"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелері;
2) Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда көрсету нәтижелерінің анықтығын тексеру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 9 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13184 болып тіркелген);
2) "Кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтар тізбесінің 1-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18201 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
Ж. Мадиев |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму |
|
| Министрі 2026 жылғы 1 шілдедегі № 370/НҚ Бұйрығымен бекітілген |
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелері
1. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсету нәтижесі мынадай міндетті деректемелерді қамтиды:
1) мемлекеттік және өзге де қызметті электрондық нысанда алған күні бар электрондық құжаттың бірегей нөмірі;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
3) матрицалық код.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды |
|
| интеллект және цифрлық даму | |
| Министрі 2026 жылғы 1 шілдедегі |
|
| № 370/НҚ Бұйрығымен бекітілген |
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда көрсету нәтижелерінің анықтығын тексеру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда көрсету нәтижелерінің анықтығын тексеру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9 бабының 13-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерінің анықтығын тексеру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) матрицалық код – "Ақпараттық технологиялар. Деректерді автоматты сәйкестендіру және алу әдістері. QR 2005 штрих-код таңбасының спецификациясы" ҚР СТ ИСО/ХЭК 18004-2009 стандартына сәйкес электрондық құжатқа салынатын, оны техникалық құралдармен оқуға мүмкіндік беретін екі өлшемді штрих-код түріндегі графикалық ақпарат;
2) міндетті деректемелер – көрсетілген қызметтің нәтижесін сәйкестендіруге, оның тиесілігін, дұрыстығын және өзгермейтіндігін растауға мүмкіндік беретін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған мемлекеттік және электрондық нысандағы өзге де қызметтерді көрсету нәтижесіне міндетті түрде енгізуге жататын мәліметтер;
3) "цифрлық үкіметтің" мобильдік қосымшасы – ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған және ұялы байланыс және Интернет арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мен өзге де қызметтерге қол жеткізуді ұсынатын бағдарламалық өнім;
4) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
2-тарау. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерінің анықтығын тексеру тәртібі
3. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің дұрыстығын тексеруді пайдаланушы не пайдаланушы электрондық құжатты ұсынған үшінші тұлға "цифрлық үкіметтің" мобильдік қосымшасы арқылы жүзеге асырады.
Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсету нәтижелерінің дұрыстығы мемлекеттік және өзге де қызметтерді ұсынатын көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.
Мемлекеттік және өзге де қызметтерді ұсынатын көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы туралы ақпарат электрондық цифрлық қолтаңба туралы мәліметтерді көрсететін матрицалық код оқылғаннан кейін "цифрлық үкіметтің" мобильді қосымшасында көрсетіледі.
4. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық құжаттың дұрыстығы электрондық құжаттың матрицалық коды түрінде "цифрлық үкіметтің" мобильді қосымшасы қалыптастырған және берген электрондық құжаттың бірегей нөмірімен расталады.
5. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің дұрыстығына тексеру жүргізу үшін пайдаланушы "Цифрлық үкіметтің" мобильдік қосымшасы арқылы алынған қызметтерді тексеру" сервисін таңдайды, электрондық құжаттың матрицалық кодын сканерлейді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірін немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін енгізеді.
6. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің дұрыстығын тексерудің оң нәтижесі мыналар болып табылады:
1) матрицалық кодты оқу кезінде сканерленген электрондық құжаттың бірегей нөмірінің "цифрлық үкіметтің" мобильді қосымшасы берген кодқа сәйкестігі;
2) көрсетілетін жеке сәйкестендіру нөмірінің немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірінің көрсетілетін қызметті алушының деректеріне сәйкестігі;
3) мемлекеттік және өзге де қызметтерді ұсынатын көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы туралы ақпараттың болуы.
7. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің дұрыстығын тексерудің теріс нәтижесі мыналар болып табылады:
1) матрицалық кодты оқу кезінде сканерленген электрондық құжаттың бірегей нөмірінің "цифрлық үкіметтің" мобильді қосымшасы берген электрондық құжаттың бірегей нөміріне сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін жеке сәйкестендіру нөмірінің немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірінің көрсетілетін қызметті алушының деректеріне сәйкес келмеуі.
Тексеру нәтижесі теріс болған жағдайда енгізілген деректер бойынша электрондық құжаттың жоқтығы туралы хабарлама көрсетіледі.