"Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2026 жылғы 30 маусымдағы № 250 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 1 шiлдеде № 39171 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10151 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидаларында:

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) аумақтық деңгейде - астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумақтарын қамти отырып, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың құлақтандыру жүйесі;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың құлақтандыру жүйесі:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің өкімі бойынша астана, облыс (облыс аумағының бір бөлігі), республикалық маңызы бар қала халқына не аудан, облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ халқына;

      2) жергілікті атқарушы органдарға және өзге де мемлекеттік органдарға;

      3) шұғыл және авариялық қызметтерге;

      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы азаматтық қорғау күштеріне құлақтандыру сигналдарын және ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18.  Барлық деңгейдегі құлақтандыру жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналын бере отырып және халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, халықтың ұялы телефондарына ұялы байланыс операторларының желілері арқылы мәтіндік хабарламаларды, оның ішінде хабарламаларды кең таратымды технологиясы (бұдан әрі – Cell Broadcast) арқылы ақпараттық хабарламалар бере отырып, жылына кемінде бір рет республикалық құлақтандыру жүйесінің әзірлігін және тоқсанына кемінде бір рет астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың құлақтандыру жүйесінің құлақтандыру жүйесінің әзірлігін тексеру жүзеге асырылады.";

      19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың құлақтандыру жүйесінің техникалық тексеруді жүзеге асыру және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар өткізу кезінде аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесін іске қосуға өкімді уәкілетті органның аумақтық органының басшысы береді.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы
К. Турсынбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар

      Министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 945 "Об утверждении Правил организации системы оповещения гражданской защиты и оповещения населения, органов управления при чрезвычайных ситуациях в мирное и военное время"

Приказ и.о. Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 30 июня 2026 года № 250. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июля 2026 года № 39171

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.07.2026

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 945 "Об утверждении Правил организации системы оповещения гражданской защиты и оповещения населения, органов управления при чрезвычайных ситуациях в мирное и военное время" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10151) следующие изменения:

      в Правилах организации системы оповещения гражданской защиты и оповещения населения, органов управления при чрезвычайных ситуациях в мирное и военное время, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 2) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "2) территориальном уровне – система оповещения столицы, области, города республиканского значения с охватом территорий столицы, области, города республиканского значения;";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Система оповещения столицы, области, города республиканского значения обеспечивает доведение сигналов оповещения и информации до:

      1) населения столицы, области (части территории области), города республиканского значения либо до населения города областного значения, района в городе, города районного значения, населения района, сельского округа, поселка, села по распоряжению акима соответствующей административно-территориальной единицы;

      2) местных исполнительных органов и иных государственных органов;

      3) экстренных и аварийных служб;

      4) сил гражданской защиты на территории соответствующей административно-территориальной единицы.";

      пункт 18 изложить в следующей редакции:

      "18. В целях обеспечения надежности систем оповещения всех уровней, не реже одного раза в год осуществляется проверка готовности республиканской системы оповещения и не реже одного раза в квартал проверка готовности системы оповещения столицы, области, городов республиканского значения с подачей единого сигнала оповещения "Внимание всем!" и передачей населению информационных сообщений по средствам массовой информации, путем передачи текстовых сообщений по сетям операторов сотовой связи на мобильные телефоны населения, в том числе посредством технологии широковещательной передачи сообщений (далее – Cell Broadcast).";

      часть вторую пункта 19 изложить в следующей редакции:

      "Для осуществления технической проверки системы оповещения столицы, области, городов республиканского значения и проведения учений по гражданской защите, распоряжение на задействование системы оповещения территориального уровня отдает руководитель территориального органа уполномоченного органа.".

      2. Департаменту информатизации, цифровизации и связи Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 июля 2026 года и подлежит официальному опубликованию.

      исполняющий обязанности
Министра по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
К. Турсынбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство науки
и высшего образования
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда
и социальной защиты
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство искусственного интеллекта
и цифрового развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство транспорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство обороны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство культуры и информации
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство просвещения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности
и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство водных ресурсов и ирригации
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство иностранных дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство туризма и спорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии
и природных ресурсов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан