БҰЙЫРАМЫН:
1. ""Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33345 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларында:
17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жоғары білімнің білім беру гранттарын конкурспен бергеннен кейін қалған бос білім беру гранттарын халықаралық келісімдер бойынша келген шетелдік азаматтарға, резервте көзделген жоғары білімнің білім беру гранттарын, сондай-ақ жекелеген ЖЖОКБҰ-ға көзделген жоғары білімнің білім беру гранттарын беру туралы шешімді Республикалық комиссия қабылдайды.";
27-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"27. ЖАО комиссиясы шешімінің негізінде астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімінің немесе әкім орынбасарының бұйрығы шығарылады және оқуға түсушілерге ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлік беріледі.".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |