ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10151 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидаларында:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) аумақтық деңгейде - астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумақтарын қамти отырып, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың құлақтандыру жүйесі;";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың құлақтандыру жүйесі:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің өкімі бойынша астана, облыс (облыс аумағының бір бөлігі), республикалық маңызы бар қала халқына не аудан, облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ халқына;
2) жергілікті атқарушы органдарға және өзге де мемлекеттік органдарға;
3) шұғыл және авариялық қызметтерге;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы азаматтық қорғау күштеріне құлақтандыру сигналдарын және ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Барлық деңгейдегі құлақтандыру жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналын бере отырып және халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, халықтың ұялы телефондарына ұялы байланыс операторларының желілері арқылы мәтіндік хабарламаларды, оның ішінде хабарламаларды кең таратымды технологиясы (бұдан әрі – Cell Broadcast) арқылы ақпараттық хабарламалар бере отырып, жылына кемінде бір рет республикалық құлақтандыру жүйесінің әзірлігін және тоқсанына кемінде бір рет астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың құлақтандыру жүйесінің құлақтандыру жүйесінің әзірлігін тексеру жүзеге асырылады.";
19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың құлақтандыру жүйесінің техникалық тексеруді жүзеге асыру және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар өткізу кезінде аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесін іске қосуға өкімді уәкілетті органның аумақтық органының басшысы береді.".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы |
К. Турсынбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
Министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі