бұрын мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартылған инвестициялық жобаның ТЭН негізінде салалық сараптаманың қорытындысы, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті басқа да сараптамалардың қорытындылары беріледі.

      Бұл ретте мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесіне бұрын енгізілген және ол бойынша мемлекеттік кепілдік берілген бұрын тартылған мемлекеттік емес қарызды толық немесе ішінара өтеуді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыру үшін мемлекеттік кепілдікпен жаңа мемлекеттік емес қарыз шеңберінде мемлекеттік кепілдік беру бұрын мемлекеттік кепілдік берілген қаржы жылына белгіленген мемлекеттік кепілдіктерді беру лимиті шеңберінде жүзеге асырылады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесіне бұрын енгізілген және ол бойынша мемлекеттік кепілдік берілген бұрын тартылған мемлекеттік емес қарызды толық немесе ішінара өтеуді көздейтін қолданыстағы инвестициялық жоба бойынша жаңа қарыз берушіні мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізу бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы негізінде оған тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімі шеңберінде жүзеге асырылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кепілдік беру қағидаларында:

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қолданыстағы жобаны іске асыру үшін, сондай-ақ мемлекеттік кепілдік берілген бұрын тартылған мемлекеттік емес қарызды толық немесе ішінара өтеу үшін мемлекеттік кепілдікпен ішкі нарықта жаңа мемлекеттік емес қарызды тарту кезінде қарыз алушы бұрын мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартылған инвестициялық жобаның ТЭН-ін, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын, сондай-ақ салалық сараптаманың және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын ұсынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган тиісті қорытындыны әзірлейді.

      Бұл ретте, қарыз алушы мемлекеттік кепілдікпен ішкі нарықта жаңа мемлекеттік емес қарыз тартылғаннан кейін бір ай ішінде мемлекеттік кепілдікпен бұрын тартылған қарызды толық немесе ішінара өтеуді жүзеге асырады.

      6. Қолданыстағы жобаны іске асыру үшін, сондай-ақ мемлекеттік кепілдік берілген бұрын тартылған мемлекеттік емес қарызды толық немесе ішінара өтеу үшін мемлекеттік кепілдікпен несие капиталының сыртқы нарығында жаңа мемлекеттік емес қарызды тарту кезінде қарыз алушы бұрын мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартылған инвестициялық жобаның ТЭН-ін, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын, сондай-ақ салалық сараптаманың және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын ұсынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган тиісті қорытындыны әзірлейді.

      Бұл ретте, қарыз алушы сыртқы нарықта мемлекеттік кепілдікпен жаңа мемлекеттік емес қарыз тартылғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде мемлекеттік кепілдікпен бұрын тартылған қарызды толық немесе ішінара өтеуді жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Қолданыстағы жобаны іске асыру үшін, сондай-ақ мемлекеттік кепілдік берілген бұрын тартылған мемлекеттік емес қарызды толық немесе ішінара өтеу үшін мемлекеттік кепілдікпен жаңа мемлекеттік емес қарыз шеңберінде мемлекеттік кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 июня 2025 года № 331 "О некоторых вопросах государственного, гарантированного государством заимствования, поручительств государства"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 июля 2026 года № 481. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 июля 2026 года № 39317

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 июня 2025 года № 331 "О некоторых вопросах государственного, гарантированного государством заимствования, поручительств государства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 36364) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах отбора инвестиционных проектов для предоставления государственных гарантий, утвержденных указанным приказом:

      пункты 14 и 15 изложить в следующей редакции:

      "14. Привлечение нового негосударственного займа под государственную гарантию на внутреннем рынке ссудного капитала для реализации действующего проекта, а также для полного или частичного погашения ранее привлеченного негосударственного займа, по которому предоставлялась государственная гарантия, не является основанием для корректировки ТЭО проекта и разработки нового ТЭО инвестиционного проекта.

      По инвестиционным проектам, по которым ранее предоставлялась государственная гарантия, выдаются заключение отраслевой экспертизы, заключения центрального уполномоченного органа по бюджетной политике, центрального уполномоченного органа по исполнению бюджета и заключения других экспертиз, необходимых в соответствии с законодательством Республики Казахстан на основании ТЭО инвестиционного проекта, в соответствии с которым ранее привлекался негосударственный займ под государственную гарантию.

      При этом предоставление государственной гарантии в рамках нового негосударственного займа под государственную гарантию для реализации инвестиционного проекта, ранее включенного в перечень инвестиционных проектов, предлагаемых к финансированию за счет средств негосударственных займов под государственные гарантии, и предусматривающий в том числе полное или частичное погашение ранее привлеченного негосударственного займа, по которому предоставлялась государственная гарантия, осуществляется в рамках лимита предоставления государственных гарантий, установленного на финансовый год, в котором ранее предоставлялась государственная гарантия.

      15. Привлечение нового негосударственного займа под государственную гарантию на внешнем рынке ссудного капитала для реализации действующего проекта, а также для полного или частичного погашения ранее привлеченного негосударственного займа, по которому предоставлялась государственная гарантия, не является основанием для корректировки ТЭО проекта и разработки нового ТЭО инвестиционного проекта.

      По инвестиционным проектам, по которым ранее предоставлялась государственная гарантия, выдаются заключения отраслевой экспертизы, заключение центрального уполномоченного органа по бюджетной политике, центрального уполномоченного органа по исполнению бюджета и заключения других экспертиз, необходимых в соответствии с законодательством Республики Казахстан на основании ТЭО инвестиционного проекта, в соответствии с которым ранее привлекался негосударственный займ под государственную гарантию.

      При этом предоставление государственной гарантии в рамках нового негосударственного займа под государственную гарантию для реализации инвестиционного проекта, ранее включенного в перечень инвестиционных проектов, предлагаемых к финансированию за счет средств негосударственных займов под государственные гарантии, и предусматривающий в том числе полное или частичное погашение ранее привлеченного негосударственного займа, по которому предоставлялась государственная гарантия, осуществляется в рамках лимита предоставления государственных гарантий, установленного на финансовый год, в котором ранее предоставлялась государственная гарантия.";

      пункт 26 изложить в следующей редакции:

      "26. Включение в перечень инвестиционных проектов, предлагаемых к финансированию за счет средств негосударственных займов под государственные гарантии нового заимодателя по инвестиционному проекту, предусматривающему новое негосударственное заимствование под государственную гарантию для реализации действующего инвестиционного проекта, ранее включенного в перечень инвестиционных проектов, предлагаемых к финансированию за счет средств негосударственных займов под государственные гарантии, и предусматривающему в том числе полное или частичное погашение ранее привлеченного негосударственного займа, по которому предоставлялась государственная гарантия, осуществляется в рамках ранее принятого решения Правительства Республики Казахстан, путем внесения в него соответствующих изменений и дополнений, на основании заключения центрального уполномоченного органа по бюджетной политике.";

      в Правилах предоставления государственных гарантий, утвержденных указанным приказом:

      пункты 5 и 6 изложить в следующей редакции:

      "5. При привлечении нового негосударственного займа под государственную гарантию на внутреннем рынке для реализации действующего проекта, а также для полного или частичного погашения ранее привлеченного негосударственного займа, по которому предоставлялась государственная гарантия, после предоставления заемщиком ТЭО инвестиционного проекта, по которому ранее был привлечен негосударственный займ под государственную гарантию, заключения центрального уполномоченного органа по бюджетной политике, а также положительного заключения отраслевой экспертизы и других экспертиз, необходимых в соответствии с законодательством Республики Казахстан, центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета готовит соответствующее заключение.

      При этом, заемщик в течение 1 (одного) месяца после привлечения нового негосударственного займа под государственную гарантию на внутреннем рынке осуществляет полное или частичное погашение ранее привлеченного займа под государственную гарантию.

      6. При привлечении нового негосударственного займа под государственную гарантию на внешнем рынке ссудного капитала для реализации действующего проекта, а также для полного или частичного погашения ранее привлеченного негосударственного займа, по которому предоставлялась государственная гарантия, после предоставления заемщиком ТЭО инвестиционного проекта, по которому ранее был привлечен негосударственный займ под государственную гарантию, заключения центрального уполномоченного органа по бюджетной политике, а также положительного заключения отраслевой экспертизы, и других экспертиз, необходимых в соответствии с законодательством Республики Казахстан, центральный уполномоченный орган по исполнению бюджета готовит соответствующее заключение.

      При этом, заемщик в течение 1 (одного) месяца после привлечения нового негосударственного займа под государственную гарантию на внешнем рынке осуществляет полное или частичное погашение ранее привлеченного займа под государственную гарантию.";

      дополнить пунктом 11-1 следующего содержания:

      "11-1. Предоставление государственной гарантии в рамках нового негосударственного займа под государственную гарантию для реализации действующего проекта, а также для полного или частичного погашения ранее привлеченного негосударственного займа, по которому предоставлялась государственная гарантия, осуществляется на основании соответствующего решения Правительства Республики Казахстан.".

      2. Департаменту государственного заимствования Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан после дня его первого официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
М. Такиев

      "СОГЛАСОВАН"
      Министерство национальной экономики
      Республики Казахстан