БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 44/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 2 мамырда № 44/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16857 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларын, аса маңызды цифрлық объектілердің цифрлық ресурстарын резервтік кешіру кезеңділігін бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларын, аса маңызды цифрлық объектілердің цифрлық ресурстарын резервтік кешіру кезеңділігі бекітілсін.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларын, аса маңызды цифрлық объектілердің цифрлық ресурстарын резервтік кешіру кезеңділігі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы |
Р. Коняшкин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
| Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 8 шілдедегі № 395/НҚ Бұйрығына қосымша |
Цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидалары, аса маңызды цифрлық объектілердің цифрлық ресурстарын резервтік кешірудің кезеңділігінің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидалары, аса маңызды цифрлық объектілердің цифрлық ресурстарын резервтік кешірудің кезеңділігі (бұдан әрі – Қағидалар) "Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-1-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу тәртібін, аса маңызды цифрлық объектілерінің цирфлық ресурстарын резервтік көшіру мерзімділігін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аса маңызды цифрлық объектілер (бұдан әрі – АМЦО) – бұзылуы немесе жұмыс істеуін тоқтатуы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын өзге де мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге, әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі үшін, оның ішінде жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау инфрақұрылымы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылыстар, құқық қорғау қызметі, "цифрлық үкімет" үшін елеулі теріс салдарларға алып келетін цифрлық объектілер;
2) ВЖЖ ИХ (ІP VPN) – функционалдық мүмкіндіктер мен сервистерді қорғауды қамтамасыз ету үшін криптографиялық әдістер қолданылатын ТБХ/ ИХ (TCP/ІP) хаттамасы бойынша клиент объектілері арасындағы деректер беруді ұйымдастыру үшін, байланыс провайдерінің желілік инфрақұрылымы негізінде құрылған деректер берудің виртуалды жеке желісі;
3) жедел резервтеу – қосымша бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдалану және оларды белсенді режимде ұстау және (немесе) нақты уақыт режимінде (немесе 1 сағатқа кідірумен нақты уақытқа жақын) өзгерістерді беруді және ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету;
4) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (бұдан әрі – КҚҰҮО) – "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі;
6) Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) – "цифрлық үкіметтің" инфрақұрылымына кіретін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де цифрлық орта субъектілерінің оқшау (Интернетке қолжетімділігі бар оқшау желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерінің өзара іс-қимыл жасауын киберқауіпсіздіктің қажетті деңгейін сақтай отырып қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;
7) резервтік көшірме – деректер базасын қалпына келтіруге және қажет болған кезде қолданбалы бағдарламалық қамтылымды жоғалтқан, бүлдірген, бұзған немесе заңсыз өзгерткен және алып тастаған жағдайда оның бастапқы түрінде қалпына келтіруге арналған деректер базасының көшірмесін және қажет болған кезде электрондық жеткізгіштегі қолданбалы бағдарламалық қамтылымды жасаудың сәтті аяқталған процесінің нәтижесі;
8) ұзақ мерзімді сақтау – цифрлық ресурстардың резервтік көшірмелерін екі жылдан артық сақтау мерзімімен цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына бір реттік беру;
9) цифрлық ресурстар (бұдан әрі – ЦР) – реттелген цифрлық деректер, цифрлық жазбалар мен оларды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге және таратуға арналған бағдарламалық қамтылым жиынтығы;
10) цифлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасы (бұдан әрі – БҰРП) – сақтау үшін және қажет болған жағдайда деректерді қалпына келтіру мақсатында цифрлық ресурстардың резервтік көшірмелерін сақтауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
11) іске қосусыз резервтеу – деректерді қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында операциялық жүйенің құралдарымен жұмыс істеп тұрған немесе сөндірілген цирфлық ресурстан резервтік көшірме жасау;
2-тарау. Аса маңызды цифрлық объектілерінің цирфлық ресурстарын сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу тәртібі
3. КҚҰҮО БҰРП жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, ол АМЦО меншік иесіне немесе иеленушісіне БҰРП сақталатын ЦР резервтік көшірмелерінің тұтастығына, құпиялылығына және қолжетімділігіне кепілдік береді.
4. БҰРП техникалық ерекшеліктерін, функционалдық мүмкіндіктерін КҚҰҮО айқындайды.
5. КҚҰҮО АМЦО тізбесі негізінде әрбір ЦР бойынша:
1) БҰРП беру үшін ЦР резервтік көшіру мерзімділігін;
2) ЦР резервтік көшірмелерінің кестесін;
3) ЦР резервтік көшірмелеріне қол жеткізу режимін;
4) ЦР резервтік көшіру түрін;
5) ЦР резервтік көшірмелерін сақтау мерзімдерін белгілейді.
6. КҚҰҮО осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мәліметтердің негізінде ЦР резервтік көшірмелерін БҰРП сақтауға арналған ресурстарды айқындайды және бөледі.
КҚҰҮО АМЦО меншік иесіне немесе иеленушісіне бөлінетін есептеу ресурстарының техникалық сипаттамаларын өзгертеді.
7. АМЦО меншік иесі немесе иеленушісі ЦР резервтік көшірмелерін (оның ішінде ЦР құжаттамасының көшірмелерін, нұсқаулықтарды) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 45/НҚ бұйрығымен бекітілген Цифрлық ресурстардың резервтік көшірмелерін цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына беру қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес БҰРП береді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16883 болып тіркелген).
8. БҰРП жұмыс істеуін қамтамасыз ету шеңберінде КҚҰҮО:
1) БҰРП бағдарламалық және техникалық құралдарын сүйемелдеуді және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді;
2) АМЦО меншік иелерімен немесе иеленушілерімен өзара іс-қимылды;
3) БҰРП ЦР резервтік көшіру кезеңділігін, кестесін, қол жеткізу режимін, түрін және резервтік көшірмелерін сақтау мерзімдерін белгілеуді
4) ЦР резервтік көшірмелерін алуды және сақтауды;
5) БҰРП жай-күйінің мониторингін;
6) БҰРП талдауды және дамытуды;
7) БҰРП сақталатын ақпараттың қолжетімділігін тексеруді;
8) БҰРП техникалық құжаттамасын әзірлеуді жүзеге асырады.
9. БҰРП сақталатын ЦР резервтік көшірмелерін қорғау, сондай-ақ оларға қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Қағидаларда белгіленген талаптар сақтала отырып қамтамасыз етіледі.
10. БҰРП АМЦО меншік иелерімен немесе иеленушілерімен өзара іс-қимылы:
1) мемлекеттік органдар болып табылатын АМЦО меншік иелерімен немесе иеленушілерімен МО БКО арқылы;
2) мемлекеттік емес ұйымдар болып табылатын АМЦО меншік иелерімен немесе иеленушілерімен IP VPN арқылы жүзеге асырылады.
11. АМЦО меншік иелері немесе иеленушілері резервтік көшірмелерді тестілік қалпына келтіруді:
1) бірінші сыныптағы ЦР және дерекқорлар үшін – жедел резервтеуді қоспағанда, тоқсанына кемінде 1 рет;
2) екінші сыныптағы ЦР үшін – жарты жылда кемінде 1 рет;
3) үшінші сыныптағы ЦР үшін – жылына кемінде 1 рет;
4) ұзақ мерзімді сақтаудағы ЦР резервтік көшірмелері үшін – резервтік көшірме БҰРП берілген күннен кейінгі бір жыл ішінде 1 рет жүргізеді.
АМЦО меншік иелері немесе иеленушілері ЦР резервтік көшірмелерін тестілік қалпына келтіру нәтижелері туралы КҚҰҮО 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
12. АМЦО меншік иелері немесе иеленушілері БҰРП ЦР резервтік көшірмелерін алу туралы КҚҰҮО ресми түрде:
1) тестілік қалпына келтіру мақсатында – ЦР резервтік көшірмесін алғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) штаттан тыс жағдай туындаған кезде – ЦР резервтік көшірмесін алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
КҚҰҮО АМЦО меншік иелеріне немесе иеленушілеріне ЦР резервтік көшірмелеріне тәулік бойы жедел қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
13. Резервтік көшіру және резервтік көшіру мен тестілік қалпына келтірудің барлық рәсімдерінің нәтижелерін бақылау, сондай-ақ ЦР резервтік көшірмелерінің тұтастығын тексеру АМЦО меншік иелерімен немесе иеленушілерімен жүзеге асырылады.
14. ЦР резервтік көшірмелерінің тұтастығын АМЦО меншік иелері немесе иеленушілері жедел резервтеу жағдайларын қоспағанда, ЦР резервтік көшірмесін БҰРП беру аяқталғаннан кейін бірден бақылау сомаларын салыстыру негізінде тексереді.
15. ЦР резервтік көшірмелерінің бақылау сомалары сәйкес келмеген кезде ЦР резервтік көшірмесін беру сәтсіз деп есептеледі және дереу қайта көшіруді және қайта беруді талап етеді.
16. АМЦО меншік иелері немесе иеленушілері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынған мәліметтерге сәйкес КҚҰҮО АМЦО меншік иелерімен немесе иеленушілерімен келісу бойынша резервтік көшірмелерді (толық және инкременттік) сақтау мерзімдерін белгілейді.
17. ЦР резервтік көшірмесін осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес КҚҰҮО белгілеген мерзімнен артық БҰРП сақтау қажет болған кезде АМЦО меншік иесі немесе иеленушісі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті ЦР тізімін КҚҰҮО-ға жібереді.
18. АМЦО тізбесінен АМЦО-ны алып тастау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) КҚҰҮО АМЦО меншік иесіне немесе иеленушісіне ЦР резервтік көшірмелерін БҰРП-қа беруді тоқтату қажеттігі туралы ресми түрде хабарлайды;
2) АМЦО меншік иелері немесе иеленушілері ЦР резервтік көшірмелерін БҰРП-қа беруді тоқтатады;
3) БҰРП-қа бұрын берілген ЦР резервтік көшірмелері мерзімі өткенге дейін БҰРП-та сақталуға жатады.
3-тарау. Аса маңызды цифрлық объектілердің цифрлық ресурстарын резервтік көшіру кезеңділігін айқындау тәртібі
19. АМЦО меншік иелері немесе иеленушілері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынған ЦР резервтік көшірмелері туралы мәліметтерге сәйкес КҚҰҮО БҰРП-та резервтік көшіру кезеңділігін белгілейді.
20. БҰРП-та белгіленген резервтік көшіру кезеңділігі өзгерген кезде КҚҰҮО АМЦО меншік иелерін немесе иеленушілерін:
1) хабарлау мерзімдері мен арналары;
2) хабарламаның мазмұны;
3) хабарламаның алынғанын растау бойынша хабардар етеді.
21. КҚҰҮО деректерді берудің жаңа аралықтарын қолданысқа енгізудің болжамды күніне дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей АМЦО меншік иелеріне немесе иеленушілеріне ресми хабарлама жібереді. Хабарлама Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жіберіледі және АМЦО меншік иесінің немесе иеленушісінің жауапты тұлғаларының электрондық пошта мекенжайларына қайталанып жіберіледі.
22. КҚҰҮО-ның ресми хабарламасында:
1) кезеңділікті өзгерту негізі (киберқауіпсіздік бейінін жоспарлы өзгерту, БҰРП-ты технологиялық жаңғырту, аудит нәтижелері немесе киберқауіпсіздік қатерлері мен тәуекелдері деңгейінің өзгеруіне байланысты жедел хабарлау);
2) жаңа бекітілген кесте және уақыт аралықтары (резервтік көшіру терезелері);
3) байланыс арналарының өткізу қабілетіне қойылатын техникалық талаптар (қажет болған кезде);
4) АМЦО меншік иесі немесе иеленушісі өзінің резервтік көшіру жүйелерін қайта баптауға міндетті мерзім қамтылады.
АМЦО меншік иесі немесе иеленушісі хабарламаның алынғанын 1 (бір) жұмыс күні ішінде растауға және жаңа регламентке көшуді бақылау үшін жауапты техникалық маманның тағайындалуы туралы ақпарат беруге міндетті.
23. АМЦО меншік иесінің немесе иеленушісінің бастамасы бойынша ЦР резервтік көшірмелерін БҰРП-қа беру кезеңділігін өзгерту қажеттігі туындаған кезде келісу және хабарлау рәсімі мынадай регламент бойынша жүзеге асырылады:
1) алдын ала келісу;
2) сұрау салуды жіберу;
3) КҚҰҮО-ның сұрау салуды 24 сағат ішінде қарауы.
АМЦО меншік иелері немесе иеленушілері КҚҰҮО-мен алдын ала келіспей, ЦР резервтік көшірмелерін беру кезеңділігін біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы емес.
24. АМЦО меншік иелері немесе иеленушілері жоспарланған өзгеріске дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей КҚҰҮО-ға техникалық негіздемесі бар сұрау салуды жібереді.
Сұрау салуда:
1) өзгерту себебі (цифрлық инфрақұрылымды жаңғырту, жасалатын деректер көлемінің елеулі өзгеруі, байланыс арналарының техникалық шектеулері, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу және сол сияқтылар);
2) резервтік көшірмелерді берудің ұсынылатын (баламалы) кестесі;
3) өзгертілген кестенің қолданылу кезеңіндегі бизнес-процестердің үздіксіздігі мен деректердің сақталуына төнетін тәуекелдерді бағалау қамтылуға тиіс.
25. КҚҰҮО АМЦО меншік иесінің немесе иеленушісінің сұрау салуын ол тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) өзгерісті келісу және деректерді қабылдау үшін БҰРП конфигурациясына түзетулер енгізу;
2) баламалы техникалық шешімді ұсына отырып, бас тарту (егер ұсынылатын кесте үздіксіздік талаптарын бұзса немесе киберқауіпсіздік үшін тәуекелдер туғызса).
26. АМЦО инфрақұрылымында ЦР резервтік көшірмелерін беру кестесін сақтау мүмкін болмауына әкеп соққан авариялық жағдайлар туындаған кезде АМЦО меншік иесі немесе иеленушісі инцидент анықталған кезден бастап дереу, бірақ 1 (бір) сағаттан кешіктірмей, КҚҰҮО кезекші қызметін жедел байланыс арналары (телефон, қорғалған мессенджер) арқылы хабардар етуге, кейіннен 24 сағат ішінде ресми техникалық актіні жіберуге міндетті.
| 1-қосышма Цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларына Нысан |
Бірыңғай ұлттық резервтік платформасында цифрлық ресурстардың резервтік көшірмелерін сақтау мерзімдері
№ | ЦР | АМЦО меншік иесі немесе иеленушісі | ЦР орналасқан жер | Резервтік көшіру әдісі/түрі | ЦР резервтік көшірмесіне дейінгі жол | ЦР резервтік көшірмесінің орналасқан жері | Резервтік көшіру режимі | ЦР сыныбы | Сақтау мерзімі |
1 | 1-ДҚ | 1-меншік иесі немесе иеленуші | Негізгі алаң | Толық көшірмесі | IP-address:/backup/ДҚ1 | БҰРП | |||
2 | 2-ДҚ | 2-меншік иесі немесе иеленуші | Негізгі алаң | Инкременттік көшірме | IP-address:/backup/ДҚ2 | БҰРП |
| 2-қосымша Цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларына Нысан |
Ұзақ мерзімді сақтауға арналған цифрлық ресурстардың тізімі
№ | ЦР атауы | Дейін сақтау | АМЦО меншік иесі немесе иеленушісі | ЦР резервтік көшірмесіне дейінгі жол |
1 | 1-ДҚ | |||
2 | 2-ДҚ | |||
3 | БҚ |
| 3-қосымша Цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларына Нысан |
Цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасында цифрлық ресурстарды резервтік көшіру кезеңділігі
1-кесте – Күн сайын көшіру
№ | ЦР | АМЦО меншік иесі немесе иеленушісі | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма | Сенбі | Жексенбі | ||||||||||
1 | 1-ДҚ | 1-меншік иесі немесе иеленуші | 1-инкременттік көшірме (23.00) | 2-инкременттік көшірме (23.00) | 3-инкременттік көшірме (23.00) | 4-инкременттік көшірме (23.00) | 5-инкременттік көшірме (23.00) | Толық көшірме (23.00) | 1-инкременттік көшірме (23.00) | ||||||||||
2 | 2-ДҚ | 1-меншік иесі немесе иеленуші | Толық көшірме (23.00) | Толық көшірме (23.00) | Толық көшірмесі (23.00) | Толық көшірмесі (23.00) | Толық көшірмесі (23.00) | Толық көшірмесі (23.00) | Толық көшірмесі (23.00) | ||||||||||
3 | БҚ | 2-меншік иесі немесе иеленуші | - | - | - | - | - | Толық көшірме (23.00) |
2-кесте – Ай сайын көшіру
№ | ЦР | АМЦО меншік иесі немесе иеленушісі | Көшіру уақыты |
1 | 1-ДҚ | 1-меншік иесі немесе иеленуші | Жаңа айдың бірінші аптасының жұма күні толық көшірме (23.00) |
2 | 2-ДҚ | 1-меншік иесі немесе иеленуші | Жаңа айдың бірінші сенбісінде толық көшірме (23.00) |
3 | БҚ | 2-меншік иесі немесе иеленуші |
Жаңа айдың бірінші аптасының жұма күні толық көшірме (23.00) |
3-кесте –Тоқсан сайын көшіру
№ | ЦР | АМЦО меншік иесі немесе иеленушісі | 1-тоқсан | 2-тоқсан | 3-тоқсан | 4-тоқсан |
1 | ДҚ 1 | 1-меншік иесі немесе иеленуші | Жаңа тоқсанның бірінші сенбісінде толық көшірме (23.00) | Жаңа тоқсанның бірінші сенбісінде толық көшіру (23.00) | Жаңа тоқсанның бірінші сенбісінде толық көшірме (23.00) | Жаңа тоқсанның бірінші сенбісінде толық көшірме (23.00) |
2 | ДҚ 2 | 1-меншік иесі немесе иеленуші | Жаңа тоқсанның бірінші жұмасында толық көшірме (23.00) | Жаңа тоқсанның бірінші жұмасында толық көшірме (23.00) | Жаңа тоқсанның бірінші жұмасында толық көшірме (23.00) | Жаңа тоқсанның бірінші жұмасында толық көшірме (23.00) |
3 | БҚ | 2-меншік иесі немесе иеленуші | Жаңа тоқсанның бірінші жұмасында толық көшірме (23.00) | Жаңа тоқсанның бірінші сенбісінде толық көшірме (23.00) | Жаңа тоқсанның бірінші жұмасында толық көшірме (23.00) |
Жаңа тоқсанның бірінші сенбісінде толық көшірме (23.00) |
4-кесте –Жыл сайын көшіру
№ | ЦР | АМЦО меншік иесі немесе иеленушісі | Көшіру уақыты |
1 | 1-ДҚ | 1-меншік иесі немесе иеленуші | Жаңа жылдың бірінші сенбісінде толық көшірме (23.00) |
2 | 2-ДҚ | 1-меншік иесі немесе иеленуші | Жаңа жылдың бірінші сенбісінде толық көшірме (23.00) |
3 | БҚ | 2-меншік иесі немесе иеленуші | Жаңа жылдың бірінші сенбісінде толық көшірме (23.00) |